Болат Бақауов үй қамаққа алынды
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үй қамаққа алынды.
Өткен айда (17 қаңтар күні), Павлодардың мамандандырылған тергеу соты күдікті ретінде ұсталған облыс әкімі Болат Бақауовты 2 айға қамау туралы шешім қабылдаған еді.
Сот процессі кезінде прокурор облыс әкімі Болат Бақауовтың ҚР Қылмыстық кодексінің 362 бабы, 4 тармағы, 3 бөлігі бойынша, яғни, «өзінің жеке бас пайдасы немесе басқа жеке тұлғаның, ұйымның пайдасы үшін қызметтік мансабын немесе билік құзыретін пайдалану» бойынша күдікті деп танылғанын айтты.
Заңда бұл бап бойынша, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, дүние мүлкін тәркілеу, өмір бойы белгілі бір қызметке тағайындалу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру жазасы көзделген.
Ал бүгін экс-әкімге қатысты қамауға алу туралы бұлтарпас шара үй қамауына алу болып өзгертілгені белгілі болды.
Тақырыпқа тұздық: Болат Бақауов не үшін қамалды?
Abai.kz