Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5513 30 пікір 28 Қаңтар, 2020 сағат 10:53

Біз 30 жылымызды өлтіріп алдық...

Осы кітапты оқу барысында басыма мың-миллион ой келді десем артық айтпағандық болар. Сол ойлармен қатар соншалықты заңды сұрақтар да туындап жатты. Сол сұрақтардың біразына өз білгенімше жауап тауып жаттым. Білмегендерімді білгендерден сұрап жаттым, бірақ ең негізгі деген сұрақтарға жауап бәрібір табылмады. Ал олардың бір шоғыры мыналар еді:

1) Әлемдегі қазба байлыққа толы бірегей мемлекет бола тұра неге осыншама тұралап қалдық?

2) 18 ақ миллион халықты неге аузы мұрнынан шыққан бай жасамасақ та, қарапайым бір пәтері бар, 10 сотық жері бар, көлігі армениялық емес жасай алмадық?

3) СССР дың фундаменталды білім жүйесін еншілеп қалған еліміз, тәуелсіздік жылдары қалай жаппай санасыздыққа, тоғышарлыққа, надандыққа ұрындық?

4) Ең қарапайым һәм ең қиын сұрақтың бірі: Мұнай 150$ болғанда бензин 75 теңге де, мұнай 50$ болғанда бензин неге 170₸?
Неге 30 жылдық тәуелсіздік ішінде ең болмаса бір МӨЗ
(мұнай өндіру зауыты) сала алмадық?

5) Кеңестік жүйі бас аяғы 20 жылдың ішінде 300 миллионға жуық елді толық сауатты қылып шығарса, біз 30 жылдың ішінде сауатты, жоғары білімді аз ғана өз ҚАЗАҒЫМЫЗДЫ қазақша сөйлете алмай, Ә.Бөкейханның 100 жыл бұрын көтерген қазақ тілінің жағдайын түзей алмадық?

6) Неге әр салада деңгейсіз, тіпті сауатсыз басшылар билік тізгінін алды? Неге өз ісінің шебер маманы тентіреп бос жүретін, ал ортаңқол маман жұмыспен қамтылатын жағдайға жеттік?

7) Және ең негізгі сұрағым, не деген мәдениеттен жұрдай ел болдық? Не діни, не әдеби, не адами мәдениет қалмаған жабайыларға қалай айналып шыға келдік?

Сұрақ тіпті көп. Бірақ осымен шектеле тұрайын. Осыларға мардымды жауап естісем де шүкір етер ем.

Менің бір түсінгенім, біздің елден Шоқандар, Әлихандар, Ахметтер, Дінмұхамедттер, Жұмабектер, Алтынбектер шықса шыққан шығар. Бірақ енді жақын арада шыға қояды дегенге сене алмаймын. Біздің Ли Куан Юіміздің түрі анау. Біздің Тэтчеріміздің түрі мынау... жылағым келеді.

Неге сенбейтінімді айта кетейін. 31-33 жылдардағы орасан зор шығынның зардабын енді көріп жатқанымыздай, 37 жылғы "қаймақтан" айырылу зардабы қазіргі тексіздікке ұласқаны секілді, 1990- 2010 жылдар арасындағы қиянаттың зардабы кейін шығады. Батпандап тұрып шығады әлі. Ол ғылым мен білім, әдебиет пен мәдениет, ар мен ождан тбб-лардың бәрінен көрініс табады.

50 жылда ел жаңаруы керек еді, ал жүз жылда қазан! Бірақ өкінішке орай біз 30 жылымызды өлтіріп алдық. Құй келіс, құй келіспе, ақиқат осы.

Астананың қар басқан көшесіне, қалай болса солай қойылған ауладағы көліктерге терезеден қарап тұрып елден безіп кеткім келді. Ақыры өз ісінің маманы еді, осыны жұмыссыз қалдырмайықшы деген адамды да қоғамды да көрмедім.

Нартай Сауданбекұлының әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407