Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2449 0 пікір 15 Қыркүйек, 2011 сағат 05:35

Серік Боқан. Сиқырлы сырға көмілген поэзия

Кiрпияз, рухты, мәйектi өнер - поэзия. Қастерлiлiгiнң басты бiр сипаты оқырман талғайтындығында. Ол жанның үзiлiп түскен бiр тамшысы.  Францияның әйгiлi суретшiсi Леонардо да Винчидың сиқырлы сырға көмiлген, құпиясы адамзатқа мәңгi жұмбақ күйiнде қалған тылсым суретi Моно Лиза сияқты дүние...

Поэзия заман ағысының өткелiне қарай өзгерiп отырады. Қазiрге дейiн қанаты талмай, солығы басылмай келе жатқан лиризм, классизм өз дәуiрiнiң ғажайып шығармаларын тудырды. Модернизм (жаңа ағым), футуризм (Бей мағұлым құбылысты түсiнiктi ету) ағымы болсын ұлттық әдебиетiмiздiң көзiне кіреуке түсiре алмайтындығына кәмiл сенуге болады. Өйткенi модернизм тәсiлi кез-келген оқиғаны, құбылысты, түп тамырымен қопара жазу арқылы көбіктей көлкіген он сөздiң орнына, мағыналы бiр сөздi қолданып, тарихи санадан тұратын түйсiкті көркемдiк көкжиегiне алып шығу. Мұнда тарихи санадан тұратын түйсiк негiзгi рөл атқарады. Сонымен бiз бұл жерде Абайдың «Өлең - сөздiң патшасы» деп анықтама берген, сұлулық пен көркемдiкке толы, ақыл-ойдың iнжу-маржаны аталмыш патшалыққа ат басын бұрайық.

Кiрпияз, рухты, мәйектi өнер - поэзия. Қастерлiлiгiнң басты бiр сипаты оқырман талғайтындығында. Ол жанның үзiлiп түскен бiр тамшысы.  Францияның әйгiлi суретшiсi Леонардо да Винчидың сиқырлы сырға көмiлген, құпиясы адамзатқа мәңгi жұмбақ күйiнде қалған тылсым суретi Моно Лиза сияқты дүние...

Поэзия заман ағысының өткелiне қарай өзгерiп отырады. Қазiрге дейiн қанаты талмай, солығы басылмай келе жатқан лиризм, классизм өз дәуiрiнiң ғажайып шығармаларын тудырды. Модернизм (жаңа ағым), футуризм (Бей мағұлым құбылысты түсiнiктi ету) ағымы болсын ұлттық әдебиетiмiздiң көзiне кіреуке түсiре алмайтындығына кәмiл сенуге болады. Өйткенi модернизм тәсiлi кез-келген оқиғаны, құбылысты, түп тамырымен қопара жазу арқылы көбіктей көлкіген он сөздiң орнына, мағыналы бiр сөздi қолданып, тарихи санадан тұратын түйсiкті көркемдiк көкжиегiне алып шығу. Мұнда тарихи санадан тұратын түйсiк негiзгi рөл атқарады. Сонымен бiз бұл жерде Абайдың «Өлең - сөздiң патшасы» деп анықтама берген, сұлулық пен көркемдiкке толы, ақыл-ойдың iнжу-маржаны аталмыш патшалыққа ат басын бұрайық.

Поэзия - көркемдiгi шексiз жұмбақ дүние. Алпыс екi тамырыңды балқытып, сүйегiңдi шымырлатып, сұлулық арқылы сананы жұлдыздандырып, айлы түнгi сәуiрдiң сәулесiмен жаныңды орап, жұпар самалымен тәнiңдi көтере жөнелетiнiн жан дүниесi тербелiстегi адам сезе алатын шығар. Тылсым күшке, сиқырлы сырға тұнған жарқылы кеңiстiк пен уақыт өлшемiндегi, болашаққа қарай тоқтаусыз алып ұшатын рух дүниесi. Адам баласының шексiз махаббаты, күйреп-құлдырауы, «түнектен ашылған есiк» арқылы бостандыққа шығуы, көру және ұмытуы мен  өмiрдiң алапат тығырығынан жермен-жексен болған адамның бiр ғұмыр бойғы аянышты өксiгi, қасiрет-зары, үмiт - сенiмiн көркемдiк көкжиегiнiң астарымен бейнелейтiн шексiз ғылым, сиқырлы өнер...

Сонымен жыр өлкесiнiң, көркемдiк көкжиегiнде еркiн жүзiп жүрген, бiр - бiрiнен мүлде бөлек, қазақ поэзиясына өз екпiн, өз бояуымен қосылған Ардақ Нұрғазы, Ықылас Ожай, Тоқтарәлi Таңжарық сынды үш ақынның өлеңiне талдау жасауды жөн көрдiм.

