Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3126 0 пікір 22 Қыркүйек, 2011 сағат 05:26

Марат ОМАРОВ: «Митхунның баласы әніме «құда» түсті»

Марат ОМАРОВ,

ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші-композитор

«Сәрсенбінің сәтіне» назар салып жүретін оқырмандарымыздың бірі «Марат Омаров қайда жүр?» деп хат жолдапты. Көптен бері өзіміздің де ойда жүр еді, сонымен телефонының нөмірін тердік. Сәті түсе қалғанын қарасаңызшы, астаналық боп кеткен әнші Алматыға зәуімен бір келе қалған

екен. Сонымен кездестік, кездестік те сөйлестік.

- Бір кездері көгілдір экраннан түспейтін Марат мырзаның сахнадан көрінбеуіне не себеп? Астанаға «сіңіп», Алматыны мүлде ұмытқандайсыз?

- 1998 жылы «Арман қала - Астана» деген әнім шыққанда, Елбасы арнайы шақырды, Астанадан шаңырақ берілді. Сонда қоныстанғаныма биыл жеті жылдың жүзі бопты. Әрине, өз шығармашылығыммен шұғылданып, ән айтып қана жүре берем десем, маған осы Алматының өзі жетер еді. Өйткені 25-30 жылғы өмірім осы қалада өтті. Дегенмен, мен өзгеге ұқсамайтын жаңа дүниелер жасағым келді. Осы ойдың жетегінде жүргенде Астанаға көштім. Онда барғанда көптеген жоғары лауазымды жұмыстар ұсынылды. Бірақ шығармашылық адамы мәдениетке, өнерге еңбек сіңіруі керек қой. Сондықтан Астана қаласынан Халықаралық «Талант» өнер орталығын аштым.

Марат ОМАРОВ,

ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші-композитор

«Сәрсенбінің сәтіне» назар салып жүретін оқырмандарымыздың бірі «Марат Омаров қайда жүр?» деп хат жолдапты. Көптен бері өзіміздің де ойда жүр еді, сонымен телефонының нөмірін тердік. Сәті түсе қалғанын қарасаңызшы, астаналық боп кеткен әнші Алматыға зәуімен бір келе қалған

екен. Сонымен кездестік, кездестік те сөйлестік.

- Бір кездері көгілдір экраннан түспейтін Марат мырзаның сахнадан көрінбеуіне не себеп? Астанаға «сіңіп», Алматыны мүлде ұмытқандайсыз?

- 1998 жылы «Арман қала - Астана» деген әнім шыққанда, Елбасы арнайы шақырды, Астанадан шаңырақ берілді. Сонда қоныстанғаныма биыл жеті жылдың жүзі бопты. Әрине, өз шығармашылығыммен шұғылданып, ән айтып қана жүре берем десем, маған осы Алматының өзі жетер еді. Өйткені 25-30 жылғы өмірім осы қалада өтті. Дегенмен, мен өзгеге ұқсамайтын жаңа дүниелер жасағым келді. Осы ойдың жетегінде жүргенде Астанаға көштім. Онда барғанда көптеген жоғары лауазымды жұмыстар ұсынылды. Бірақ шығармашылық адамы мәдениетке, өнерге еңбек сіңіруі керек қой. Сондықтан Астана қаласынан Халықаралық «Талант» өнер орталығын аштым.

Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан» дегеніндей, өнердің дара да сара шаңырағының кірпішін қаладым. Балапандардың өнеріне қанат бітіруге күш салып жатырмын. Жақында Қазақстанның 20 жылдығына байланысты байқау өткізбекшіміз. Оған, 15 пен 30 жас аралығындағы барлық ұлттың өкілдерінің жастары қатыса алады. Байқау екі бөлімнен, яғни патриоттық және еркін тақырыпта болмақ. Жеңімпаздарды шетелге жібереміз.

- Үлкен орталық салу кез келген өнер адамының басына біте бермейтін бақ. Ендеше әріптестеріңізден оқ бойы озып, осындай шаңырақ салуыңызға не түрткі болды?

- Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданында Шолаққорған деген ауыл болатын. Сонда екінші сыныпта оқып жүргенімде, Шәмші ағамыз келді. Мен «Ана туралы жыр» әнін орындадым. Әнді орындап біткенде Шәмші аға маңдайымнан сүйіп: «Осындай шалғайда тұратын, ауылдан шығатын балалар үшін, шіркін-ай, өнер мектебі ашылса ғой» деді. Сол сөз санама қатты әсер еткен болуы керек. Оны кейін ұғындым ғой, әрине. Үмітім ақталды да! Бүгінде бес қабаттан тұратын орталығымызда 300 орындық залымыз бар. Балет, хореография, би өнері, ұлттық аспаптарға баулу бөлімдерінде жас таланттар дарынын ұштайды. Сондай-ақ өзіміз концерт береміз, дәмханамыз да бар. Жалпы, бұл кешенде адамға керек нәрсенің бәрі табылады.

- Бүгінгідей қымбатшылық заманда жеке адамға үлкен өнер шаңырағын салу оңай емес шығар. Жоғары жақтан демеушілік танытқандар болды ма?

- Мемлекеттен қаржы бөлінген жоқ. Құдайға шүкір, өз маңдай теріммен салдым. Жетпегеніне несие бар, одан қалды өнерге жанашыр жолдастар көмектесті дегендей...

- Орталықтарыңыздан ауыл балаларына орын табыла ма? Астана сияқты қымбат қалаға келу алыс шалғайдағы жеткіншектер үшін арман ғой. Айтыңызшы, өзіңіз айтқан Шәмші ағаның тілегін қаншалықты орындай алдыңыз?

- Менің басты мақсатым да - ауылдан шыққан талантты балаларды көпке таныту болатын. Ал нағыз таланттар, меніңше, ауылдан ғана шығады. Биыл еліміздің түкпір-түкпірінен оқушылар келді. Бірақ оларды мен қабылдағаныммен, жатар жай, интернат жоқ болса, олар қайда барады? Осы жағынан біраз кедергілер болып тұр. Әйтпесе бізге келем дегендерге есігіміз әрдайым ашық. Мәселен, осы орталықтан шыққан ең алғашқы қарлығашымыз Еркеш Хасенов Мәскеуде өткен «Минута слава» байқауында финалға шығып, үлкен абыроймен оралғанын білесіздер. Ол - ауылда әжесінің қолында өскен жетім бала. Яғни, доп ойнап жүрген жерінен байқауға қатыстырдым. Әнеки, жүлде әкелді. Енді оны Филипп Киркоров «Новая волнаға» шақырып жатыр.

- Байқау деген бізде де аз емес. Дегенмен, айтыңызшы, біздегі байқаулар қаншалықты әділ өтеді деп ойлайсыз?

- Әділетсіздік бар. Оны мойындаймын. Ал оның алдын қалай алуға болатынын білмеймін. Білетінім, әншілер байқауға барардың алдында ойлансын! Қатысу керек пе, жоқ па деп! Мәселен, мені де көптеген байқауларға шақырып жатады. Бірақ мен бармаймын. Өйткені үлкен конкурстарда кімнің әні өтетінін, кем жеңетінін алдын ала білемін. Ал ол ән кейін айтыла ма, айтылмай ма, ешкімнің онда жұмысы жоқ. Соны біле тұрып қалай барамын? Оның үстіне кейбір байқауларға мемлекеттен ақша бөлінеді. Бірақ ол қаражат ешкімнің қалтасынан шықпаған соң, әркім талан-таражға салады.

- Өнер адамдарының қай-қайсымен сөйлессеңіз де, «үкімет көмектеспейді», «қамқорлыққа зәруміз» деп жатады...

- Өз басым мемлекет қашан қаржы береді деп күткен жоқпын. Адам өмірге келген соң, тіршілігін істеу керек. Мазмұнды өмір сүру үшін, ол соған сай іс әрекет жасауы тиіс. Өйткені әрекет жасағанға - берекет бар. Бізге қазіргідей роботтың заманы керек емес. Әркім өзі үшін талпынуы керек, өрісін кеңейтуі керек. Нәтижесінде ел - ердің атын шығарады, ер - елдің атын шығарады.

Аллаға шүкір, бүгінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның Жастар одағының лауреатымын. Каирге барып «Сұлтан-Бейбарыс» әнімен бірнеше халықаралық конкурстарда лауреат атандым, басқа да марапаттарым жетерлік. «Анашым», «Әке арманы» атты әндеріммен Нұрлан Өнербаев ән өнеріне шарықтады деп ойлаймын. «Қыз сыны», «Алғашқы махаббат», «Әнші балапан», «Стамбул мен Алматы» сияқты әндерімді халық өз биігіне көтерді. Бүгінде Бүкіл әлемдік композиторлар ассоциясына мүше болдым. Мен бақытты адаммын. Маған Алла әуен берді, ән берді. Өнердің арқасында мен байып та жатырмын, шәкірттерім жетістікке жетіп те жатыр. Маған одан басқа не керек?

