Зайлағи Кенжалиев. М. Шахановтың түпкі ойы Конституцияны өзгерту емес, оны мүлтіксіз орындау
М.Шаханов бастаған зиялы топ өкілдері «Конститутцияға қарсы әрекеттер тоқтатылсын» деген айдармен қазақ халқына, республиканы мекендейтін өзге ұлт өкілдеріне, ел Президентіне арналған мемлекеттегі тіл мәселесіне байланысты ашық хат жариялады.
Бұл ашық хат, әрине, - жан айқай, назар аудартпай қоймас шырыл, естір құлаққа естілмей қоймас шындық.
Бұл үндеу - қазақ зиялыларының шарасыздықтан ойлап тапқан соңғы әдіс-амалдары ғана. Үндеуді зерттеп-зерделеп оқыған адам оның сыртқы формасына /сипатына, нысанына/ емес, «орыс тіліне арналған Конституция нормасын алып тастайық» деген көзге ұрар ұранына емес, оның ішкі мәніне, түпкі мақсатына барлай қарағаны дұрыс. Сонда ғана қазақ зиялыларының шын мәнінде орыс тіліне, оның конституциялық мәртебесіне қарсы шықпайтынын, және бұл хатты дымдары құрығандықтан, «суға кеткен тал қармайдының» кебін киіп, ең соңғы шек, ең соңғы қару-құрал, ақырғы айла, әдіс-тәсіл есебінде амалсыз пайдаланғандарын ұғуға болады. «Біз әрқашанда республикамыздағы барлық этностар тілінің, олардың салт-санасының, рухани құндылықтарының салтанат құруын, өркен жаюын қалаймыз. Сол ықыласымыз, талабымыз ешқашан өзгеріске түскен емес» деген үндеу сөздері біздің жоғарыда айтылған ойымызға айқын дәлел.
М.Шаханов бастаған зиялы топ өкілдері «Конститутцияға қарсы әрекеттер тоқтатылсын» деген айдармен қазақ халқына, республиканы мекендейтін өзге ұлт өкілдеріне, ел Президентіне арналған мемлекеттегі тіл мәселесіне байланысты ашық хат жариялады.
Бұл ашық хат, әрине, - жан айқай, назар аудартпай қоймас шырыл, естір құлаққа естілмей қоймас шындық.
Бұл үндеу - қазақ зиялыларының шарасыздықтан ойлап тапқан соңғы әдіс-амалдары ғана. Үндеуді зерттеп-зерделеп оқыған адам оның сыртқы формасына /сипатына, нысанына/ емес, «орыс тіліне арналған Конституция нормасын алып тастайық» деген көзге ұрар ұранына емес, оның ішкі мәніне, түпкі мақсатына барлай қарағаны дұрыс. Сонда ғана қазақ зиялыларының шын мәнінде орыс тіліне, оның конституциялық мәртебесіне қарсы шықпайтынын, және бұл хатты дымдары құрығандықтан, «суға кеткен тал қармайдының» кебін киіп, ең соңғы шек, ең соңғы қару-құрал, ақырғы айла, әдіс-тәсіл есебінде амалсыз пайдаланғандарын ұғуға болады. «Біз әрқашанда республикамыздағы барлық этностар тілінің, олардың салт-санасының, рухани құндылықтарының салтанат құруын, өркен жаюын қалаймыз. Сол ықыласымыз, талабымыз ешқашан өзгеріске түскен емес» деген үндеу сөздері біздің жоғарыда айтылған ойымызға айқын дәлел.
Бұл хат - бүкіл қоғам, тұтас мемлекетке және «мемлекеттік» Қазақстан халқына берілген «sos» белгісі, мемлекеттік тіл қатыныастары саласында енді төзуге болмайтын келеңсіздіңктердің орын алғанын хабарлайтын «қызыл жалау».
