Жұма, 22 Қараша 2024
2831 1 пікір 26 Ақпан, 2020 сағат 12:27

Министр Елжан Біртанов: Жапониядан келген ұшақ жолаушыларынан кешірім сұраймыз

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 24 ақпанда Жапониядан Нұр - Сұлтанға ұшып келген жолаушылардан кешірім сұрады. Бұл жөнінде ол бүгін үкімет отырысынан шыққан соң журналистер сұрағына жауабында айтты.

Біртановтың сөзінше, SCAT компаниясының Токиодан Нұр-Сұлтанға ұшатын ұшағында Diamond Princess лайнерінде карантинде болған төрт жолаушы барын министрлік басқа жолаушыларға "ескертіп үлгермеген".

- Ұшақта болған өзге жолаушылардан кешірім сұраймыз. Жолаушыларды ұшаққа отырғызу туралы шешім қабылданғанда, ескертуге уақыт болмады,- деді ол.

Біртанов Жапония жағалауында карантинде тұрған Diamond Princess лайнерінде болған Қазақстанның төрт азаматының қолында "денсаулығы жақсы" деген медициналық анықтамасы болғанын, сондықтан Жапония тарабы олардың ұшаққа отыруына кедергі жасамағанын айтты.

"Төрт адамға тағы үш түрлі тест жасалады. Бұл жайлы қосымша мәлімет береміз" деді министр.

24 ақпан түнде Жапониядан Нұр-Сұлтанға келген әуе рейсінде 20 адам болған. Төртеуі Diamond Princess лайнерінде болғандар, 8-і экипаж мүшесі, 8-і өзге жолаушы. Министрдің сөзінше, барлығы карантинге жатқызылған.

20 қаңтарда Жапонияның Йокогама портынан теңізге саяхатқа шығып, ақпанның басында коронавирусқа байланысты портқа оралған, 3700 жолаушысы бар Diamond Princess кемесі ақпанның 19-ына дейін карантинде тұрған. Кемеде 350-ден астам адамның короновирус жұқтырғаны анықталған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303