Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
2241 4 пікір 10 Наурыз, 2020 сағат 11:30

Италияда мемлекет бойынша карантин жарияланды

Вирустың одан әрі күшейіп кетуінен алдын алу үшін Италия премьер-министрі Жузеппе Конте мемлекет бойынша карантин жариялады. Енді ел аумағында емін-еркін жүруге тыйым салынады.

"Ерекше" қызыл аймақтар болмайды. Сейсенбіден бастап Италия толығымен карантинге өтеді", - деді Конте журналистерге.

Елде барлық спорт жарыстары, оның ішінде футбол чемпионаты 3 сәуірге дейін тоқтатылды.

Италияда дүйсенбі кешіне дейінгі мәлімет бойынша вирус 1807 адамға жұққан. Мемлекет бойынша 9172 адам коронавирусқа шалдықса, қаза болғандар саны 463-ке жетті.

Дүние жүзі бойынша 114 мың адам инфекция жұқтырса, 4004 адам көз жұмды, 62 834 адам айықты.

9 наурыз күні 199 адам қайтыс болса, олардың 97-сі Италияда тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебреисус Женевада COVID-19 өте тез тарап жатқанын айтып, әлемде пандемия ықтималы бар екенін білдірген.

Abai.kz

4 пікір