Қазақ зиялыларының бұл хатын дұрыс түсінген абзал. Олардың басты және түпкі мақсаттары - Конституцияны өзгерту емес, керісінше - оны толық және тауыса орындау, оның тілге байланысты нормаларының «бұрмаланбай», жартылай орындалып, жартылай орындалмауына жол бермеу, сөйтіп, Конституцияның мемлекеттегі тіл қатынастарын реттеуге бағытталған қағидалары мен баптарының бүтіндей және мүлтіксіз іске асуын қаматамасыз ету.
Керек десеңіз, бұл хат авторлары орыс тілінің «конституциялық» шеңберде ғана қолданылуын сөйтіп, Конституцияның орыс тіліне байланысты осы бабының дәл де нақ орындалуын ғана талап етуде. Хат иелері Конституцияның «орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген бабына қарсы емес, керісінше, оны дәл осылай және осы бап талабынан бұлжымай орындалуын талап етіп отыр. Олар, қайта бүгінгі күні Конституцияның осы бабының бұзылып отырғанын, оның дұрыс іске аспай, бұрмаланып іске асып отырғанын, соның нәтижесінде орыс тілі өзінің конституциялық мәртебесіне сай орындалмай отырғанына назар аударуда. Бірақ өздерінің осы ойларын жеріне жеткізе, «шымбайға батыра» айту үшін олар осы ойды түбіне дейін «ушықтырып», тіптен одан да асыра сілтеп, оған әдейі «теріс өң беріп» бүркемелеп, «бұл тармақты алып тастау керек» деген жорта әрі «қармақ ұран» дәрежесіне дейін көтерген. Олар орыс тілінің конституциялық мәртебесіне емес, осы мәртебенің бұрмалануына және өрескел бұзылуына қарсы. Орыс тілінің Конституцияда көрсетілген шекте іске аспай, ол межеден «шығып» кетуі бүкіл мемлекеттік жүйенің дұрыс жұмыс істемеуіне, мемлекеттік тілдің «ақсауына», мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметкерлердің Конституция талабын орындамауына жол беруіне, соған сай «іштен» және «сырттан» келер арандатушылық іс-әрекеттердің «тіл» мәселесін «ұтымды» пайдаланып, оны «саудаға» салу арқылы ел бірлігіне сызат түсірер іріткілер деңгейіне дейін жетіп, өршеленіп кеткенін айтып, дабыл қағуда.
Хат иелері тіл мәселесіне және ондағы шешілмей жатқан түйткілдер мен түйіндерге бүкіл қоғам назарын тез және түгел аудару үшін өте тиімді әрі аса өткір әдіс ойлап тапқан. Ол әдіс - «Конституцияның орыс тіліне байланысты нормасын алып тастау» туралы талапты ойлап тауып, осы талапты өздерінің басты ұрандары ретінде әдейі және арнайы алға шығару. Бірақ, көзі қарақты ойлы оқырман хат иелерінің бұл талаптарының негізінен ел назарын елең еткізу үшін ойлап табылған, қазіргі заман талабына сай «пиар-қадам» екендігін тез аңғара алады.
Хат иелерінің тілге байланысты негізгі талаптары бұл емес. Олар өздерінің шын талаптарын алға шығармай, керісінше оны кері ысырып, оның орнына осы шын талаптың бұрмаланған, бүркемеленген, айқайға толы «ашулы» түрін - «рекламалық /жарнамалық/ талап» «жалт қаратар ұран - талап» түрін ойлап тауып, соны бүкіл қоғамға ұсынып отыр.
Мұхтар аға ұйымдастырған хаттың негізгі және шын талабы - Конституцияның мемлекеттік тілге де, ресми түрде қолданылуға тиісті тілге де байланысты нормалары сол нормада көрсетілгендей дәл және дұрыс орындалуы керек. Конституцияның тілге байланысты бабының аяқ асты болуына, оның бұрмаланып іске асуына жол бермеу керек.
