Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2332 0 пікір 9 Қыркүйек, 2011 сағат 17:24

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына сапар

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай  жолға шыққан үгіт-насихат пойызы тоғыз жолдың торабында орналас­қан шежірелі мекен Қандыағаш қаласына келді.

Қаланың темір жол вок­за­лында әдеттегідей Астанадан бастау алып, елорданың ыстық сәлемімен бірге жанашырлық ілтипатын ала келген пойызды қарсы алу салтанаты өтті. Оған «Нұр Отан» ХДП об­лыс­тық бөлімінің төрағасы, об­лыс­тық мәслихат хатшысы Бал­ғали Ордабаев, Мұғалжар ауданының әкімі,  партияның аудандық бөлімінің төрағасы Серік Шанғұтов пен арнайы пойыздың мүшелері қатысып, сөз сөйледі. Салтанатты шарадан кейін құрамында «Нұр Отан» ХДП Орталық аппа­раты­ның, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ден­саулық сақтау, Туризм және спорт министрліктері мен Ұлттық банктің қызмет­кер­лері бар керуен-пойыздың мүшелері өз салалары бой­ын­ша аудан тұрғындарының сұрақ­тарына жауап беріп, мәселелерін шешу үшін қабылдаулар  жүр­гізуді жалғастырды.

Мұғалжар ауданы 1997 жылы бұрынғы Октябрь және Мұғал­жар аудандарын біріктіру нәти­жесінде құрылған аудан. Оның жер көлемі 27,8 мың шаршы км., халқының саны - 67,4 мың адам. Ауданда 3 қала, 12 ауылдық округ бар. Қай жерде болса да  әрбір азаматтың жеке басының проблемалары, көптен бері шешілмей  жатқан мәс­е­ле­лері­нің болатыны жасырын емес. Сондықтан аудан тұр­ғындары Елба­сы­ның бастама­сы­мен жолға шыққан «Менің Қазақ­ста­ным» пойызын таң­ерт­ең ертемен темір жол вокзалында қар­сы алып,  өз­де­рін толған­ды­рып жүр­ген мәселе­ле­рін  шешу үшін аудан орталығында өткі­зіл­­ген барлық іс-ша­раға қатысты. Бұл кездесулерде азаматтарға зейнет­ақы­мен қамта­ма­сыз ету, әлеу­меттік көмек, әлеуметтік сақтан­ды­ру, заңдық және банктік қыз­мет көрсету мә­селелері бойынша  жауаптар берілді. Мәселен,  аудан­дық жұ­мыс­­пен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар бөлі­мінде зейнет­ақыны көтеру, соғыс және еңбек ардагерлері мен мүге­дек­терге көмек көрсетуге байла­нысты мә­се­лелер қаралды. Оның ішінде, зей­нет жасын азайту, зей­нет­ақы­сын көбейту, кезінде ден­саулығына байланысты зейнетке ерте шыққан азаматтарға жеңіл­дік­тер беру мәселесі көтерілді. Кездесуде Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің мамандары азаматтардың барлық өтініштерін қарап, оларға тиісті жауап берілетінін жеткізді. Осы жерде аудан тұрғындары ми­нис­тр­ліктің мамандарына өтініште­рін айтып қана қоймай, ауданда жұмыспен қамту, мүгедектердің мәселесін шешуде істелініп жат­қан жұмыстарға тоқталып, бала­лары мен немерелерінің жұмыс­сыз жүрмей, еңбекақысын алып, ел қатарлы азамат болып қалып­та­сып жатқандарын айтты. Соған ризашылықтарын білдірді.  Жұ­мыс­пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басты­ғы Айдынғали Шотовтың ай­туын­ша,  ауданда жұмысқа жа­рам­ды 37 000 адам болса, соның ішінде жұмыссыз жүргендері 109 адам. Бұл аудан бойынша 0,7 пай­ызға тең. Қазір осы аза­мат­тар­ды жұмыспен қамту үшін бар­лық мүмкіндіктер қарастыры­лу­да. Мүгедектерге 50 пайыз же­ңіл­дік беріліп отыр. Облыста 1,2,3 топтағы мүгедектерге ай сайын   3 000 теңге көлемінде көмек беріледі. Сонымен бірге облыс бюд­жетінен со­ғыс ардагерлеріне те­ңес­тірілген, олардың жесірлері мен ауған со­ғысы мен тыл ар­да­герлерінің коммунал­дық қызметі 50 пайыз же­ңіл­дікпен төленсе, соғыс а­рдагерлерінің комму­нал­дық қызмет ақысы 100 пайыз об­лыс бюджетінен төле­ніп келеді.

Осы күні «Нұр Отан» партиясының қабылдау бөлімінде аза­маттар кө­бі­не баспана мә­се­лесі бойынша өтініштерін айтса, аудандық ауруханада тұрғындар­ға дәрігерлік көмек көрсетілді.  Әді­лет министрлігі мен Ұлттық банктің қызметкерлерімен  кездесуде де азаматтар өздеріне тиесілі жауаптарын алды.

Осыдан кейін Қандыағашта Олимпияда чемпиондары Ермахан Ыбырайымов пен Юрий Мель­ниченко бапкерлермен және спорт­шылармен кездесіп, бала­лар­ға шеберлік кластарын көр­сетсе, аудандық мәдениет үйінде «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмі мен «Бәйтерек» деректі фильмі көрсетілді.

Кешке қарай іс-шара  мерекелік концертпен жалғасты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502