Біртанов: Қытайда 10 мыңнан астам Қазақстан азаматы бар
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайда қазіргі уақытта 10 мыңнан астам қазақстандық азамат бар екенін айтты. Министрдің айтуынша, қазір Қазақстан үкіметі оларды чартерлік және жоспарлы рейстермен қайтаруды ұйымдастырып жатыр. Бұл туралы «Tengrinews.kz» сайты хабарлады.
«Қазір ҚХР-да көптеген азаматымыз бар. Қазақстан СІМ мәліметтері бойынша, 10 мыңнан астам адам. Сондықтан біз оларды әуе рейсімен қайтарамыз. Бұрын Қытайдан Қазақстанға билеттер алған қазақстандықтар, әрине, міндетті түрде қайтып келуі тиіс. Біз оларды ұшудан шектемейміз, олар қайтарылады.
Бұдан басқа, қажет болған жағдайда Қытайдың басқа өңірлерінен азаматтарды көшіру үшін Үкімет қазір чартерлік рейстердің көмегімен қайтару мәселесін пысықтаып жатыр.
ҚХР-дың басқа қалаларынан қазақстандық азаматтарды қайтаруға ешқандай шектеу жоқ. Сондықтан олар рейс ұшақтарымен де, чартерлік ұшақтармен де оралуы мүмкін. Осы аптаның соңына дейін біз ҚХР-дан қалған азаматтарды қайтарамыз», - деді Біртанов.
«Біздің азаматтарымыздың барлығымен байланыс бар. Біз олардың жағдайын бақылаймыз. Бүгінгі таңда қазақстандық азаматтар арасында ауырғандар жоқ. Оларды қалауы бойынша қайтарамыз, яғни барлығы қайтып оралғысы келмейді. Бұл жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр», - деді министр.
;feature=emb_titleAbai.kz