М. Шаханов орыс тіліне қарсы емес, және орыс тілінің Конституцияда көрсетілгендей «ресми түрде» қолданылуына да қарсы емес. Керісінше, ол Конституцияның осы талабының дәл осылай орындалмауына қарсы. Ол «Конституцияның орыс тіліне байланысты сөзін алып тастайық» дегенді негізінен әдейі, жорта, ел назарын аудару үшін ғана айтып отырғандығы хат мәтінінен анық көрініп-ақ тұр. М. Шаханов орыс тілі «ресми түрде» ғана қолданылады деген Конституция талабы іс жүзінде орындалмай жатыр, осы талаптың орындалмауына жол бермейік және осы талаптың дұрыс орындалмау фактілерін «өмірден алып тастайық» дегенді ғана айтып отыр.
М. Шаханов «орыс тілі ресми түрде қолданылады» деген Конституция нормасының ең көрнекті, ең бірінші және ең батыл қорғаушысы. Себебі, осы талап бұрмаланбай, өз шегінен шықпай және аспай дәл осылай іске асқанда ғана қазақ тілі өзінің мемлекеттік тіл дәрежесіне шын мәнінде көтерілуге әрі осы мәртебені өз деңгейінде орындауына мүмкіндік алады. Орыс тілі «ресми түрде» ғана қазақ тілімен тең қолданылса, яғни, Конституция талаптары толық орындалса, онда ол өзінің қазіргі қазақ тілімен «заңсыз» тайталасу жағдайына бармас еді, «ресми тіл», «екінші мемлекеттік тіл» мәртебелігіне орынсыз таласпас еді. Мінеки, Мұхтар ағамыздың ағынан жарылып айтқысы келген шындығы - осы.
Мұндай түйінге келу себебіміз -хат авторлары Конституциядан оның 7 бабының 2-ші тармағын алып тастау Қазақстандағы тіл мәселесін толық шешеді деп отырған жоқ, олар осы тармақ тіл саласындағы бұрмалануларға жол ашты деп отыр. Олар 7 бабтың 2 тармағы «жұртты әлі шатастырып орыс тілі заңсыз мемлекеттік тіл рөлін атқарып келе жатырғанына» басты назар аударуда. Соған сай осы келеңсіздікті жойып, орыс тіліне байланысты осы тармақтың шатасусыз дұрыс түсінілуін және оның заңсыз мемлекеттік тіл рөлін атқаруына жол бермеуін ғана талап етуде. Хат иелері орыс тіліне байланысты конституциялық норманы алып тастағаннан қазақ тілінің мемлекеттік тіл есебіндегі мәртебесі жедел түзеле қояды деп отырған жоқ. Және мұндай шара мемлекеттік тілдің жағдайын жақсарту жолында атқарылған істің ең алғашқысы емес екендігін де олар жақсы түсінеді. Мұны ашық хат иелерінің орыс тіліне байланысты Конституция тармағын алып тастау талабын өз ұсыныстарында екінші кезекке қойғанынан байқауға болады. Қазіргі жағдайда Конституцияның орыс тіліне байланысты тармағын алып тастау мемлекеттік тіл мәселесін тез, оңай әрі дұрыс шешеді деуге ешкімнің аузы бармас. Және мұны ашық хат иелері де түсініп әрі мойындап тұрғандығын байқау қиын емес. Олардың «2012 жылдан бастап бірте-бірте (курсив менікі -К.З.) мемлекеттік органдарда тек мемлекеттік тіл пайдаланылып, іс-қағаздар қазақ тілінде жүргізілсін» -деген ұсыныстары, хат авторларының қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде өз деңгейіне көтеру кешенділікті, сабырлылықты, әзір тап басып айтылуы мүмкін емес ұзақты-қысқалы кезеңдері бар белгілі бір мерзімді талап ететінін түсінетіндіктерін айғақтайды.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл есебінде өз күйіне енуіне кедергі болып тұрған тоқауылдардың бірі - орыс тілінің «ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылуы» жәйлі конституциялық талаптың іске аспай бұрмалануы және өрескел бұзылуы. Бұл үшін әрине, Конституцияны да, оның осы нормасын да, орыс тілін де жазғырып кінәлауға болмайды. Кінәлі - осы норманың дәл осылай орындалуына керекті жағдайларды толық жасамай, оның Конституцияда белгіленген осы «қалыбынан» асып кетуіне қажетті тосқауылдарды қоймай жол берген, соның нәтижесінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерлуіне «жасанды» кедергілердің пайда болуына себепкер болған осы іске жауапты барлық мемлекеттік органдар, мемлекет қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар, азаматтар, одан қалды өзге де жауапты тараптар. Бірақ енді кінәліні іздемей, мемлекеттік тілге байланысты және орыс тіліне байланысты конституциялық талаптардың сол күйінде бұлжымай орындалуына бүкіл қоғамды, мемлекетті және азаматтарды жұмылдыру керек.
