Сенбі, 23 Қараша 2024
ШОЛУ 5188 24 пікір 24 Қаңтар, 2020 сағат 15:00

Үкімет отырысы. Премьердің есебі. Президенттің сенімі...

Бүгін Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Оған Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты. Әуелі Үкіметбасы Асқар Мамин, сосын Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, үшінші болып вице-премьер Бердібек Сапарбаев сөз алды. Асқар Мамин өзі премьерлік еткен 11 айлықты, өткен жылды қорытындылап есеп берді. Баяндама жасады.

Картинки по запросу "алтай көлгінов""

«Кереметтің» көкесін Көлгінов естіді

Үшінші болып сөз алған вице-премьер Бердібек Сапарбаевтан соң микрофон астана әкімі Алтай Көлгіновке тиді. «Кереметтің» көкесін де осы Көлгінов естіді. Президент Тоқаев Оның жұмысына оң баға беріп, барлығының көзінше мақтады.

Тоқаев: Елорда әкіміне қатысты айтатын болсам, оның жүргізіп жатқан белсенді жұмысын оң бағалаймын. Қала тұрғындарымен, оның ішінде мәселесі бар аудан тұрғындарымен кездесу жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Адамдармен кездесіп біздің саясатымызды, оның ішінде елорда тұрғындары атап өтетін мәселелер мен мүмкіндіктерді түсіндіріп жүрсіз.

Мемлекет басшысы күн тәртібіндегі тағы бір мәселе - астананы, оның ішінде қала шетін әлеуметтік, тұрғын-үй және көлік инфраструкрасымен қамтамасыз ету керегін айтты.

Тоқаев: Үнемі қаланы көріктендірумен айналысу керек. Бұған аудан әкімдерін де, сонымен қатар, орынбасарларыңыздың бірін де тартуыңыз керек. Керек мамандар жетпесе, алыңыз. Үкіметпен келісіп, бұл қызметке кімді тартуға болатынын ақылдасыңыз. Себебі кез келген қазақстандық болсын, шетелдік азамат болсын қаланың көркіне назар аударады. Әрине, ол климаттық жағдайға да байланысты екенін түсінемін. Бұл жерде оңай іс жоқ, үнемі қаланы абаттандырумен айналысу керек. Себебі астана - мемлекетіміздің айнасы.

Абай тойына бөлінетін шығынды қысқартуды тапсырды

Кезек ШҚО әкімі Даниял Ахметовке келді. Президент Абай тойына жұмсалатын қаржыны бақылауға алуды тапсырды. Тіпті, Абай тойына бөлінетін шығынды қысқарту керектігін айтты.

Тоқаев: Бұл шара – Ұлы тұлғаны ұлықтауға арналады. Сондықтан, көп кәнсерт өткізіп, шетелден әртіс шақырып әуре болмаңыздар. Тіпті, демеушілердің көмегімен болсын... Менше болса, нақты-нақты іс-шараларды өткізу керек. Іскерлік форматта өтуі тиіс. Сіз әкімдердің ішіндегі ең тіжірбиелі мамансыз. Абайдың 175 жылдығы аясында өтетін іс-шараларды бақылауға алуыңыз керек. Барлық іс-шаралар осы бағытта өтуі керек.

Картинки по запросу "даниал ахметов""

Президент Тоқаев Семейге арнайы статус беру туралы, онан соң Бұқтырма су қоймасына көпір салу жайын айтты.

Тоқаев: Менің шешіміммен Семейге «тарихи орталық» мәртебесі берілді. Бұл жай ғана атау емес. Біраз жұмыс жасау керек. Бұл тарихи орталықтың тұрғындары Үкімет назарында екенін сезінуі керек. Меніңше, бұл сіздің қолыңыздан келетін іс. Өткенде кездестік. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын талқыладық. Көрсеткіштер жаман емес. Бұқтырмаға көпір салатын болып келістік. Бұл әлеуметтік маңызы бар нысан. Бұл қарапайым халыққа ғана пайдалы емес. Сондай-ақ, қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сондықтан осы мәселемен айналысу керек.

Картинки по запросу "амандык баталов""

Тоқаев Баталовқа: Облысқа іс-сапармен барамын. Көреміз...

