ЖАСТАРДЫ «ИМПЕРИЯЛЫҚ РУХТА» ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК
Қазақ баласы түркі рухынан нәр алуға күш салып, елімізге «Күлтегін» секілді тарихи ескерткіштін келуіне қомақты еңбек еткен түркітанушы ғалым, әлемдік Шыңғыс хан Академиясының академигі, ф.ғ.д., профессор Қаржайбай Сартқожаұлының Моңғол Халық Республикасындағы Ұлы Құрылтайында (Парламентінде) депутат болған кезде қазақ ұлты көп қоныстанған Баян Өлкейде қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алуға күш салып, қазақ тілі моңғол тілімен қатар «мемлекет тіл» болып заңды түрде бекітуге ат салысқан ерліктерін жие естуші едік. Содан университет қабырғасына түріктанушы Қаржаубай келді дегеннен аптығып, асығып, жүздесуге асықтық.
Әліпбиді реформалау төңірегінде дау бірнеше жылға созылып келе жатыр. Жалпы Сіз латын графикасына ауыстыруға қалай қарайсыз?
Мен өз басым құптаймын, қолдаймын.
Кейбір ғалымдар мен зиялылар ұлт ұзақ жылдар бойы сауатсыз болып қалады. Бабалар рухынан ажырап қаламыз деген ойды алға тартуда...
Қазақ баласы түркі рухынан нәр алуға күш салып, елімізге «Күлтегін» секілді тарихи ескерткіштін келуіне қомақты еңбек еткен түркітанушы ғалым, әлемдік Шыңғыс хан Академиясының академигі, ф.ғ.д., профессор Қаржайбай Сартқожаұлының Моңғол Халық Республикасындағы Ұлы Құрылтайында (Парламентінде) депутат болған кезде қазақ ұлты көп қоныстанған Баян Өлкейде қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алуға күш салып, қазақ тілі моңғол тілімен қатар «мемлекет тіл» болып заңды түрде бекітуге ат салысқан ерліктерін жие естуші едік. Содан университет қабырғасына түріктанушы Қаржаубай келді дегеннен аптығып, асығып, жүздесуге асықтық.
Әліпбиді реформалау төңірегінде дау бірнеше жылға созылып келе жатыр. Жалпы Сіз латын графикасына ауыстыруға қалай қарайсыз?
Мен өз басым құптаймын, қолдаймын.
Кейбір ғалымдар мен зиялылар ұлт ұзақ жылдар бойы сауатсыз болып қалады. Бабалар рухынан ажырап қаламыз деген ойды алға тартуда...
Біз өркениетті елміз. Құдайға шүкір, ғалымдар бар. Арнайы дайындықпен байыптап, сараптап барамыз ғой. Ал, әдебиеттерді аудару көп уақытты алады десе, Қытайдағы қазақтардың тәжірибесін қолдануға болады. Мәселен, араб графикасындағы кітаптарды криллицаға бір кнопканы басып бес минутта өзгертіп отыр. Оны көзіміз көріп отыр. Демек, өркениетті заманда әдебиеттерді жаңа шрифтімен беру проблема емес. Баяғы калкаға басып аударатын заман өтті. Халқымыз сауатты. Сондықтан да бабалар рухынан еш ажырып қалмаймыз деген ойды алға тартқым келеді.
Сіздер «Орхон-Енесей» секілді түркі жұртына ортақ мұраларды оқып жүрсіздер. Жалпы қазіргі қазақ тілінен қаншалықты алшақтық бар?
Қазақ тілі қыпшақ тобына жатады. Ал, Орхон мәтіндері түркі тілінің қыпшақ тобына жататынын дәлелдедік. Яғни, қазақ тілінің көне тілі. Тіл үнемі өзгеріп, байып, дамып отырады. Сондықтан да аздаған өзгешелік бар. Оның үстіне тіл қайта құру кезеңдерінде немесе тарихи бетбұрыс тұстарында өзгеріп отырады. Мысалы, мұсылман дінін қабылдаған кезде тілде көп өзгерістер пайда болды. Сол кезде терминдер өзгерді, фонетика өзгерді. Фонетика деген өзі қызық нәрсе. Қазіргі орыс тілді қазақтардың «ң», «ғ» әрпіптеріне тілі келмей жатады. Бұл құбылыс артикуляция өзгеруінің нәтижесі. Тілдің әр түрлі детальдары өзгереді. Артикулятциясы өзгереді. Содан болып адамның сыртқы сыйпатына түріне де әсер етеді. Яғни, бір жағынан тіл байыса, екінші жағынан өзгерістер болады. Дегенмен де, көне түркі тіліне жақын сақталып қалған тіл - қазақ тілі. Мұстафа Кемал Ататүрік тілді реформалау кезінде қазақ тілінен көп сөздерді алған. Себебі, парсыланған, арабтанған тілді түркі тіліне жақындату үшін. Сонымен қатар, Өзбекстанда Кәрімов деген ғалым комьпютер арылы қазақ тілі көне түркі тіліне ең жақын екенің делелдеген болатын.
Ұлт зиялылары қазақтың рухани әлемі кенже қалды деп дабыл қағып жүргеніне көптеген жылдың жүзі болды. Жалпы Сіздің ойыңызша осындай күрделі әрі нәзік мәселе шешімін толыққанды қашан табуы мүмкін?
