Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2051 0 пікір 14 Қыркүйек, 2011 сағат 07:54

Алматылық фирманың қызметкері өз жасаған ұрлығын әшкерелеген

АСТАНА, 14 қыр - Қазақстан жаңалықтары АА. Алматыдағы фирманың 30 миллион теңгесін иемденгісі келген қызметкер өз жасаған ұрлығын әшкерелеген, деп хабарлайды Қазақстанның ІІМ арнайы өкілі Нұрділдә Ораз.

«Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері үстіміздегі жылғы шілде айында 34 жастағы жергілікті тұрғынға жасалған қарақшылық шабуылды ашты. Қылмысты жәбірленушінің өзі ойластырып, жоспарлағаны анықталды», деп хабарлады Ораз сәрсенбі күнгі брифингте.

Фирмалардың бірінде жұмыс істеп жүрген ол, жетекшісінің тапсырмасы бойынша серіктесінен 30 миллион теңгені алып, белгілі бір мекен-жайға апару керек болған.

«Ол өзінің сыбайластарымен бірігіп қарақшылық шабуылды қолдан жасаған. Оның барысында фирма қызметкеріне дене жарақаты салынып, ақша қолды болған.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысушылар ұсталды. Олардың осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы тексерілуде», - деп аяқтаған сөзін Ораз.

www.newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2055
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4915
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113