Ардақ өлеңдерi сиқырлы сырға көмiлген жұмбақ өлеңдер. Нағыз оқырман талғайтын  поэзия осы деуге болады. Негiзiнен бiр сыдырғы қара өлең ұйқас пен айпара ойға бой алдырған оқырман оның өлеңдерiн бiрден қабылдай алмауы мүмкiн. Менiңше, поэзияның қасиетi ағыл-тегiл жырлау емес, қайта қастерлi  бiр дүниенi аңғарту. Бұл жағынан Ардақ өлеңдерiнiң аспаны ашық. Оның «Ескерткiш» өлеңі былай өрiледi:

Көмiлдi көр,

асып қалды

бiр уыс топырақ,

Жаралған қою түннiң қабағынан

Үзiлiп.

 

Үнсiздiктi көтере алмай қанаты

Бiр тамшы жас

Топыраққа құлады,

Ағып түскен шырақтай.

 

Махаббат, Гүл, Тозаң, Жарық, Көлеңке  -

Едi ол

Қара түнде

Шықтай тұнған.

Ардақ Нұрғазы өзгеше ақын. Оның өлеңi ақ өлең яғни, ұйқассыз болғанымен, мағына жағынан дыбыс пен философияның бұзылмайтын үйлесiмi бар. «Ескерткiштен» өзгешелiктi сезiнемiз. Адам өмiрiнiң ақырласқан мұңлы көрiнiсi жатыр. Бiр уыс топырақтың  қабырдан асып  қалуы ақынның шеберлiгi. Азалы музыкадай талықсып жетiп жанымызды дiр еткiзедi. Үнсiздiк қасiретiн улы қорғасын жас көтере алмай құлауы саналы оқушыны өлең эстетикасына құлатпауы мүмкiн емес... Аяулы досының үмiтке толы жастық көктемi, үмiтi, өкiнiшi,  сөнуi бiр тамшы жастың шықтай тұнуынан көрiнiс табады. Баянсыз өмiрдiң шапқан аттай өте шығып, өлiм ақиқатына жұтылатындығын Музыканың алуан парағымен тартады. Бұл өлең шағын болғанмен орасан үлкен жүктi көтерiп тұр.  Басталғаннан адам жанының мұңлы симфониясын естiп жабыса тыңдап тұрғандай боламыз!

Исламның асқақ рухын жан - жүйесiмен сезiп, жүрегiне сiмiрген, түркiлiк екпiн мен қуатты ақиқаттан нәр алған, айтар ойдың салмағын әр сөздiң демiне паналатқан Ықылас Ожайдың  «Тарих» жыры өткеннiң қасiретiн былай сызады:

Бөкен жон, бөрте қыраттар астында

Шөптермен жабылған.

Ақ сөңке сүйектер сөйлейдi,

Не түйдiк аруақтар зарынан?!

Менiң тарихым - ап -ашшы, күп - күрең,

Себебi ол, анамның жасымен,

Атамның қанымен жазылған.

Қария қарттар сөйлейдi күңiренiп,

Қобыздың тiлiмен,

Бiр әуен талықсып жетедi құлаққа

Торғын жел үнiмен.

Қан бөккен адамның қайғысын сеземiн,

Жылқының жалы мен жусанның бүрiнен.

Қайран қабылан бабалар

Басының iшiнде күн жанған,

Шуағы жүзiнен байқалған.

Орхонның көк мәрмәр тасына кертiлiп,

Ерлiгi айтылған.

Түз жүрек, тау мiнез түркiнiң

Астында қара жер теңселiп,

Аузында көк аспан шайқалған.

Ой-хой, Орхонның жазуы,

Сен едiң расы -

Бабамның жәдiгер мұрасы.

Тамырымда күркiреп ағатын,

Қайда сол көк тастың көгiлдiр дұғасы?!

Көгiлдiр дұғамды

Кеудеме кiсiнетiп,

Боздадым зарлы үнмен,

Боздадым қазақы тағдырмен.

Сөйттiм де,

Жылқының исiндей бұрқырап,

Тұлпардың тостақтай көзiнде

Тұңғиық шер болып қалдым мен.

Өлеңнiң төпеп тұрған ағысынан, шыңғыртып айтқан шындығынан сезiп отырған боларсыз көркемдiгi сұлу, ерекше өлең. Қаны тамып тұрған нағыз ұлттық поэзия. Толқыған ағысы арнасына симай, бөгеттердi талқандап алға қарай жұлқынып,  бодандықтың көмейiне қорғасын құятын - бостандық жыры. Үш жүз жылдық орыстың отарлау саясатының құрбаны болған қазақ халқының  мұңы. Тiлiнен, дiнiнен айырыла бастаған қазақ үшiн «Орхонның көк тасындағы көгiлдiр дұғадан» басқа қандай сүйенiш бар! «Көк тасқа кертiлiп жазылған дұға» Орхонның жазуы болмай, жалпы мұсылманның жазуы ретiнде жырласа қалай болар едi? Онда айғайға тән даурықпа болып, өлең дара даусынан айырылар едi. Себебi көбiнесе, жалпылық сипат тым әсерлi болып кетпейтiндiктен, бұл жерде бiрден буынға түседi.