Енді Елбасының өзі де атсалысып, тарихын тереңнен зерттеу, тілін көтеру, дәстүрін жаңғыртуға ықпал жасауда. Оның дәлелі «Мәдени-мұра» бағдарламасын айтуға болады. Демек, іс жүріп жатыр. Бірақ, ақырын, баяу жүруде. Неге олай дегенде Кеңестік Совет құрамында 75 жыл, 200 жыл Патшалық Ресей каллониясында болғанының әсері болып жатыр. Оның үстіне Путин тұсында экономикасын біраз көтерген Ресей өзінің империялық қуатын көтеруге барынша күш салып жатыр. Сыртқы саясатта сақ болу керек. Себебі, Грузия, Молдавия және Украийнадағыдай жағдай болмау үшін сақтықпен әрекет жасауда. Елбасы космостық деңгейде қарайды ғой. Біртіндеп, шығыстық психологиямен бәрін шешкенді қалайтын секілді.
Дегенмен, бес-алты жылда мәселенің беті бері қарайтын болар. Себебі, қазір 67% болсақ, алты жылдың көлемінде 70-80% қазақ халқы болады.
Елбасы осы уақытқа дейін экономиканы көтеруге күш салса, бүгінгі таңда рухани дүниеге ден қоя бастады. Оның үстіне Президенттің идеологиясын керемет жүргізіп жатқан Ерлан Қарин, Берік Әбдіғали секілді ұлтшыл азаматтар қомақты жұмыс атқаруда.
Қаржаубай Сартқожаұлы, Сіз конференциялар мен форумдарда жастарды «империялық рухта» тәрбиелеу керек деп жиі көтеріп жүрсіз. Сонда қалай болғаны?
Біз империя орынатқан этностың ұрпағымыз. Көк Түрік, Алтын Орда іспетті империя ұрпағымыз. Әр қазақ өзін империя ұрпағы деп сезіну керек.
Кезінде Еуразия құрлығында екі үлкен империя болды. Нақтырақ айтсақ VІ-VІІ ғ.ғ. Көк Түрік империясы мен Таң империясы болды. Кезінде Таң империясының өзі Түрік қағанатының аузына қарап тұрған. Таң империясының қалыптасуына да Түрік қағанаты әсер еткен. Сүй патшалығын құлатып, Таң патшалығын қалыптастырып берді. Сосын, ұзақ уақыт бойы қытайдан салық жинап тұрған. Сонымен қатар, Алтын Орданы айтуға болады. Шын мәнінде Шыңғыс хан ұрпақтары болғанымен түркі тайпаларына, түркі жұртына қызмет жасады. Олар түркілік империя құрды. Бір сөзбен айтсақ Алтын Орда түркі этносының империясы. Біз Алтын Ордаға үлкен қарыздармыз деп санаймын. Себебі, Алтын Орда империясы құрылмаған болмаса Ауғаныстан секілді тайпа-тайпаға бөлініп жүрер ме едік. Қазақ қалпымызда қалуымызға әсері мықты. Сондай-ақ Алтын Орда Еуразиядағы шешуші рөлді атқарды. Салық жинап тұру мақсатында қазіргі Ресей секілді мемлекетті құруға ықпал жасаған да Алтын Орда болды. Демек, кезінде империя құрдық па, құрдық. Яғни жастарды «империялық рухта» тәрбиелеу керек.
Түркі мемлекеттері бір құдықтан су ішу мақсатында Орта Азия Одағын құруға талпынып, ТҮРКСОЙ секілді ұйыммен жұмыла жұмыс жасауда. Қалай олайсыз түркі жұртары қаншалықты ықпалдасады деп ойлайсыз?
Түркі мемлекеттері қосылады дегенге сенбеймін. Олай болуы да мүмкін емес жағдай. Бірақ, бір-бірімен ықпалдасып, шегаралық женілдіктер жасасып, өзара көмек көрсетіп тұруда бар күштерін салсын. Мәдениетін өркендетсін. Бір-бірінен үйренсін, әсер етсін.
Жастар қандай болу керек?
Жастар ұлтшыл болу керек. Ұлтшыл деген өзге ұлтты жек көру емес, қайта өзгені үлкен сүйіспеншілікпен сыйлатын өркениетті азаматтың қасиеті. Өз анасын сыйламаған өзге ананы сыйлайды дегенге сенбеймін. Демек, ұлтын сүйетін ұлтышыл жастар болуы керек. Өз басым кезінде Моңғолияның Ұлы Құрылтайында (Парламентінде) қызмет атқардым. Бірақ, жүрегіміз көк бөрілі қазақ үшін, Қазақ мемлекеті орнаса екен деп армандадым. Монғолдар қанша алақанына салып аяласа да қазақ үшін жүрегім соқты, қазақ мәселесі көп алаңдатты. Қан тартпай қоймайды екен. Моңғолияда туып, сонда өсіп, солардың жылы алақанында адам болсақ та тауға қарап ұлыған қасқырдың күшігіне ұқсап тұрдық. Сезімнің тереңіндегі сол асыл сезім Ата жұртқа алып келді. Дәл мен іспетті Қазақстандағы басқа ұлт өкілдері өзінің қандас отанына жүрегі бұрылып тұратыны анық. Біздің көзімізше «Қазақстаным» деп тұрады да бұрыла бере орысы орыс үшін, еврейі еврей үшін қашанда қызмет жасайды. Ал өзге халыққа қызмет жасау үшін адамның жан дүниесі, болмысы толығымен өзгеруі қажет. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.
«Абай-информ»