Сенбі, 28 Қыркүйек 2024
Әне, көрдің бе? 14527 53 пікір 6 Наурыз, 2020 сағат 17:20

Үш қыз - Қазақстанның ең ықпалды әйелдері

GR ConcuLting Croup-тың стратегия және сараптама бойынша атқарушы директоры Ербол Еділов Қазақстандағы ең ықпалды 50 әйелдің тізімін жариялады. 

Сараптама нәтижесіне сәйкес, алғашқы үштікті экс-президенттің қыздары Дариға, Динара, Әлия Назарбаевалар бастап тұр.

Сонымен:

1. Дариға Назарбаева - ҚР Парламент сенатаның спикері.

2. Динара Құлыбаева -  байлығы бойынша Forbes рейтингіне енген Орталық Азиядағы жалғыз әйел. Ол АҚШ президент Дональд Трамппен бірге 715 орынға ие болған. 2019 жылы Қазақстанда ең бай үш адамның қатарына енді. Құлыбаеваның  байлығы 3 млрд. 100 млн. АҚШ долларын құрайды.

3. Әлия Назарбаева - Кино саласындағы еңбегі үшін Қазақстандағы ең жоғарғы атақтың бірі Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған. Сондай-ақ, Қазақстандағы табысты кәсіпкерлердің бірі.

Бұдан әрі қарайғы тізім былай жалғасады: 

4. Үміт Шаяхметова - Қазақстан Халық банкі басқармасының төрайымы. Танымал қаржыгер,

5. Аида Балаева - ҚР Президентінің көмекшісі,

6. Наталья Годунова - ҚР Есеп комитетінің төрайымы,

7. Анар Жайылғанова - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы,

8. Гүлшара Әбдіхалықова - ҚР Мәжіліс депутаты,

9. Ақтоты Райымқұлова - ҚР Мәдениет және спорт министрі,

10. Мадина Әбілқасымова - Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі,

11. Гүлмира Исимбаева - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары,

12. Аружан Саин - қайырымдылық қорының директоры,

13. Гүлнар Сәрсенова - кино-продюссер, сценарист,

14. Жанар Айтжанова - Бұрынғы Экономикалық интеграция министрі. Мемлекет қайраткері,

15. Ләззат Танысбай - Қазақстан РТРК төрайымы,

16. Айман Мұсаходжаева - Скрипкашы. Профессор,

17. Бірғаным Әйтімова - Сенат депутаты, Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары,

18. Зағипа Балиева - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,

19. Әлия Ракишева - ҚР Президентінің кеңесшісі,

20. Күләш Шәмшиддинова - Бұрынғы Білім және ғылым министрі,

21. Әсел Тасмағамбетова - «Сәби» қорының негізін қалаушы,

22. Малика Бектұрова - Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары,

23. Гүлнар Ықсанова - Бұрынғы Мәжіліс депутаты,

24. Сәуле Айтпаева - ҚР Сенат депутаты,

25. Айман Омарова - заңгер,

26. Ләззат Рамазанова - "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары,

27. Гүлжан Қарағұсова - ҚР мәжіліс депутаты,

28. Тамара Дүйсенова - «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның жетекшісі,

29. Жұлдыз Омарбекова - ҚР Мәжіліс депутаты,

30. Нұргүл Мауберлинова - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі,

31. Тоғжан Қожалиева - "Хақ" партиясының жетекшісі

32. Ләззат Сүлеймен - ҚР Парламент Сенатының депутаты

33. Ләззат Ибрагимова - "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" төрайымы

34. Айгүл Шаимова - ҚР ұлттық экономика вице-министрі

35. Динара Закиева - Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары,

36. Гүлнар Досаева - "Дара" Қайырымдылық Қорының құрылтайшысы,

37. Айдан Сүйлеменова - "Аяла" қайырымдылық қорының құрылтайшысы,

38. Алина Алдамберген - KASE қосымшасының басқарма төрайымы,

39. Бибігүл Асылова - ҚР білім және ғылым вице-министрі,

40. Баян Мақсатқызы - продюсер,

41. Жаннат Сатубалдина - Халық банкінің басқарма төрайымының орынбасары,

42. Мейрамгүл Дүзбаева - «ҚТЖ» ҰК »АҚ даму жөніндегі басқарушы директоры,

43. Гүлнар Бажкенова - Hola News сайтының бас редакторы,

44. Динара Сәтжан - Кәсіпкер,

45. Айнұр Мәми - Қазақстан Жоғарғы Соты төрағасының Қайрат Мәмидің үлкен қызы, кәсіпкер,

46. Айзада Құрманова - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты,

47. Раушан Қажыбаева - «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» ҰАО Бас директоры,

48. Айгүл Соловьева - Қоғам қайраткері, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі,

49. Жанар Бекбанова - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты,

50. Жанна Ақжанова - Тұңғыш Президент қорының жетекшісі.

Abai.kz

53 пікір