Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2127 0 пікір 21 Қыркүйек, 2011 сағат 15:01

Құдай Ананың Курск-Коренная иконасы адамдарды біріктіреді – Берлин мен Германия және Ұлыбритания Арихиепископы Марк

Алматы. 21 қырқүйек. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Құдай Ананың Курск-Коренная «Знамение» иконасы адамдарды біріктіреді, дейді Берлин мен Германия және Ұлыбритания Арихиепископы Марк.

«Айналасына бәрін жинайтын, біріктіретін осы икона болмаса, православие дінін қабылдаған шетелдіктерді тартқан орыс эмиграциясы, ұзақ уақыт сақталмайтын еді. Бұл икона қоғамдарды жұмылдырады, біз Аустралиядағы, Солтүстік Америкадағы, Еуропадағы діндарлардың арасында айырмашылық барын байқамаймыз. Қазақстанда да осы сүйіспеншілікпен қабылдап отырғанына қуаныштымыз», - деді ол сәрсенбі күні брифингте.

«Бұл елдегі діндарларға осы қасиетті бейнеге тағзым ету мүмкіндігінің бар екеніне қуанамыз және осында да бұл икона халықтың басын қосып, адамдардың бір-бірін құрметтеп, құдайға сиынып өмір сүруне алып келеді деп сенеміз», - деді архиепископ.

«Бұл икона бір шіркеудің ғана емес, бүкіл православ әлемінің құндылығы, қуанышы», - деді Боржом және Бакуриан митрополиті Серафим.

Иконаның Қазақстандағы православиеліктер үшін маңыздылығын Астана және Қазақстан митрополиті Александр да атап өтті.

«Еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтіп жатқан тұста осы қасиетті бейне Қазақстанға келді. Ол мемлекетіміздің елордасы Астанада, кеше Қарағандыда болды. Ондаған мың адам Құдай Ананың ежелгі бейнесіне тағзым ете алды. Алматыда икона үш күн болады. Храм күндіз де, түнде де ашық, кез-келген адам шіркеуге келіп, қасиетті бейнеге тағзым етіп, еліміздің тыныштығы үшін, өзі, жақындары үшін дұға оқи алады», - деді ол.

Құдай Ананың Курск-Коренная «Знамение» иконасы Астанаға Нью-Йорктен жеткізілді, сейсенбі күні Қарағандыда болып, сол күні кешке Алматыға жеткізілді, ол Вознесенск кафедралды соборында 23 қырқүйекке дейін болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485