Сенбі, 23 Қараша 2024
3479 5 пікір 29 Қаңтар, 2020 сағат 15:14

ҚазҰУ-да «Әбу Насыр әл-Фараби атындағы орталық» ашылды

Бүгін ресми түрде әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы басталды. Осыған орай, Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінде «Әбу Насыр әл-Фараби атындағы орталық» салтанатты түрде ашылды.

Жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов, БҰҰ және ЮНЕСКО, ИЫҰ, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Қонақтар ұлы ойшылға арналған мұражай экспозицияларымен танысты.

Келесі аптада «Әбу Насыр Әл-Фараби ізімен» халықаралық экспедиция басталады. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Ирак, Ливан, Сирия ғалымдары қатысады.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2019 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын табыс етті. Мемлекеттік стипендия Қазақстанның 75 әдебиет пен өнер қайраткерлеріне берілді.

Жыл сайын тағайындалатын мемлекеттік стипендия – мемлекеттің мәдениет пен өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға жасаған қолдауы мен қамқорлығының айғағы, сондай-ақ, олардың Қазақстанның мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан үлестеріне көрсетілген құрмет.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы стипендиясы Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Досанов, Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев және басқа да қазақ әдебиеті мен өнерінің майталмандарына табысталды.
Сонымен бірге, Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмоваға, актриса Айнұр Рахиповаға, балет әртісі Бақтияр Адамжанға, ақын Қанат Омаровқа, дәстүрлі музыка өнерінің орындаушысы Медығат Манаповқа, кино режиссері Фархат Шәріповке және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377