ОҚО-да Қарттардың үйіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті
АСТАНА, 16 қыр - Қазақстан жаңалықтары АА. Оңтүстік-Қазақстан облысы Төлеби ауданындағы қарттар тұратын үйді басып кіріп, қарттарды соққыға жығып 50 мың теңгесін алып кеткен күдіктілердің біреуі қолға түсті, деп хабарлайды жұйма күні ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Төлеби аудандық АІІБ-на 80-жастағы жергілікті тұрғын шағымданып, белгісіз бір екі адам терезені сындырып үйіне кіріп, өзін және әйелін ұрып-соғып ашықтан-ашық 50 мың теңгесін алып кеткен.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде, 26-жастағы жергілікті тұрғын күдіктіні қолға түсірген. Сот-дәрігерлік сараптау тағайындалған. ҚР ҚК 178 «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған», - делінген мекеменің хабарламасында.
Қолға түскен кісі қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
newskaz.kz