Ыстықкөл жағалауында ШЫҰ-ға мүше-елдер жастарының форумы өтеді
Алматы. 16 қырқүйек. ҚазТАГ - Қырқүйекте Қырғызстанда Ыстықкөл жағалауында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттері жастарының форумы өтеді, делінген ШЫҰ жастар кеңесінің ақпаратында.
«2011 жылдың 18-21 қырқүйегінде Шолпан-Атада, Ыстықкөл жағалауында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттері жастарының форумы өтеді. Бұл кең көлемді шараға кеңестің барлық ұлттық бөлімдері қатысады: Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай», - делінген жұма күні таратылған ақпаратта.
Форум бірқатар міндеттерді шешуге бағытталған, соның ішінде шараны ұйымдастырушылар ШЫҰ елдерінің жастары арасында мәдениетаралық диалог пен тәжірибе алмасуды аса маңызды мәселе санайды. Форумды ұйымдастырып отырған ШЫҰ жастар кеңесінің пікірінше, бұл шара ШЫҰ саясатының сабақтастығына және болашақта оның стратегиялық мақсаттарын орындауға ықпал етеді.
Форумға қатысушылар «жастар және сайлау», «ШЫҰ кеңістігіндегі нашақорлықпен күрестегі жастар» және «жастар еркін кәсіпкерлікте» сияқты маңызды тақырыптарды талқылайды.

«Форумның қорытындысы бойынша ШЫҰ жастар кеңесінің алдағы кезеңдегі қызметінің тұжырымдамасын жасап, стратегиялық мәселелерді талқылап, шетелдік әріптестерімізден тәжірибе мен қуат алудан үміттіміз», - дейді ресейлік делегацияның мүшесі, Ресейдің Жастар қоғамдық палатасының өкілі Галина Ратникова.
Форумның лауазымды қонақтарының арасында ҚР президенті Р. Отунбаева, Қырғызстанның Ыстықкөл облысының губернаторы Мирбек Асанакунов, ҚР үкіметінің мүшелері, ҚР жогорку кенешінің депутаттары бар.
Еске сала кетейік, форумды өткізу идеясы ШЫҰ-ның Х мерейтойлық саммитінде ұсынылды. Биылғы жылдың маусым айында Алматыда Қырғызстан президенті Р. Отунбаева ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің басшыларын 2011 жылы Ыстықкөлде жастар форумын өткізу идеясын қолдауға шақырды.