Алматыда «Ана тiлiм - ардағым» фестивалінде қазақ тілінен өткен конкурстардың жеңімпаздары марапатталады
Алматы. 21 қырқүйек. ҚазТАГ -Алматыда бейсенбі күні Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тiлiм - ардағым»фестивалінде мемлекеттік тілден өткен қалалық конкурстардың жеңімпаздары марапатталады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Фестиваль барысында Алматы әкімі Ахметжан Есімов «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары», «Мемлекеттік тіл - менің тілім», «Үздік аудармашы», «Қазақ тілінің үздік мұғалімі» қалалық конкурстарының жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етеді», - деп хабарлады сәрсенбі күні баспасөз қызметі.
Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, фестивальдың қатысушыларына қазақ тілін үйренуге арналған оқу-әдістемелік материалдар мен электрондық оқулықтар көрсетіліп, Алматы қаласының кітапханалар жүйесі мен этно-мәдени орталықтары ұйымдастырған көрме ұйымдастырылады. Сондай-ақ, фестиваль бағдарламасында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт жоспарланған.
Ақпаратқа сәйкес, бұл фестиваль мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша соңғы жылы жүргізілген жұмыстың қорытындысы болып табылады.
«Үстіміздегі жылы Алматыда түрлі шаралар, оқыту жүргізіліп, қажет өнімдер шығарылды. Алматының 19 этно-мәдени орталығында 28 топта 371 адам қазақ тілін үйреніп жатыр», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Алматыда тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасының тапсырмасымен аудиокітаптар шығарылып, «Алдар Көсенің қызықты оқиғалары» мультфильмі түсірілді.
«Аудиокітаптар қазақ тіліндегі оқулықтар мен көркем әдебиетке деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында шығарылды. «Алдар Көсе» мультфильмінің ерекшелігі -біріншіден, ол мемлекеттік тілді үйренуге бағытталған, екіншіден, анимацияны жасауға республикада алғаш рет 3-D графика мен заманауи техникалық құралдар пайдаланылды», - делінген ақпаратта.
Бұл өнімдер Алматыдағы мектептер мен балабашқаларға тегін таратылды. Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін салалар бойынша іс жүргізу үлгілерінің жинақтары жасалып, басып шығарылды, жыл сайын аудандық әкімдіктермен, этно-мәдени орталықтармен бірлесе отырып әдеби оқулар ұйымдастырылады.