Менің ойымша, орыс тіліне «тиіспей-ақ» қазақ тілінің мәртебесін көтеруге болады, орыс тіліне қатысты Конститутция тармағын Ата заңнан алмай-ақ, және оның конститутциялық -құқықтық мәртебесңн өзгертпей-ақ қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін орнына келтіруге болады.
Керек десеңіз, мемлекеттік тілдің өз деңгейінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін орыс тіліне көмектесу керек, орыс тілінің Конститутцияда көрсетілген мәртебесінің өз деңгейінде және өз қалпында, бұрмаланбай орындалуына жәрдемдесуіміз керек, жағдай жасауымыз керек. Сонда ғана және осылай істеу арқылы ғана біз мемлекеттік тілдің бойына «қан жүгіртіп», оның қоғамдағы және мемлекеттегі өз қызметін толық әрі сенімді орындауына жол ашамыз.
Мұхатр ағамыз бастаған қазақ зиялыларының негізгі айтпақ ойы да осы, сондықтан олар жазған хатты да дәл осылай дұрыс түсінген бәріміз үшін де (хат авторларына да және оның оқырмандарына да)әділдік болары сөзсіз.
<!--pagebreak-->
Қорыта айтқанда М. Шаханов ағамыз бастаған зиялы топ өкілдерінің ашық хаттарын мына бағыттарда түсінген және қолданған абзал:
1. Зиялы топтың басты және негізгі талабы - Конституцияның тіл туралы қағидаларын және баптарын сол бапта көрсетілгендей етіп дәл және толық орындау. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл есебіндегі конституциялық-құқықтық мәртебесін ескеріп және оның осы мәртебеге іс жүзінде әлі жете ие бола алмай отырғандығын мойындап, конституция талабын алдағы уақытта толық орындауға қалай қол жеткізу керек деген мәселені жан-жақты талқылап, соның нәтижесінде ұсынылған шараларды мемлекеттік деңгейде заң ретінде бекітіп, іске асыру керек. /Мұндай шаралардың бір парасын зиялы топ өкілдері де ұсынған. Мен оларды жоғарыда айтылған ой-өреге сай қайта қарап, кейбір ұсыныстарды жаңалап, ал кейбірінің төменде жаңа нұсқаларын беруге тырыстым/.
2. Хат орыс тілінің Қазақстандағы жағдайын «әлсірету» үшін емес, керісінше, орыс тілінің Конституция талаптарына сәйкес орыс халқының ұлттық тілі есебіндегі өсіп-өркендеуін қаматамасыз ете отырып, сонымен бірге оның қазақ тілін мемлекеттік тіл есебінде қалпына келтіруге көмектесер жағдайда қызмет істеу мүмкіндіктерін ашуға, табуға және пайдалануға бағытталған. Сонда ғана орыс тілі «екінші мемлекеттік тіл» немесе «ресми тіл»деңгейі үшін қазақ тілімен заңсыз тай-таласқа түсуден арылып, өзінің конституцияда белгіленген мәртебесіне сай «қазақ тілімен ресми түрде тең қолданылатын» тілге айналады.
