Сейсенбі, 8 Қазан 2024
2736 0 пікір 19 Ақпан, 2020 сағат 11:46

Amazon қожайыны климаттың өзгеруімен күреске 10 миллиард доллар жұмсайды

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос климаттың өзгеруіне қарсы күресу үшін Bezos Earth Fun экологиялық қоры құрылғанын жариялады.

Ол қорға 10 миллиард доллар салады. Бұл туралы Безос Инстаграмда хабарлады. "Жер — біздің ортақ мекеніміз, оны бірге қорғайық", - деп жазды ол.

Гранттар ғалымдарға, белсенділерге, үкіметтік емес ұйымдарға бөлінеді. Безостың айтуынша, ол "табиғатты сақтап қалуға көмектесетін кез-келген әрекетті қолдауға дайын".

Forbes мәліметі бойынша, Джефф Безос әлемдегі ең бай адам. Оның 130 миллиард доллары бар. Осыдан екі жыл бұрын ол екі миллиард долларды үйсіздерді қолдау мен білім беру бағдарламасын дамытуға бөлген.

Abai.kz

0 пікір