Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6610 6 пікір 4 Ақпан, 2020 сағат 12:49

"Ұлттық намыс" деген үкіметте болмай ма?

"Көршісіне тартқан" - дегенді қалжың ретінде құрдастар ғана көтеретін шығар, қазақ көтермейді. Ол намысқа тиеді. Керек десең "Нағашысына тартқан!" - дегенді ар санап, өз ата-бабасының жерде жатқан адам еместігін дәлелдеп шыға келеді.

Сол сияқты "Не болды саған, пәленшеге ұқсап?!"- деп көрші біреуге. Құлағың тұнып қалады жауапқа. Ол да намысқа тиетін сөз. Қазақ ешкімге ұқсағысы да келмейді. "Жағымпазданбай қойшы әрі" - десең, қолыңда өледі ол қазақ. Құдай берген келбетіне қарап "Түрің қытайға ұқсайды" немесе "Сап-сары, көзі көк, орыстан аумайды!" - деші. Баяғы қазақтың көк көзді болғанын, қысық көз болғанын дәлелдейтін пәшкі-пәшкі дәлелдің астында қаласың. Ол да ұлттық намыстың бір пұшпағы.

Ал, енді сол қазақ билікке араласып, үкіметке барғанда орыс ойлыланып, қытай қылықтанып қалатыны несі? Нағашысына тартқандығын ар санайтын бауырым Володиядан аумай қалғысы келетіні неліктен? Қазақ туысын тұқыртып, "Петропавл", "Павлодар", "Ұйғыр ауданы" - деген атауларды өзгертсек дегенді "Тыныш отырсаңшы! Араздық тудырмай, жайыңа жүр! Сен түгіл сол жерден шыққан бәленбай зиялы да айтқаныңа қосылмады. Тепе-теңдікті ұстау үшін ол керек" - деген мағынасыз жасырын түрпек жасайтыны несі? Неге соны ашық айтып жауап бере алмайды?

Кімнің тепе-теңдігін сақтаймын? Неғылған теңдік? Ата қонысыңның атын өзгерте алмаудың теңдігі қай жерінде?

Асқар Наймантайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371