Сенбі, 12 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3500 0 пікір 23 Қыркүйек, 2011 сағат 11:09

Орман мен дала өрттері қатаң бақылауда

Аймақтың бірнеше аумағында орын алған қолайсыз жағдайды, яғни Ұлан ауданы мен Риддер қаласы маңындағы өрт оқиғаларын  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатаң қадағалауында ұстап отыр. Аймақ басшысы тікұшақпен осы аудандардағы ірі өрт ошақтарындағы жағдайды өз көзімен көріп қайтты.

Қазіргі уақытта облыстық төтенше жағдайлар департаментінің гарнизоны күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаруда. Өңірдегі өрттерді сөндіруге тек жауынгерлер ғана емес, офицерлер құрамы да жұмылдырылуда. Бұған себеп те жоқ емес. Соңғы уақытта өңірде өрт оқиғалары тым көбейіп кеткен. Әсіресе дала өрті. Мәселен, жыл басынан бері 22000 гектар ауданды қамтыған 42 дала өрті тіркелген. Мамандар бұл көрсеткіштің әлі де өсетіндігін алға тартып отыр. Бүгінде өрт сөндіру қызметі тілсіз жаудың жақын маңдағы елді мекендерге таралмауы үшін барларын салуда. Өрттің шығу себептерінің 90 пайызы адамдардың немқұрайлығынан туындап отыр.

Қазіргі уақытта Риддердегі жағдай бақылауда тұр. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Әуеден жағдайды МИ-8 тікұшағы бақылауда.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1801
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4605
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3626