Сенбі, 23 Қараша 2024
Пікір 5943 30 пікір 5 Ақпан, 2020 сағат 12:00

Помпеоны орыстың орта деңгейлі шенеунігі құрлы күте алмадық

Ақпан айының басында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға ресми сапармен келді. Біздің елге ғана емес, Беларусь, Украина және Өзбекстан елдерінде де болды. Сонымен қатар, Ташкентте Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрлерімен бірге С5+1 форматы аясында өткен кездесуге қатысты. 

Помпео сапары Қазақстан жұртшылығының назарын аударған маңызды оқиғалардың бірі болды. Хатшыны әуежайдан күтіп алудан бастап, жасалған түрлі мәлімдемелер қызу талқыға түсті.

Әлеуметтік желідегі көп жұрт Помпеоны күтіп алған шенділердің қарапайым қызметтік этиканы елемегенін сынға алса, кейбіреулері АҚШ хатшысының кейбір мәлімдемелеріне қол шапалақтады. Әсіресе, Қытайда қысым көріп жатқан қазақтар жайлы айтқандары көпке ұнағаны сөзсіз.

Бірақ әлемдік деңгейдегі саясаткердің Қазақстанға Қытай қысымы туралы айту үшін ғана келмегені сөзсіз. Бұл сапар - қандай сапар? Біздің ел үшін маңыздылығы қандай? АҚШ хатшысына қазақ билігі қырын қабақ танытып отырған жоқ па? Бұл сұрақтарды саясаттанушы Расул Жұмалыдан сұрадық.

Сапардың маңызы жайлы

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

Картинки по запросу "Расул Жұмалы""

- АҚШ-тың жоғары деңгейлі мансаптылары Қазақстанға көп келе бермейді. Бұл елдің мемлекеттік хатшылары тәуелсіздіктен бері төртінші рет келіп отыр. Соңғысы 2015 жылы Джон Керри Қазақстанға сапарлаған. Ал презиенттері ешқашан келген емес. Демек, бұл сапар біздің ел үшін маңызды деуге болады. Ал АҚШ Қазақстанға қызығушылық танытып немесе саяси маңыз беріп отыр деуге келмейді.

Оның үстіне Помпео арнайы Қазақстанға келіп отырған жоқ. Қайта тур деңгейде бір қатар ТМД елдерінде сапарда болды. Беларусь, Украина, Қазақстан және Өзбекстанға жолы түсті. Сондықтан, бұл сапарды асыра бағалаудың қажеті жоқ. Шын мәнінде Вашингтон Қазақстанға не болмаса Орта Азияға үлкен маңыз беріп отыр деп те айтуға келмес. Бұл өңір олардың сыртқы саясатта басымдық беретін нысандарының ішінде алғашқы ондыққа да енбейтін шығар.

Бірақ АҚШ-тың бұл аймаққа белгілі деңгейде маңыз беретіні рас. Бұнда Каспий теңізі өңіріндегі мәселе, энергетикалық қауіпсіздік мәселесі. Оның ішінде біздің аймақтың мұнай мен газ нарығындағы маңызы. Сонымен қатар қауіпсіздік мәселесі де басты назарда. Әсіресе Ауғанстан, діни экстремизммен байланысы бар мәселелер. Үшіншіден осы аймақтағы стратегиялық текетірес. Әсіресе, Еуразия аймағында Қытайдың ықпалы артып келе жатқаны Америкаға ұнай қоймайды.

Анығын айтқанда, 90 жылдардың соңы, 2000 жылдардың басымен салыстырғанда бұл өңірдегі АҚШ-тың ықпалы бірталай азайды. Бұрын бұл өңірге үш ірі мемлекет ықпал етіп келсе, соңғы 10-15 жылда бұл үлкен ойыннан америкалықтар шығып қалды. Америка бұл өңірден тым алыста жатыр, оның үстіне өздерінің де қызығушылығы төмен болды. АҚШ үшін дәл қазір Орта Азиядағы ықпалын күшейту маңызды. Осы аймақтың Ресейдің немесе Қытайдың жетегінде кетпеуін назарда ұстаудың маңызы жоғары.

