Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2340 0 пікір 26 Қыркүйек, 2011 сағат 07:28

Қазақстан мен Қытай парламентаралық ынтымақтастықты күшейтеді

Астана. 26қырқүйек. ҚазТАГ - Қазақстан мен Қытай парламентаралық ынтымақтастықты күшейтеді.

«Бүгін, Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік жоғары деңгейге жеткен кезде, парламенттік диалогтың ролі де ерекше маңызды... Біз ынтымақтастық топтарының арасындағы, депутаттардың арасындағы байланыстарды, апараттық деңгейдегі және салалық комитеттердің деңгейіндегі байланыстарды жандандыра түсіп, жүйелі етуді уағдаластық», - деді сенат спикері Қайрат Мәми дүйсенбі күні Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысының (ЖХӨЖ) тұрақты комитетінің төрағасы У Бангомен келіссөздерден кейінгі брифингте.

Ол парламентаралық диалог елдердің арасындағы достықты нығайту мен өзара тиімді мүдделерді ілгерілету үшін маңызды көпір бола алатынын атап өтті. Ол екі елдің арасындағы тауар айналымы өсіп келе жатқанын, 2015 жылы екі мемлекет оны $40 млрд-қа жеткізуді көздеп отырғанын атап көрсетті.

Өз кезегінде Қазақстанға ресми сапармен келген У. БангоҚазақстанды Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады.

«Келіссөз барысында тараптар екіжақты қатынастарға қанағаттанатындарын білдірді... Біз Қазақстанмен қарым-қатынастардың дамуы біздің сыртқы саясатымыздың басымдықты бағыттарының бірі екені тағы айтамыз. Біз Қазақстанның дамуы мен қайта өрлеуін қолдаймыз», - деді ол.

Қ. Мәмидің айтуынша, сейсенбі күні У Банго мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387