Қару-жарақ ұрламақшы болғандар ұсталды
![](https://abai.kz/content/uploads/2020/02/470.jpeg)
Қару-жарақ ұрламақшы болған Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлайды ҰҚК.
Заңсыз айналымнан 3 "Калашников" автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден аcа патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды7
-Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған. Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды, - делінген комитеттің сайтында.
27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айыруға сотталды.
Abai.kz