Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3094 0 пікір 4 Наурыз, 2020 сағат 10:30

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартиді қабылдады.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сума Чакрабарти Қазақстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы қатынастардың қазіргі ахуалы мен ынтымақтастықтың алдағы перспективаларын, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Тараптар коронавирус індетінің теріс әсері жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуы туралы пікір алмасты.

Сума Чакрабарти Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, осы аралықта елімізде атқарылған саяси және экономикалық реформаларға, әсіресе, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына жоғары баға берді.

– Лондондағы бас офисіміздегі команда мен Қазақстандағы өкілдіктің пікірінше, Сіздің біліміңіз бен халықаралық қатынастардағы мол тәжірибеңіз еліңіздің дамуына елеулі үлес қосады. Біз Сіздің барлық бастамаларыңызды қолдаймыз, Президент ретінде бір жылда атқарған табысты жұмыстарыңызға ризашылық білдіреміз, – деді Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407