Сондай-ақ, осы аймақта экономикалық реформаларын жасауға ниетті. АҚШ-тың экономикалық саясаты демократиялық принциптерді негізге алады. Сондықтан олар инвестицияларын жемқорлыққа бармайтын, кәсіпкерлікте жеңұшынан жалғасу болмайтын елдерге салғысы келеді. Қазақстан АҚШ-тан инвестиция тартуға ниетті. Ол үшін елде саяси реформалар жүзеге асып, елде ашық саясат жүргізілуі керек. Біздің ел үшін Помпео сапарының ең маңызды тұсы да осы. АҚШ-тың қызығушылы артқанын дұрыс пайдалана білсек, Ресей мен Қытай экономикасына тәуелді болмай, сыртқы саясатта таразы басын тең ұстауға мүмкіндік тудады.

Қытайдағы қандастар мәселесі

Бұл мәселені АҚШ өкілі өте төтесінен қойды. Негізі қисынға салсақ бұл мәселені сол Американың алдында, еуропалық елдердің алдында Қазақстан көтеруі керек еді. Өкініштісі, бұл іс керісінше орын алды. Өзге елдің адамы келіп, біз айтатын мәселені біздің өзімізге айтып кетті. Осының өзі Қазақтанның сыртқы саясаты Қытайға, Ресейге қаншалық тәуелді екенін жанамалай көрсетіп берді.

Әрине, көршілес мемлекеттермен достық қарым-қатынасты сақтау керек. Бірақ қарым-қатынас үшін өз мүддемізді құрбан ерте беруге болмайды. Шыңжаңдағы қандастарымыздың мәселесі болсын, экономикалық ұпайларымыз болсын ірі елдердің ырқына көне бермеген жөн.

Тағы айта кетерлігі, Америка өкілінің келуіне асыра баға беріп, одан аса үлкен үміт күтудің қажеті жоқ. "Америка біздің көмекшіміз болады, бізді  қолдайды, бізге болысады" деген ойда болмауымыз керек. Қазақстанды Ресейден немесе Қытайдан қорғау Американың басты мақсаты емес. Бұл тұрғыда Украинаны мысалға алуға болады. АҚШ Украинаны саяси тұрғыда қодағанымен, тәуелсіздік пен егенмендікті қолдау өз шаруаларың дегеннен таймай отыр...

Хатшыны қалай қарсы алдық?

Бұл көшеден келген жай адам емес, бір елдің ресми өкілі. Ал оны күтіп алушылар біздің елдің ресми өкілі. Сондықтар бәрі протокол бойынша болуы керек еді. Тәуелсіздікті енді ғана алған кез емес, қалыптасқан ел болғандықтан, бұл тұрғыда тәжірибеміз толық екені сөзсіз. Солай бола тұра сыртқы саясатқа жауапты қызметкерлердің әрекеті сәл ұяттау болды. Өте өкінішті жағдай, бұдан тиісті сабақ шығарады деп үміттенемін.

Екінші мәселе, хатшыны қарсы алып алушылардың деңгейі жайлы. Киім өз алдында, дипломатияда қонақты қарсы алушының лауазымы да өте маңызды. Әдетте сапарлап келген шетелдік қонақтың лауазымымен қарайлас қызметтегі адам күтіп алады. Бұның өзі сол сапарға мән беріп, лайықты құрмет танытып отырғанды білдіреді. Неге екені белгісіз осы қағида назарға алынбады. Әдетте Ресейдің орта деңгейлі шешеунігі келсе де жоғары дәрежеде қарсы алып алатын еді. Ал АҚШ-тың хатшысы, тіпті әлемдік деңгейдегі ірі саясаткер келгенде мындай қадамға барғаны түсініксіз жағдай. Бұны әдейі жасалып отыр деуге болады. Бұған бола өкпелеп қалатын АҚШ жоқ әрине. Бірақ өзіміздің сыртқы саясатта ресейшіл немесе қытайшыл емес екеніміз турасында ресми өкілдер түсініктеме бергені жөн шығар...

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373