3. Хат иелерінің «орыс тіліне байланысты конституцияның 7 бабының 2 тармағы» алынып тасталсын деген ұсыныстарының бірнеше мағынасы бар екендігін ескерген жөн:
а/ бұл талапты авторлар, негізінен, ел назарын өздері көтеріп отырған тіл мәселелеріне аудару мақсатында қолдану үшін ойлап тапқан және пайдалануға тырысқан;
б/ бұл талап орыс тіліне не оның Конститутцияда белгіленген мәртебесіне қарсы талап емес;
в/ бұл талап конституцияның орыс тіліне байланысты нормасының дұрыс қолданылмай, бұрмалануына жол берген Республикадағы қазіргі тіл қатынастарындағы тәжірибесіне қарсы бағытталған және осы тәжірибенің реальды /нақты/ конституциялық-құқықтық өмірден іс-жүзінде «алынып тасталуын» және болашақта орын алмауын көздейді;
г/ хат иелерінің осы талабына негіз болған мәселелерді шешудің тиімді де «компромиссті» жолы бар. Ол - Конституция мәтініне өзгеріс енгізбей-ақ, яғни, Конституцияның орыс тіліне байланысты аталмыш тармағын Конституция мәтінінен алып тастамай-ақ және өзгертпей-ақ, оның дәл де нақты орындалуына жағдай жасау керек. Бұл мақсатта Конституциялық Кеңестің осы тармаққа берген «орыс тілі екінші мемлекеттік тіл бола алмайды» және «ресми тіл дегенді білдірмейді» деген түсіндірмесін басшылыққа ала отырып, және Конституциялық Кеңестің шешімімен не жаңа заң жүзінде осы түсіндірмені одан әрі нақтылап және тереңдетіп, соған байланысты мемлекеттік тіл жәйлі пәрменді нормалар қабылдап, оларды іс-жүзінде пайдалану керек. Бұл түсіндірме не заң нормасы орыс тілінің қазақ тілімен қатар «екінші мемлекеттік тіл» немесе «ресми тіл» есебінде қолданылуы тәжірибесіне іс жүзінде және нәтижелі тосқауыл қойып, тиым салатындай мағынада және күште болуы тиіс. Бұл заң нормасында орыс тілінің оның қазіргі конституциялық мәртебесіне сай /7 бап, 2 тармақ/ және дәл орындалуын талап етіп, орыс тілінің тек қазақ тілінің мемлекеттік тіл есебінде іс жүзінде орнығуы мақсатында ғана іске асатындығы бекітілуі тиіс. Конституциялық Кеңестің бұл түсіндірмесін дамытудың әзірге жалпылама мынандай жұмысшы вариантын /нұсқасын/ және жобасын ұсынуға болады: «Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» дегеніміз - орыс тілінің басты мақсаты мемлекеттік тілдің өз мәртебесін халықаралық талаптарға сай орындауын қаматамасыз ету деп тану. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл деңгейіне іс-жүзінде әлі көтеріле алмай отырғаны ескеріліп, орыс тілі қазақ тілінің тек өз конституциялық-құқықтық мәртебесін халықаралық талаптарға сай орындауына нақты жол ашар және көмектесер нысандарда және бағыттарда ғана қолданылуы тиіс.Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін іс жүзінде халықаралық талаптарға сай атқаруына ешбір кедергі және тосқауыл келтірмей, осы мақсатқа жол ашар, жағдай жасар және септігін тигізер нысандағы әрі деңгейдегі орыс тілінің қолданылуы -оның «ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылуының» басты көрсеткіші деп есептелсін. Орыс тілінің «екінші мемлекеттік тіл» немесе «ресми тіл» дәрежесінде заңсыз және орынсыз қызмет атқару тәжірибесінің бірте-бірте және «ауыртпалықсыз» шектелуіне керекті барлық шаралар қолданылсын».
4. Қазақ тілінің Республикадағы мемлекеттік тіл есебіндегі конституциялық-құқықтық мәртебесі іс жүзінде қалпына келтіріліп, оның халықаралық талаптарға сай мемлекеттік тіл деңгейіне іс жүзінде көтерілуі толық қаматамасыз етілсін. Осы мақсатты орындау бағытында керек іс-шаралардың кешенді және нақты жоспары жасалып, ол заң жүзінде не Президент жарлығы есебінде бекітілсін.