- Кезінде «Әнші балапан» атты әніңіз арқылы қаншама өнер тарландары сахнаға жолдама алды. Алматыдан филиал ашу ойыңызда бар ма?

- Әрине, ол да қаржыға келіп тіреледі. Қалталы азаматтардан көмек болса, неге филиал ашпасқа? Нұр үстіне нұр болар еді. Қазақстанның өркениетті ел қатарына енуіне болашақ шәкірттер үлес қосады. Ал біз балапандарды қолдауға әрқашан дайынбыз! Бізге әртүрлі елдерден бірігіп жұмыс істеуге, байқауларға шақыртулар түсіп жатыр. Соның ішінде Ялта, «Евровидение», «Түрковидение» бар. Лос-Анджелестен, Индиядан шақыртулар алдық.

- Алматыға жолыңыз түсіпті, не байқадыңыз? Әріптестеріңіздің жағдайы қалай екен?

- Байқағаным, Алматыдағы өнер адамдары әр нәрсеге бір ұрынады екен. Біресе ана жерде, енді бірде мына жерде жүреді. Көзқарастары жалтақ. Белгілі бір ұстаным да жоқ сияқты. Ал жеңіл-желпі дүниеден үлкен нәтиже шығады деп ойламаймын. Меніңше, нағыз өнер адамында дарынымен қоса өзіндік көзқарас, азаматтық, партиоттық сезім болу керек. Мәселен, маған «Аға, әнді былай айту қиын екен, былайша айта салайыншы» дейтіндерге, айтпасаң - айтпа, рахмет, бірақ өзгертпеймін деймін. Сондықтан да менің әндерім басқалардікіне ұқсамайды! Бүгінде бір-бірінен, болмаса Шәмші ағадан ән ұрлайтындар көбейіп жатыр. Халық әндеріне «ұқсап туған» әндер қаншама! Сондай-ақ шетелдік әндерді қазақшаға аударып айтып жүргендерден аяқ алып жүре алмайсың.

Ал жастарға қалай болғанда да, дұрыс бағыт беретін ұстаз керек. Болашақта композиторлар конкурсын өткізсем бе деген ойым бар. Өйткені бізге өзіндік үні бар композиторлар керек. Әйтпесе, артымыздағы жастар тақылдақ пен тоқылдақты естіп, еуропаланып кетуі әбден мүмкін.

- Бүгінде ән авторын анықтаудың өзі қиынға түскенін әнге таласқан әріптестеріңізге қарап, біліп жатырмыз. Ендеше осындай кикілжіңдердің алдын алу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

- Бір-бірінен ән ұрлады деген сөздің шығып жатқаны, әрине, ұят нәрсе. Мұның себебі 90-жылдардағыдай көркемдік кеңес жоқ. Сол кезде әндерімізге тоғыз жерден сүзгі жасалатын. Оған Қазақконцерт, Мәдениет министрлігі, Композиторлар одағы, радиолардағы көркемдік кеңес ұжымдары атсалысты. Олар туындыларды тексеріп, сұрыптап барып қол қоюы керек. Ал содан соң сіз теледидарға жіберуге мүмкіндік аласыз. Бүгін соның бірі бар ма? Әрине, жоқ. Ендеше бір-бірінен ұрлау, көшіру көбеймегенде қайтеді!?

- Кейбір әндердің халық әндеріне ұқсауы заңдылық дегенді де естіп жүрміз. Бірақ бұл ешкімге ұқсамайтын әндер жазу мүмкін емес дегенді білдірмейтін шығар?

- Менің әндерім ешкімге ұқсамайды! Ешкімнен көшірмеймін. Өйткені маған Алла береді. Мен сізге айтайын, Қазақстан Композиторлар одағы - композиторларды екіге бөледі. Бірі - асфальттық, екіншісі - топырақтың композиторлар. Ал мен солардың екіншісіне жатамын.

Кейбір әріптестерім сүйсіне, бәлкім, қызғана: «Марат, сен бір ән шығарсаң болды, неге халық айтып кетеді» дейді. Сонда мен «Сен де шығарасың. Ол үшін ауыл жаққа барып қайт. Шаңына аунап, самаурыннан шай іш. Саф ауасын жұтып, табиғатпен сырлас» деймін. Бүгінгі әндердің жұтаңдығы, жалаңаштығы, тез жатталып, тез ұмытылатыны - табиғатпен тілдесе алмауда жатыр!

