Сенбі, 23 Қараша 2024
3197 2 пікір 28 Қаңтар, 2020 сағат 13:58

Елімізде уақытша тіркелген шетелдік көліктерге арнайы нөмірлер берілмек

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен, оның ішінде Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктер үшін жеке мемлекеттік нөмір қолданылатын болады. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.

Вице-министр бұл мәліметпен орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында бөлісті. Қожаев машина иелеріне не істеу керектігі туралы әрекеттер алгоритмін айтты.

- Қойылатын талаптар қарапайым, азаматтарға бұл машиналарды заңдастыруға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ утилизациялық төлем мен кедендік баж салығын төлеуге бір жыл мерзім беріледі. Ол автокөліктерге арнайы сериялы нөмірлер беріліп, тіркеу куәлігіне осы көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі қойылады.

Аталған көліктерге арнайы сериясы мен түрі бар мемлекеттік нөмірлер тағайындалады. Ал техпаспортына аталған көліктің тіркеу шарттары жөніндегі белгі енгізіледі. Ішкі істер министрлігі сары фондағы нөмірдің үлгісін шығарды. Аймақтық белгісі - 18. Одан бөлек, техпаспортта 2021 жылғы 1-наурызға дейінгі дата көрсетіледі. Егер сол уақытқа дейін төлем жүргізбесе, нөмірі заңсыз деп танылады. Демек, полиция барлық шектеу шараларын жүзеге асыратын болады, - деді Қожаев.

Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары тіркеуге қажетті құжаттарды атады.

«Уақытша тіркеу үшін келесідей құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмірлік белгілер, тіркеу жөніндегі куәлік, меншік құқығын дәлелдейтін құжаттар, сондай-ақ, алғашқы тіркеу жөніндегі түбіртек, мемлекеттік нөмірді әзірлеу мен техпаспортты әзірлеу жөніндегі баждар. Шарттары өте оңай. Азаматтардың автокөліктерін заңдастырып, утилизациялық алым мен кедендік баждарды бір жылға қалдырып төлеуге мүмкіндік туып отыр», - деп түсіндірді вице-министр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371