Интернет-конференция: Мәмбет Қойгелдиев (Жалғасы)
Конференциямыздың кезекті қонағы Мәмбет Құлжайбайұлы оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдардарға жалғасты жауап беріп отыр. Тарихшы оқырманмен сұхбатын сабақтай келіп: «1986 жылғы желтоқсандағы халық наразылығы ғылымда ұлт-азаттық көтеріліс ретінде мойындалған. 11 сыныпқа арналған оқулықта (65-70 б.б.) «1986 жылғы Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі» деген тақырыппен 5-6 беттік материал берілген», деп Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи тұрғыда бағасын алып жатқанын сөз етеді.
«Абай-ақпарат»
Армысыз інім! Менің түсінігімше, рулық - жүздік сана ұлттық, мемлекетшілдік санаға отын бола алмайды. Біз бүгін басымдылықты саналы түрде мемлекетшілдік санаға бергеніміз жөн. Жерімізді, елдігімізді сақтаудың басқа жолы жоқ.
Конференциямыздың кезекті қонағы Мәмбет Құлжайбайұлы оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдардарға жалғасты жауап беріп отыр. Тарихшы оқырманмен сұхбатын сабақтай келіп: «1986 жылғы желтоқсандағы халық наразылығы ғылымда ұлт-азаттық көтеріліс ретінде мойындалған. 11 сыныпқа арналған оқулықта (65-70 б.б.) «1986 жылғы Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі» деген тақырыппен 5-6 беттік материал берілген», деп Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи тұрғыда бағасын алып жатқанын сөз етеді.
«Абай-ақпарат»
Армысыз інім! Менің түсінігімше, рулық - жүздік сана ұлттық, мемлекетшілдік санаға отын бола алмайды. Біз бүгін басымдылықты саналы түрде мемлекетшілдік санаға бергеніміз жөн. Жерімізді, елдігімізді сақтаудың басқа жолы жоқ.
1917 жылдың соңында Бүкіл ресейлік Құрылтайға қазақтан өкіл сайлау науқаны басталып кеткенде, Алаш атынан өкілдікке түскен Міржақып Дулатұлы кенеттен Құрылтайға депутат болып сайланудан бас тартатындығын мәлімдеді. Шамамен келтірген уәжі: «депутаттыққа түсіп жатқандардың басым бөлігі арғындар екен деген күңкіл сөз шықты. Мен арғын үшін ғана емес, қазақ елі үшін деп «қазақ» сияқты газет шығаруға, басқа да қам-қарекетке атсалысып жүрген жанмын. Мені тек арғынға телу қорлаумен тең. Сондықтан да, депутаттар бір арғынға кем болсын деп кандидатурамды кейін қайтарып аламын». Міне биік азаматтық ұстанымның үлгісі. Өкінішке қарай, бүгінгі зиялыларымыздың арасынан Сіз айтқандай көңіл-күйді байқағанда «Япыр-ай, бір ғасыр уақыт өтсе де сол алаштық буын алған рухани биіктікке жете алмағанымыз ба?!» деген өкініш көңілді тырнайды. Мемлекет құрушы ұлт болғымыз келеді. Ғажап мұрат. Бұл міндетті рулық санамен атқара аламыз ба? Ойланайық.
Мемлекеттілік жөнінде.
Қазақ елі Қасым хан, Хақназар хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан сияқты билеушілерінің басшылығымен бүгінгі қазақ жері үшін күресіп келді. 18 ғасырда, яғни, орыс империясы қазақ жеріне қол салғанда қазақ мемлекеттігі қалыптасу жолында тұрды. Тамаша тарихшы-ғалым М.П. Вяткин отарлаушы орыс әкімшілігі Қазақ хандығын іріту ісімен айналысты дейді. Мен де ол кісінің бұл пікірін қолдаймын.
Кеңестік Қазақ Республикасы «қуыршақ республика» (М.Шоқай) болды.
1991 жылы өмірге келіп, бүгін қалыптасу жолында тұрған Қазақстан Республикасы бұл шын мәнінде жаңа тұрпаттағы қазақ мемлекеттілігі. Оны сақтау және нығайту бүгінгі үлкен-кішіміздің ортақ борышымыз.
