Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2447 0 пікір 26 Қыркүйек, 2011 сағат 07:28

Варенко өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Алматы. 26 қырқүйек. ҚазТАГ - «БТА банк» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Николай Варенко өзінің шетелге қашып кеткені және өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты қуаттаған жоқ.

«Маған қатысты қолданылған бас бостандығымды шектеу шарасы жоқ. Менен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған жоқ, мені қамауға алған жоқ, түрмеге отырғызған жоқ. Бұл - біріншіден. Маған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын білмеймін. Ақырғы сұрақтарыңызды прокуратураға қойыңыздар», делі Н. Варенко дүйсенбі күні ҚазТАГ-қа.

Банкир «БАҚ сұраным жіберген уақытта шетелде іссапармен жүргенін» айтты.

«Іссапарларға келетін болсақ, менің жұмысым - «БТА банктің» шетелде жатқан активтерін қайтару. Мен шетелге іссапармен жиі және ұзақ уақытқа барамын. Өткен аптадағы іссапарым да әдеттен тыс емес, қалыпты жағдай», - деді ол.

«Біреулерге қызықты болса, мен дүйсенбі күні Киевте, сейсенбі-сәрсенбі күндері Лондонда, бейсенбі-жұмада Мәскеуде болдым», - деді Н. Варенко.

«Мен туралы жалған ақпараттың пайда болуы біздің оппонентеріміздің сенімділіктерінен айырылып, осындай шараларға барып отырғанын көрсетеді», - деп есептейді ол.

«Мұндай ақпараттық компаниялар керісінше, біздің дұрыс бағытты таңдағанымызды, жұмысымызды күшейту керектігін дәлелдейді», - деді Н.Варенко агенттікке.

Мұның алдында бірқатар БАҚ «БТА банк» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Н. Варенкоға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын, ол шетелге қашып кеткенін хабарлаған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394