Жұма, 16 Мамыр 2025
Құйылсын көшің 6328 15 пікір 23 Қаңтар, 2020 сағат 14:27

Былтыр 17 мыңнан астам қандас көшіп келді

2019 жылы 17 661 этникалық қазақ немесе 9 993 отбасы тарихи отанына оралды және оралман мәртебесіне ие болды. Оралмандардың көпшілігі Қытайдан – 41,5% (7 326 адам), Өзбекстаннан – 40,1% (7 074 адам), Түркменстаннан – 6,5% (1 152 адам), Монғолиядан – 6,2% (1 095 адам), Ресейден – 1,8% (313 адам), 3,9% (701 адам) басқа елдерден келді.

Оралмандардың басым көпшілігі Алматы – 38%, Маңғыстау – 14% облыстарына, Шымкент – 7% және Нұр-Сұлтан – 6% қалаларына қоныстанды.

Келген оралмандардың жалпы санынан еңбекке жарамды жастағы адамдар 62,7%-ды (11 082 адам), еңбекке қабілетті жастағылар – 30,7%-ды (5 420 адам), зейнеткерлер – 6,6%-ды (1 159 адам) құрайды.

Еңбекке жарамды жастағы оралмандардың ішінен білім деңгейі бойынша 13,6% – ы жоғары білімді, 25,2%-ы – орта арнаулы білімді, 46,7%-ы – жалпы орта білімді, 14,5%-ның білімі жоқ.

2019 жылға ҚР Үкіметі 2 031 оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын бекітті, ол мынадай түрде бөлінді: Қостанай облысы бойынша – 815, Павлодар облысы бойынша – 550, Ақмола облысы бойынша – 306 адам, Шығыс Қазақстан облысы бойынша-250, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 110 адам.

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде субсидия беру түрінде қолдау көрсетілді: көшуге – отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК (84,2 мың теңге) біржолғы төлем; тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін 12 ай бойы отбасына 15-тен 30 АЕК (36,1-ден 72,2 мың теңге).

Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылдан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 313 256 отбасы немесе 1 057 280 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған болатын.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2665
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4344