«Абылай хан ескерусіз қалды» деген пікірмен келісу қиын. Абылай ханның қызметін көрсететін тарихи жырлар, орыс және қазақ тілінде жазылған зерттеу еңбектері, түрлі жинақтар бұрын болмаған көлемде және деңгейде жарық көруде. Ханның қызметіне байланысты баспасөз бетінде дискуссиялар да болып өтті. Профессор Н. Мұхаметханұлы тұшымды ойларын ортаға салды.
Мен түк істелмей жатыр, түк айтылмай жатыр деген мазмұндағы сынға қарсымын. Конструктивті, мемлекетшілдік ұстаным тұрғысынан орынды айтылған сын пайдалы, тиімді. «Сынай беру керек!» деген ұстанымда ештеңеге байыппен қарай алмайтын кеще немесе жаулық пиғылдағы адамға ғана болуы мүмкін.
Әлекең (Әлихан Бөкейхан) туралы қоғамның пікірі жақсы. Оның уақыты әлі алда, келеді.
Семейлік Еркеш бауырым! Егер мәселенің тоқ етеріне көшсек, ол үшін мемлекетімізді нығайтып, болашақта жақындағы қандас туысарымыз қырғызбен, өзбекпен, түріктермен, тәжікпен, тіптен одан арыдағы башқұрт және татармен табиғи байланыс, алыс-берісімізді тереңдете түскеніміз жөн. Бұл ретте мен Мұстафа Шоқайдың тұтас Түркі Елі идеясы жағындамын. Өзімізді ел-жұрт ретінде сақтаудың тиімді жолы осы.
Ал орыс ағайындармен мемлекеттік, көршілік қатынаста болғанымыз тиімді. Тәуелсіз мемлекет болып қалу үшін күрес әрбір отбасында жүріп жатыр деп білемін. Бұл мақсатқа жету қазақ қоғамы мен биліктің арасындағы үйлесімді қызметке тәуелді. Қазақ азаматтарына бұл ретте қоғаммен де, билікпен де жігерлі де нәтижелі жұмыс жүргізулеріне тура келеді. Шаршап, қажуға уақыт та, мүмкіндік те жоқ.
А. Мұқабай бауырым! Менің бұл мәселеге қатысты мәліметім тым жұпыны. Бірақ сыртта жүрген қандастарымыздың оралуына мүдделі адамдардың қатарындамын. Ал егер көші-қонда кідіріс байқалса ол экономикалық себептерге байланысты екені хақ. Бұл үрдістің болашақта жаңа тыныс алатындығына сенімдімін.
Желтоқсан көтерілісі. 1986 жылғы желтоқсандағы халық наразылығы ғылымда ұлт-азаттық көтеріліс ретінде мойындалған. 11 сыныпқа арналған оқулықта (65-70 б.б.) «1986 жылғы Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі» деген тақырыппен 5-6 беттік материал берілген. Оны жазған мен едім. Ендігі міндет бұл тақырыпты барлық деңгейдегі білім жүйесінде оқыту ісін дұрыс жолға қоюымыз қажет.
Ал көтеріліске «ұлт-азаттық көтеріліс» деген статус беру - бұл заңгерлер айналысатын мәселе деп білемін.
Еділбай-Либо туралы кезінде «Айқын» газетінде Қазақстан тарихшылары қауымдастығы атынан бір топ мамандар өз пікірлерін білдірген. Арасында мен де бармын. Сонда айтылған тұжырым дұрыс деген ұстанымдамын.
Құрметті Ерлан Ахмеди! Әлекеңді(Әлихан Бөкейханды) басқа елдерге еліктеп Алаш-Ата деп атауымыз қаншалықты орынды бола қояр екен? ХХ ғ. басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басшысы, лидері, қазақ мемлекеттігін жаңғырту ісін қолға алып, оны жүргізуші тарихи тұлға ретінде ел болып мойындау да аз емес қой!
(Жалғасы бар)
«Абай-ақпарат»