Тарихи санадан әсер алған  түйсiк, нүктеден таралған толқындай, эстетикаға дыбыс берiп, бүкiл қан тамырымызға  адам айтқысыз ұлттың қасiреттi сарынын жеткiзедi. Тұлпардың көзiндегi тұңғиық шер болып қалу,  ат үстiнде қан кешкен көшпендiлер үшiн таңғаларлық болмағанымен, керемет үйлесiм тауып жанды елiтедi. Бiр ұлттiң қасiретiн тұлпардың көзiне сыйғызу ақынның таланты мен шеберлiгiнен.

Тоқтарәлi Таңжарық  алдынғы екi ақынға да ұқсамайтын, сөз бен дыбыстың паралелизмі бар ақын. Оның сиқырлы сыр мен тәттi мұңының сарыны, баяу есiп тұратын «Гүл» атты өлеңi бар. Айсыз түнде, алты қырдың астынан талып жетiп, жабыққан жаныңды емдейтiн сырлы музыкадай сезiледi.

Түн.

Балауыз шамның әлсiз жарығы

Жалауын жел жыққан кемедей

Қиялымызды иенге сүйреген.

Ұмыта алмайтындығымыз бен

Ұмытуға болмайтындығын да елемей,

Санамызды мағынасыз әуендер билеген...

 

Әйтсе де бiр буда қызыл гүл

ұсынар едiм мен саған,

Бiрақ, сен таңырқамайсың

дала гүлiнiң исiне.

Иә, бiздiң сенiм -

Өзiмiз ойлағаннанда «сараң»,

Тiптi оны қуатта қалмаған түйсiнер.

 

Бiздiң бұл ауыр да азапты халiмiздi

ұғар кiм?

Сен ненi аңсайсың жаным,

Көзiңдi үн -түнсiз әйнекке қадап.

Бәлкiм, бiз бiр күнi

Ұмыта алмайтындығымыз бен

Ұмытуға болмайтындығы үшiн

егiлiп жылармыз...

Бiрақ ол кезде тым кеш болар!

Жасымыз көкiрегiмiзде  бүр жарған

Қауашақ гүлдiң жапырағына

аппақ қырау боп қонар...

Сосын...

Сосын, ол да  солар!

Үнсiздiктi баяу тербеген бұл өлең, үзiлмес мұңға толы қасiреттi музыка деугеде болады. Махаббат эстетикасын қоздандырып, түн мұнарына оранып жалғыздықтың қобызын баяу тартады... Қыз жанында тұрса да жат, тым алыс... Өлең сезiмнiң терең ирiмiн толқытатын жанның сырлы симфониясы.

Терезеден сыртқа телмiрген қатал сүйiктiсiнiң iшкi мұзын ерiте алмайтындығын сезген ол өлiм халiненде ауыр бiр күйдi бастан өткередi.

Әсерлi лиризiмге толы оның әр минуты жарылыспен өтедi. Сенiмiн құлатып, үмiтiн өшiрген уақыттың ақ көбiк толқынын да, көңiл терезесiнiң быт - шытын шығарған аруға кектенбейдi. Тереңдiкке ие ақынның нұрлы сезiмi, психикалық жақтан  мінездене бастайды. Түн парағына жазылмаған, қиял парағына қона алмай дiрдектеп жүрген өксiк пен азалы сезiмге толы бiр аяулы өлең балауыз шамның жарығында бiрге тербелiп тұрады...  Сол балауыз шамның әлсiз жарығымен иенге сiңiп, көрiнбей санамызда тек үзiлмес мұңның елесi қалады...

Ғашықтықтың тұтқынына айналған ақынның, алапат бұлқынысымен шарықтаған қайғылы қиялы, қысқа ғана уақыттың iшiнде бәрiн айтады. Поэзия да уақыттың iшiнде уақыт бар дегенге тағы бiр көз жеткiзгендей боламыз. Ең соңында өлi тыныштық орнайды. Мұңлы жасқа суарылып өскен гүл улы тiкенге айналады. Кезiндегi үмiт пен сезiмдi алаулатқан гүл - тағдырдың трагедиясынан тұратын гүлге айналады. Ақыры лапылдаған сезiм сөнiп, тасқа айналған уақыттың жыртылған күнпарағына айналатынын мойындайды.

Ендеше, каптализм кезеңiнiң қасiретiн жанымен сезген бұл ақындар өлеңдi қалай жазса да жоғары пайыммен жазуға тырысады. Адам жанының iшкi құпиясы  мен жұмбағын шертедi. Өрмекшiнiң торындай қиыстырып тоқиды. Әрине, шеберден мiн қалады, алайда, бұл өлеңдерден ешқандай ағаттық көрiп отырған жоқпыз.

Демек, әдебиеттiң бүгiнiнен ертеңi жарқы болмақ. Себебi, капитализм бiзге аз әрi саз жазуды үйреттi. Қастерлiлiктi бойына сiңiрген поэзияда  қызғалдақ гүлiндей мәңгi бүрлеп,  жасарып тұратын сұлулық бар. Барлығымыздың ғұмырымыз солай болғай!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5554