5. «Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген орыс тілінің конституциялық-құқықтық мәртебесі дәл және осы күйде бұрмаланбай орындалсын. Орыс тілін «екінші мемлекеттік тіл» немесе «ресми тіл» ретінде іске асыру тәжірибесіне жол берілмесін және осылай іске асырған және іске асыруға бағытталған барлық құқықтық нормалар, іс-шаралар, өзге де іс-әрекеттер «конституцияға қарсы» деп бағаланып, соған сай заң және іс жүзінде тоқтатылсын, және мұндай іс-әрекеттерге болашақта жол берілмесін, олардың алдын-алу, орын ала қалған жағдайда тез арылу жолдары қарастырылсын.
6. Барлық бюджеттік және мемлекеттік органдар және олардың қызметкерлері мемлекеттік тілдің халықаралық талаптарға сай қызмет етуін толық қаматамасыз етулері тиіс.
7. Мемлекеттік тілді қолдауға және дамытуға арнайы мемлекеттік қаржы бөлінсін. Орыс тілінің ресми түрде қолданылуына осы мақсатқа сай қаржы бөлінсін. Ағылшын тілінің Қазақстанда оқытулуына мемлекет бар мүмкіндікті жасайды, бірақ оны орта білім алу бағдарламасынан және талабынан тыс әрі артық мөлшерде қаржыландыруға мемлекеттік қаржы бөлінбейді. Оны қаржыландыру жеке қаржы көздерінен іске асады. Өзге тілдерді мемлекеттік тілден жоғары қою, артық санау және өзге тілдерді үйренуді материалдық тұрғыдан мемлекеттік тілге қарағанда бюджет есебінен артық қаржыландыру - Конституцияға қарсы іс есебінде саналып, оларға тиым салынсын.
Орыс тілі - ұлы тіл және өзге де ана тілдер секілді ұлы тілдердің бірі. Ұлтымыздың Абай бастаған рухани көсемдеріміздің бәрі дерлік өзге тілдерді, оның ішінде орыс тілін де құрметтеу және үйрену керек екендігін ұрпақтарына бекерден-бекер уағыздамаған.
Орыс тілі - біздің Құдай қосқан байырғы көршіміз және бауырлас халқымыз орыс халқының мемлекеттік тілі, дүниежүзілік алып державалардың бірі - Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі.
Орыс тілі - халықаралық қатынастар тілі және дүниежүзілік мемлекетаралық, «дүниежүзілік мемлекеттік тіл», ол - дүниежүзілік ұйымдардың ресми тілі, демек осындай дәрежеге іс жүзінде ие болған «әлемдік ресми тіл» болған орыс тілі өзге мемлекеттердің мемлекеттік не ресми тілі болуға мұқтаж емес және ондай болуға сұранбайды да. Ол өзге мелмекеттердің мемлекеттік не ресми тілі болуы үшін ол мемлекеттердің мемлекеттік тілдерімен тайталасқа түсу деңгейінен жоғары, «пиғылынан» ада. Сондықтан, орыс тілінің осы «әлемдік ресми тіл» және орыс мемлекетінің «мемлекеттік тілі» дәрежелерін ескермей, оны шовинистік немесе «тар әрі өзімшіл ұлтшылдық» ниеттегі ойлардың және іс-әрекеттердің «құралы» ретінде пайдалануға жол бермеуіміз керек.
Орыс тілінің өзге мемлекеттердің мемлекеттік тілдерінің аяққа тұрып кетуі үшін көмекке келер, жәрдем берер әлеуеті жоғары. Орыс тілін осы мақсатта көптеген ТМД мемлекеттері пайдалнуда және пайдаланып келеді. Айта кету керек ағылшын, неміс, француз, испан тілдерін де әлемнің көптеген жас мемлекеттері кезінде осы мақсатта пайдаланған, ал кейін өз мемлекеттік тілдері керекті деңгейде қызмет атқарып кеткесін олардың көмегі қажет болмай қалған.
