Бұл – Путиннің соғысы емес, бұл – Ресейдің соғысы!
Гарри Каспаров:
– Ешқандай диктатор тек әскери-саяси элитаның ғана емес, халықтың да едәуір қолдауына сүйенбейінше, мұндай ауқымдағы соғысты жүргізе алмас еді.
Біз тек Путиннің соғысымен бетпе-бет келіп отырған жоқпыз. Бұл – Путиннің соғысы емес, бұл – Ресейдің соғысы. Қаншалықты ауыр тисе де айту керек: Путинге қолдау бар. Тіпті ресейлік қоғамның басым бөлігі бұл соғысты өздерінің дүниетанымына сай келеді деп санайды. Бұған қоса, соғыс бұған дейін мұндай мүмкіндіктен қағылып келген көптеген халыққа белгілі бір экономикалық және әлеуметтік пайда әкеліп отыр.
Егер сіз бүгін Ресей аумағында жүрсеңіз, онда тура немесе жанама түрде осы басқыншылық қылмыстық соғысқа қатысып жатырсыз деген сөз. Әрине, ол жақта түрлі адамдар бар. Соғысқа мүлдем қатысы жоқ жандар да бар, бірақ олардың үлесі өте аз.
Шын мәнінде, бүкіл Ресей экономикасы соғысқа бағытталған. Содан барып, соғысқа қарсы, парасатты деген адамның өзі де осы үдеріске араласып кетуге мәжбүр. Өйткені адамға өмір сүру, күн көру, ақша табу керек. Сондықтан оның тікелей немесе жанама түрде соғыс индустриясымен байланысты болу ықтималдығы өте жоғары.
«Радио Свобода-ға» берген сұхбатынан үзінді.
Abai.kz