Эльмира Әбетжанова. Байрақты жетістік еленсе екен
Бекзат деген бір ағам, бір інім бар. Екеуіне де ел тамсанады, жұрт таңғалады. Бірі кәдімгі Бекзат Саттарханов, екіншісі Бекзат Смағұлов. Аға тұтатын Бекзат жайлы сөз болса спорт әлеміндегі орнын, бокстағы теңдессіз өнерін жыр қылып айта беруге бола-ды. Десе де, іні Бекзат жайлы сөз қозғағанды жөн секілді.
Бала кезінен киелі сахна төрінен өнерін паш ете бастаған дарынды өнерпазға қол соғып, бас игендер жетерлік. Осылайша сахнада өскен жеткіншектің, білім-ғылымға ден қойып білімпаз-зейінділігімен де шаршы жұрт көзіне түсіп жүр. Өнер-білім саласындағы жетістіктері жайлы сөз қозғасақ, ұзақ қиссаға арқау болатыны сөзсіз. Сондықтан да соңғы жетістіктері жайлы тоқталсақ. Сәуір айында Ақтау қаласында өткен республикалық пәндік олимпиада да құқық сабағынан білімділігін дәлелдеп, бәсекелестерін оқ озып шығып, алтын алқамен Керекуге оралды. Енді аталған қуаныштың үстіне қуаныш қосты. Қалай дейсіз ғой... Аңыздарда құдайлар мекені ретінде тамсандыратын Грецияның Халкидики қаласында өткен халықаралық ғылыми жобалар сайысында еңбегі еленіп, жарқыраған күміс алқаны арқалап келді. Осылайша жұртшылықты тағы да қуанышқа бөлеген Бекзат екінші грантын қанжығасына басты. Женімпаз Бекзатқа алдағы уақыттарда тек биік шындар тілейміз!

Грецияда өткен аталмыш білімділер додасына Арқаның Кереку өңірінен 8 іздемпаз қатысып, «білімкөкпардан» 1 алтын, 2 қола, 5 күміс алқамен елге оралды. Бұл жетістіктерімен Кереку жастары қашанда білім айдынын да төселіп шабатындығын тағы бір дәлелдегендей болды. Осы жерде «Ертіс дарыны» орталығына, женімпаздар ұстаздарының еңбектері кемел екендігін сөзге тиек еткен жөн болар.
Өкініш қармыған ой. Жақында Алматы қаласының әкімі А.Есімов мырза Грецидан оралған жеңімпаздар мен қатар қаланың мақтанышына айналған білімді жастарды марапаттады. Па шіркін, өсіп келе жатқан дара, дарынды білімпаздармен мақтанасың. Ертеңгі күнінді қиялмен шарлайсың. Қас Мағжан ақынның сенген жастары «өніп-өсіп» келуде. Бірақ, жастарды қолдау, қолпаштау бізде өз деңгейінде емес. Бізде дегенім Павлодарда. Ия, Ақтаудан жеңізпен келген жастарға, Халкидикиде байрақты желбіретіп қайтқан болашақ өрендерге қандай құрмет көрсеттік, ағайын? Сірә, «көрмейтін түйеніде көрмейді» деген осы болар...
Эльмира Әбетжанова
«Абай-информ»