ТҮРКСОЙ мәдениет министрлерінің отырысы Астанада қыркүйекте өтеді
АСТАНА, 15 қыр - Қазақстан жаңалықтары АА. Астана қаласында 20-21 қыркүйекте ТҮРКСОЙ халықаралық бірлескен даму Ұйымының Мәдениет министрлерінің Тұрақты кеңесінің XXIX отырысы өтеді, деп хабарлады бейсенбіде Қазақстан Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу аясында суретшілер мен фотосуретшілердің көрмесі ашылады.
Ұйымның уақытша үйлестірушісі - ҚР Мәдениет министрі М.А. Құл-Мұхаммед.
ТҮРКСОЙ-дың негізі 1992 жылы көктемде Стамбул қаласында түркітілдес елдердің Мәдениет министрлерінің бірінші кездесуі кезінде қаланды. 1993 жылғы 12 шілдеде Алматы қаласында алты елдің арасында - Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркіменстан, Түрік Республикасы және Өзбекстан Республикасы «ТҮРКСОЙ құру және оның жұмыс істеу қағидаттары туралы шартқа» қол қойылды.
ТҮРКСОЙ түркітілдес елдердің арасында мәдениет пен өнер саласындағы мәдени байланыстарды дамытуға басшылықты жүзеге асырып, барлық мүшелеріне олардың саяси бағдарына қарамастан мәдени ынтымақтастық саласында олардың тең құқығын қамтамасыз етеді.

ТҮРКСОЙ шеңберінде түркітілдес мемлекеттердің мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен ірі халықаралық іс-шаралар өткізіліп тұрады (музыка және театр фестивальдері, бейнелеу және қолданбалы өнер көрмелері, конкурстар, елеулі даталарға арналған мерейтойлық салтанаттар, кітаптар мен күнтізбелер шығару).
www.newskaz.kz