- Ерінбегеннің бәрі ән жазатын заман туды. Бұл қазақ әуенінің бағасын түсіреді деп ойламайсыз ба?

- Жігітке жеті өнер де аз деген ғой, жастар іздене берсін. Ішімдікке, нашақорлыққа елтігенше, өнер танысын, білсін. Жақсыдан үйренсін де, жаманнан жиренсін. Ән де жазсын! Тек қана плагиат болмасын! Егер өзгеше стиль тапса, халық оны таниды. Ал егер Еуропадан естіп алып, ұлттық нақышы жоқ ән шығарса, ол қашан да арзанқол дүние болып шығады. Өйткені Майкл Джексонды қазақшаға аударып айтсаң да, ешкімді таңдандыра алмайсың ғой. Бұл да сол сияқты.

- Еліміз тәуелсіздік алғанына 20 жыл болды. Осы уақыт ішінде ұлтымыз неден ұтып, неден ұтылды?

- Қазақ елі найзаның ұшымен, білектің күшімен бекер қан төкпеген екен. Бабалар арманының орындалғанына куәміз. Өсіп келеміз, өркендеп келеміз. Кең даламыз анау, байлығымыз жетеді. Бірақ ауызбіршілігіміз жоқ...

- Қара халықтың түрлі әділетсіздіктерге тап келуі сол ауызбіршіліктің жоқтығынан дейсіз бе?

- Ол жағын білмедім. Жалпы, Астанада мен ондай нәрселерді байқамадым.

- Сіз жүрген Астанада бәрі жақсы шығар. Дегенмен, Маңғыстаудағы ереуілдерге, шәкіртіңіз Еркеш Хасеновтың туған өңірі Ақтөбедегі жағдайларға алаңдамайсыз ба?

- Саясатпен байланысқым келмейді. Қазір уақытымның денін жастарды тәрбиелеуге арнаймын. Оның үстіне 20 жылдыққа орай үлкен бағдарламаға дайындық үстіндемін. Біздің мақсатымыз әуенімізбен, әнімізбен көк жалауымызды желбірету жолында жұмыс істеу. Әрине, мен де ел ертеңінің жарқын болуына, тыныштығымыздың баяндылығына үлес қосқым келеді. Концерт қоюға ұсыныс жасап жатса, неге бармаймыз? Барамыз. Оған мүмкіндігіміз де бар. Түптеп келгенде, менің құрған өнер шаңырағымның өзі осы қайырымдылық пен мейірімділікке ұштасып жатыр. Жетімдер үйімен, қарттар үйімен тығыз байланыстамыз.

- Айтпақшы, сіздің «Алғашқы махаббат» дейтін әніңізге үнділіктер құда түсіпті дегенді естіп едік...

- Иә, иә, Митхун Чакрабортидің баласы «Алғашқы махаббат» атты әніме құда түскен. Бірақ кішкене қаржылай дағдарыс болып тоқтаңқырап тұрған жайы бар. Әйтпесе жоспар дайын. Ал қазір Марк Дакаскас орталыққа келіп, кино түсіруді қолға алып жатырмыз.

- Өнер әлемінде біраз танымал болған қызыңыз Зарина Омарова тұрмысқа шыққалы бері сахнадан көрінбей кетті. Осы кеткені - кеткен бе сонда?

- Зарина бүгінде жолдасымен үлкен шаңырақ ретінде қалыптасуда. Кейде «Халық күтіп қалды, сахнаға қашан шығасың?» деп те қоямын. Бірақ Зарина қатты балажан екен. Бүгінде дүниеге екінші перзентін әкелейін деп отыр. Әрине, бәрі бір Алланың қолындағы дүние ғой. Егер маған салса, өз перзентімді неге демеп, қолпаштамасқа? Заринаның дауысы ешкімнен кем емес. Ешкімге ұқсамайтын өз ырғағы бар. Тыңдарманы қалыптасқандықтан, әлі күнге дейін оны іздеп жатады. Бір қуанатыным, халық сұрап жатыр. Ал халық сұрағаннан кейін сен талантты өшірмеуің керек.

Әңгімелескен -

Ардақ Иманбекқызы,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT»31 (114) от 21 қыркүйек 2011 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454