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы әкімі Амандық Баталовты жауапқа алды. Облысты газдандыру жайын сұрады. 30 пайыздық көрсеткіштің аз екенін ескертті. Өз кезегінде әкім Амандық Баталов биыл газдандыру жұмысын 56 пайызға жеткізетінін айтты. «Мен әуелі, бұл қызметке кірісерде көрсеткіш 9-11 пайыз ғана болған» деп сөйледі.

Тоқаев: Газдандыруға қатысты сұрақ туындап отыр. Мендегі дерек бойынша, 470 елді-мекеннің тек 30 пайызы газбен қамтылған екен. Не болды? Не мәселе?

Баталов: Үкіметтің қолдауымен, біз Алматыдан Талдықорғанға дейін 254 шақырым газ магистралының жұмысын аяқтадық. Сосын өз бюджетімізден қаржы бөліп, Текеліге дейін газ тарттық. Қазір Талдықорғаннан Үшаралға газ тартылып жатыр. Жол-жөнекей екі аудан қамтылады. Ал газ тартылуы керек елді-мекендер туралы айтар болсақ, биыл біз жалпы 1,4 миллион адамға газ жеткіземіз. Бұл облыс халқының 56 пайызы газбен қамтылады деген сөз.

Тоқаев: Биыл, екінші жартыжылдықта облысқа іс-сапармен барамын. Көреміз...

Картинки по запросу "ерболат досаев""

Былтыр инфляциядан «чемпион» болдық...

Тоқаев: Үкімет жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізді. Макроэкономикалық жағдай тұрақты. Әлемдік экономикадан қалып қойған жоқпыз. Жақсы жұмыс. Шағын бизнесті тексеруге мораторий енгізілген. Үкімет Президент тапсырмасын орындап жатыр деп айтуға болады. Десе де, экономкалық даму мәселесі әлі де өзекті. Өткен жылы біз инфлияциядан «чемпион» болдық... 2019 жылдың 11 айында ЖІӨ-ге шаққандағы несие портфелі 23 пайыздан 22 пайызға төмендеген.

Үкімет шешім қабылдай білуі керек

Тоқаев: Реформаларды іске асыру барысы баяу жүріп жатыр. Мойындау керек. Ел экономикасы үшін реформалардың бағдарламаларын әзірлеу маңызды. Бізге негізгі проблемаларды шешетін жаңа экономикалық бағам керек. Реформаларды жүзеге асыру үшін шешім қабылдай білу керек. Мен Үкіметті шешім қабылдауға шақырамын.

Сосын Үкімет мүшелерін, яғни министрлерді шешім қабылдай алмайтынын айтып,ескерту жасады.

Тоқаев: Қазіргідей Халықаралық бәсекелестік жағдайында бұлай жұмыс жасауға болмайды. Реформаларды жүзеге асыру керек. Президент те, Премьер-министр де бақылаушы болып, төбелерінен төніп тұруы міндетті емес. Сондықтан, мемлекеттік аппарат тиімді және жылдам жұмыс жасау керек.

Кредитті төлей алатын адамға беру керек

Тоқаев: Былтыр қиын жағдайға тап болған жырты миллионға жуық адамның қарызы жабылды. 1,2 миллионға жуық қазақстандықтың тұтынушылық несиелері бойынша өсімпұлдары мен айыппұлдары кешірілді.

Кредитті төлей алатын адамға беру керек. Бізде жеке тұлғаларға берілетін несие 6,7 триллион теңге болған. Ол ертең қайтарыла ма, жоқ па, тағы белгісіз...

Сондықтан банк жүйесін ретке келтіру керек. Мұны кейінгі қалдырмай, қазірден бастап қолға алу қажет. Ұлттық банк бір ретін табуы тиіс.

Қымбат көліктер, форум, семинарларға мораторий жариялауды ұсынды

Тоқаев: Қымбат көліктер мен жиһаздар алу, түрлі форумдар мен семинарлар өткізуге кететін шығындарға ұзақжылдық мораторий жариялауды ұсынамын. Іс-шаралар тәжірбиелік және идеологиялық тұрғыдан пайдалы болуы керек.

Демонополизация бойынша

Тоқаев: Үкімет нақты шараларды қабылдап, демонополизация бойынша нақты шараларды қабылдауы қажет. Әкімшіілк және экономикалық кедергілерді жойып, жаңа кәсіпкерлерге мүмкіндік жасау керек.

Картинки по запросу "роман скляр""

Тоқаев: Ұшақ апатынан зардап шеккендер өтемақы алмаған. Неге?

