Жұма, 22 Қараша 2024
Әлеумет 12384 24 пікір 26 Ақпан, 2020 сағат 12:19

Бүгінгі қазақ баласына қандай есім қойып жүр?

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғаннан кейін көлікпен жүреміз. Жұмыс бабымен кетіп бара жатып, жол-жөнекей жолдың бойында, қол көтеріп тұрған қарындасты ала кеттім. Амандық саулықтан соң, атын сұрадым. Атым Иннесса демесі бар ма? Қазақ ұлтына жат, испан аттарына ұқсайды десем, итальяндардың аты дейді, мағынасын өзі де білмейді. Қазақ есімдерінің сипаты шамадан тыс еліктеушілікке салынғандығы бағымыз ба? сорымыз ба?

Осылай соңғы жылдары қазақ есімдерінің бүгінгі сипаты түрленіп, қазақы қасиетінен алаңсыз айырылып, тіпті жұрнағыда қалмаған десем артық  айтқандық емес. Еруліге қарулы бар екенін ескерсек, ұлттық сананың қалыптасуына кедергі келтіріп жатқан, сол баяғы құлдық санадан айырылмау мен қатар шамадан тыс еліктеушілік етек алған. 

Жаңа туған сәбиге ат қоюды біздің ата-бабаларымыз ұлт болмысымен қатар барлық этномәдени, әлеуметтік сипатын басшылыққа ала отырып, кеңесіп барып шешім қабылдаған. Отбасылық дәстүрде шақалаққа ат қою рәсімінде атасы мен енесі, немесе әулеттің үлкені ие болған. Ата мен ененің көзі тірі болса ұл мен келіннің балаға атты өзіміз қоямыз деуі патшалық Ресей 1880-1900 жылдарға дейін болмаған. Жаңа түскен келін күйеуінің туыстарын өз атымен атамай, жанама аттармен атауы бүгінде, Қазақстанның Оңтүстік пен Батыс өңірлерде сақталған.

Тіл мен сөздің құдіреті күшіне сенгендіктен, әдетте қарғыстан, асыра мақтаудан қорыққан. Соның нәтижесінде, сәби көп шетінеген кезде Жаманбала, Жаманқұл, Итаяқ, Күшікбай, Жылқыайдар т.б  «көз тимесін», «балам аман болсын» деген ырымнан туған болуы керек. КСРО кезінде Мэлс, Мәдениет, Октябрь, Ноябрь, Сайлау, Кеңес, Сьезд, Влксм, Жеңіс, Майдан деген адамдар өмір сүрді. Бүгінде сырттан енген араб пен парсы есімдерін қойылуы бәсеңдер емес. Мысалы Абдрахман, Әнуар, Али, Омар, Лейла, Зарина, Сабина, Әмина т.б. 

Жуырда 60 мектеп-лицейінде 2 сыныбында оқитын Жансая қызымның  сынып суретін көрсетті. Алғашында олардың астына жазып қойған есімдеріне мән бермедім. Мұқият оқып қарасам, 18 қыз бала 10 ер бала барлығы 28 бала екен. Қыз балалардың аттары Жасмина, Анель, Жанель, Изаура, Айлин, Елизавета, Екатерина, Диана, Тияра, Луйза, Айнара, Сарбиноз, Эльонора, ұлдардың есімдері Нұрислам, Нұрсила, Нұрбол қаптаған «Нұр» тіркесі, одан қала берді бөтен есімдер Герман, Артем деген сияқты. 

Елдің ертеңі болатын ұрпағымызға өз ұлтымызға тән, ұлттық бояуы қанық қазақы есімдер қойғанымыз жөн. Тілі бай, сөздік қоры мол, қазақ тілінде балаға абыройы асқақ, мерейі үстем болар ат қоймау елдігімізге сын. Бүгін ұрпақ не қабылдаса, ертең соның нәтижесін көрсететіндігі заңдылық. Сондықтан «біреудің қаңсығы бізге таңсық» болмауы үшін, өзге ұшпаққа шығарса да, өз ұлтына қадірсіз болғандардан оңған ешкім жоқ тарихта. Өз ұлтынан жырақтатудың зардабы ауыр екендігін ескергеніміз абзал. Қазақы есімдердің сәні мен салтанатын келістіріп қойғанда ғана, атына заты сай азамат өсіп шығады деп ойлаймын, ағайын.

Жұмамұрат Шәмші

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5261