Қазақстан мемлекетіндегі орыс тілінің де «қазақ тілімен тең ресми түрде қолданылуын» осы мағынада түсінген дұрыс. Орыс тілі қазақ тілінің мемлекеттік тіл есебінде аяққа тұрып кетуіне жәрдемдесу мақсатында және шеңберінде ғана «ресми түрде» қолданылады, онымен тайталасу не оның мемлекеттік тіл есебіндегі орынын тартып алу үшін емес. Конституцияның 7 бабының 2 тармағының шынайы кең түрдегі құқықтық-мемлекеттік және арнайы конституциялық-құқықтық мағынадағы мәні мен мазмұны осы.
«Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген Конституцияның 7 бабының 2 тармағы, орыс тілі - қазақ тіліне серіктес тіл, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болу жолында оған көмектесетін жанашыр тіл, қазақ тілінің осы мақсатын іске асыруда оған бауырлас және тіліектес тіл деген мағынаны білдіреді. Қазақ тіліне қарсы тіл, оған тайталас және бақталас тіл, мемлекеттік тіл дәрежесін онымен қатар алып жүру үшін, осындай құқықтық мәртебеге ие болу үшін қазақ тілімен жарысқа түсетін, мемлекеттік тіл қызмет жасайтын құқықтық-конституциялық аумақтан оны ысыруға тырысатын тіл емес. Мінеки, орыс тіліне байланысты Конституцияның 7 бабының 2 тармағының ішкі шынайы мәні, мағынасы және негізгі конституциялық-құқықтық мақсаты осы.
Сондықтан орыс тілінің қазіргі конституциялық-құқықтық мәртебесінің осы шынайы мәні және мақсаты мемлекеттік тілге байланысты қабылданар келесі заңда көрсетілуі керек, сөйтіп мемлекеттік тілге алдағы уақытта еркін тыныс алар, өз мәртебесін халықаралық стандарттар деңгейінде атқара алар, орыс тілімен арадағы «заңсыз» тай-таластықты қазақ тілінің пайдасына шешер құқықтық жағдай жасалуы керек. Мұндай заң қабылдау үшін жәнеКонституцияның мемелекеттік тілге және орыс тіліне байланысты қағидалары мен бабының біз көрсеткен шынайы мән-мағынасын ашып көрсетіп, бекіту үшін, және осы Конституция талабын іс-жүзінде орындау үшін ең керекті нәрсе - мемлекеттің ең жоғарғы билік органдарының, оның ішінде заң органдарының саяси жігері және кәсіптік-құқықтық өресі. Сонымен қатар мемлекеттік халық дәрежесіне не Қазақстан халқының өз егемендігін күшейте түсу жолындағы бірлігі, осы жолда кездесіп отырған кейбір кедергілерді /сонымен қатар тіл мәселесіндегі/ мойымай жеңе білер қажыр қайраты, сабырлығы мен шүкіршілігі, Қазақстан халқы азаматтарының іштей түсіністігі мен өзара көмекке келу құлшынысы.
