«Жемқорлық жайлы хабарлаған адам 10 миллион теңгеге дейін сыйақы алады»
үкіметте қабылданған жаңа ережеге сай жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар параның 10 пайызы мөлшерінде сыйақы ала алады. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.
«Енді сыйақы мөлшері ЭЫДҰ елдеріндегідей белгіленеді. Жемқорлық жайлы хабарлаған адам айыптау үкімі шыққан соң параның 10 пайызын ала алады» - деді ол. Шпекбаевтың айтуынша, бір факт бойынша максималды сыйақы 10 миллион 600 мың теңгені құрайды.
Abai.kz