Қоғамдық бірлестіктер дін істері жөніндегі агенттік төрағасының отставкасын талап етуде
АСТАНА, 20 қыр - Қазақстан жаңалықтары АА. Ведомствоның әзірлеген «Дін істері және діни бірлестіктер туралы» заң жобасына көңілдері томаған кейбір қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері дін істері жөніндегі мемлекеттік агенттік басшысының отставкасын талап етіп, парламентарилерді бұл заң жобасын қабылдамауға шақырады, деп хабарлады «Демократия және адам құқықтары институты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болатбек Біләлов.
«Біз бұл заң жобасын парламент қабылдамай, қайта өңдеуге жіберуін ұсынамыз, оны талқылауға қалың бұғара топтар қатыссын. Бұл біріншіден. Екіншіден, біз дін істері жөніндегі агенттік төрағасының отставкасын талап етеміз, өйткені ол бұндай ұсыныстарды, кең талқыға салмай парламентке енгізеді. Міне біздің парламент алдындағы нақты талаптарымыз осындай», - деді Біләлов сейсенбідегі баспасөз конференциясында.
Іс шараға «Ел бірлігі», «Қазақстан мұсылман жастарының конгресі», «Қазақстан жастары» және «Жастар бірлігі» қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері қатысты.
newskaz.kz