Жалпы мемлекеттің басты мақсаты -мемлекет аймағында ортақ келісімге /заңға/ негізделген бейбіт өмір құру және оның тірегі болу болса, осы мақсатты іске асырудағы оның басты құралы - мемлекеттік тіл. Демек, мемлекеттік тіл - бейбіт өмір тілі, бейбіт өмірді заңдастыратын ортақ келісім /құқық және құқықтық тәртіп/ тілі деген сөз. Егер біз бейбіт өмірдің басты нысаны және тірегі болып табыластын егемен мемлекет құру туралы негізгі Заңымыз - Конституцияда мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ал оған әзірге серіктес, жәрдемші әрі көмекші тіл - «ресми түрде» қолданатын орыс тілі деп бекітсек, Ата заңның осы талабын осы күйінде орындауға міндеттіміз. Сонда ғана мемлекеттік тіл де, ресми түрде қолданатын тіл де «ұрыс тілі», «қақтығыс тілі» арам пиғылды жандардың «арандатушы, намысты қорлаушы, жауықтырушы» тілдеріне айналмай, өздерінің негізгі конституциялық-құқықтық мақсаттары мен міндеттері аясында және бағытында - «бейбіт өмір тілі», «ынтымақ тілі», «жасампаздық тілі», «егемендік пен тәуелсіздіктің тірегі тілі» болып қызмет істей алады.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл талаптарын халықаралық стандарттарға сай іс жүзінде орындар уақыт келген кезде орыс тілінің ресми түрде қолданылуы мүмкін керек болар, ал мүмкін керек болмас. Оны, әрине, болашақ көрсетеді. Бірақ осындай күн туғанның өзінде де орыс тілінің Ресейдің мемлекеттік тілі, халықаралық қатынастар тілі, халықаралық ресми тіл мәртебесін сақтап қала берері, тіптен осы мәртебесінің күшейе түсері де хақ. Ал, бүгінгі күні қазақ тілінің өз конститутциялық -құқықтық мәртебесін лайықты деңгейде орындауға әлі де болса күші жетпей жатқанда, оған орыс тілі тарапынан да, орысша сөйлеушілір тарапынан да түсіністікпен қарап, қол ұшын берер, жарамды жағдайды жасар шын серіктестік көңіл мен ықылас және қарапайым қамқорлық қажет-ақ.
Сөз соңында айтарымыз, әрине, адам үшін ең басты тіл - иман тілі. Бұл тіл бойына сіңбеген және бұл тілді игермеген адамның өз ана тілін де, өзге тілдерді де, оның ішінде көп тілді қоғамдарда келісілген және заң жүзінде бекітілген ортақ сөйлеу әрі жазу тілі болып келетін мемлекеттік тілді де қажетті деңгейде игеруі - неғайбыл.
Мемлекеттік тілді игеру деген сөз мемлекет азаматы болып өмір сүруді үйрену деген сөз, өзің өмір сүріп отырған мемлекетте және сол мемлекетті құрған халыққа «азаматпын» деп берген уәдеңді орындау деген сөз.
Ал, мемлекет азаматы болып өмір сүру - есті /вменяемый/ әрі құқық және әрекет қабілеттілігі толық орнаған /достигший полной право -и дееспособности/ адамның Алла алдындағы, мемлекет алдындағы және өзгелерге берген уәделерін орындау деңгейінде және шеңберінде өмір сүру деген сөз. Азамат болу - уәделі деңгейде уәдені бұзбай уәделі өмір сүру деген сөз.
Аллаға деген сенімің бойыңа сіңіп, иман тілін меңгерсең, онда Жаратқан алдындағы пенделік уәдеңді орындағаның, ал ана тіліңді меңгергенің - ата-ана, ұлтың, туған жер - Отаның, одан қалды өз отбасың, үрім-бұтағыңның алдындағы борышыңа берік болғаның. Мемлекет тілін меңгеруің - осы мемлекеттің азаматы болған кезде берген уәдеңді орындауың. Әрине, азаматтардың көбісі өздерінің осындай уәделері бар екендігін - мемлекет алдында, халық алдында, одан қалды осы мемлекетті /демек оның мемлекеттік тілін де мойындаған/, жалпы халықаралық қауымдастық алдында - анық біле де бермеуі мүмкін, білсе де толық мәніне бара бермейтіндігі және сондықтан орындауға құлықсыз келетіндігі айқын. Бірақ берген уәдеңді білмеу не ұмыту - оны орындаудан ешкімді азат етпейді. Сондықтан құрметті Қазақстан мемлекетінің азаматтары, уәденің аты уәде, уәдемізді орындайық.
Кенжалиев Зайлағи,
заң ғылымдарының докторы,
профессор
«Абай-ақпарат»