Президент Бек Эйр апатынан зардап шеккендердің әлі күнге өтемақы алмағанын, Үкімет пен әкімдіктер зардапшеккендерге көмек сөрсетуі керектігін айтты.

Тоқаев: Өкінішке орай, өткенде Бей Эйр ұшағы апатқа ұшырады. Маған сол апаттан зардап шеккендерден хаттар келіп жатыр. Олар өтемақы алмаған. Кейбірі ауруханада жатыр. Кейбірі еңбекке жарамсыз болып қалған. Бұған байланысты не істеліп жатыр?

Өз кезегінде вице-премьер Роман Скялр қаза тапқандардың отбасыларына 4 миллион теңгеден берілгенін айтқан.

Скляр: Жолаушылардың барлығы сақтандырылған. Жақын арада өтемақы беріледі. Қазір қажетті құжаттар дайындалып болды. Зардап шеккендер әртүрлі аймақтардың адамдары. Жалпы 52 адам. Оларға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті басқарушы органдар көмектеседі.

Тоқаев: Жылдамдату керек. Бұл мәселеге әкімдердің назарын аударамын. Үкәімет пен әкімдіктер көмектесуі керек. Бұл проблеманы тездетіп шешіңіздер!

Мемлекеттік холдингтер және триллиондар

Тоқаев: 2007-2018 жылдар аралығында мемлекеттік холдингтерге 7 триллион теңге бөлініпті. Бұл аз ақша емес. Демек, ел де жұмыстарының нәтижесін көруі керек. Есеп комитетінің мәліметінше, жүйелік проблемалар бар. «Бәйтерек» холдингі. Бұл – 68 ұйым. Оның 11-і еншілес ұйымдар. 2,8 мың қызметкер. «ҚазАгроның» 3 еншілес компаниясы бар. 2 мың қызметкер. «Бәтеректің» әкімшілік шығыны 54 миллиард теңгеден асқан. Оның 24 миллиарды жалақы екен.

Педагогтық кадрлар жетіспеушілігі туралы

Тоқаев: Диплом сатып, жоғары білімнің беделін түсіретін жекеменшік оқу орындарынан біржола құтылу керек. Бұл мәселені осы жылы шешуіміз қажет.

Картинки по запросу "армян номерлі көліктер""

Шетелдік номерлі көліктерге 1 жылғы уақыт беріледі

Мемлекет басшысы шетелдік номерлі көліктер мәселесін сөз етті. Құзырлы органдарға тапсырып, мәселені шешуге 1 ай уақыт берді.

Тоқаев: Қазір Қазақстанда ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктер проблемасы өзекті болып тұр. Олар дәл уағында тіркеуге алынбаған. Мысалы, біздің азаматтар Ресей мен Қырғызстаннан көлікті сенімхатпен сатып алып жатыр.

Ал Армениядан біздің елдің заңнамаларын бұза отырып, техпаспорт жасатып сатып алады. Ондай көліктердің дені есепке, тіркеуге алынбайды. Ондай көліктер өте көп.

Мәселені шешу үшін Үкіметке 1 ай уақыт беремін. 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап 1 реткі уақытша тіркеу жасап беру керек. Ол 2021 жылдың 1 наурызына дейін ғана жарамды болады. Ондай көліктер техникалық регламенттерге сай болуы керек. Азаматтар баж салығы мен тіркеу ақысын төлеуі тиіс. Уақытша тіркелген көліктерді сатуға немесе басқа адамға сенімхат арқылы беруге болмайды.

2021 жылдың 1 наурызына дейін көлік иелері кедендік салықты төлеп, тіркеуге тұрулары керек. Немесе, көлікті елден шығару, әйтпесе заң аясында жүзеге асыру керек.

Тоқаев: Көргендеріңіздей, мен бүгін сөгіс жарияламаймын. Кемшіліктер жоқ емес. Сөгіс жариялау – мәселенің шешудің тиімді тәсілі емес. Бұл менің принципім. Кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік беремін. Көктемте бұл мәселелерге қайта оралатын боламыз.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде бүгінгі Үкімет отырысынан кейін Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері отставкаға кетеді деген әңгіме тараған. Алайда, Президент бүгінгі Үкімет есебінен соң, Маминге әрі қарай жұмысын жалғастыруды және берілген тапсырмаларды орындау қажеттігін айтып, сенім білдірді.

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445