Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2588 0 пікір 23 Маусым, 2009 сағат 19:38

Қайырбек ОТЫЗБАЕВ. «Ата жолы» аңқау елді алдап жүр

Қазір мақсаты бұлыңғыр діни ағымдардың көбейіп, елдің санасын улап тұрған кезең екені белгілі. Әрине, бас айналдырар топтарға төтеп беріп, жеке басын қорғау үшін әрбір адамға ең алдымен діни сауаттылық керек немесе бұқара халық алдында имамдардың түсіндірме жұмыстары ауадай қажет. Олай болмаса ағым көп жерде халық қырыққа бөлінедінің кері келеді. Аллаға шүкір, осындай дерттен елді сақтау үшін Қызылорда облысының діни салаға қатысы бар орындары елдегі ауызбіршілік пен дін алауыздығына жол бермеу бағытында тиісті шараларын  жасауда.

Қазір мақсаты бұлыңғыр діни ағымдардың көбейіп, елдің санасын улап тұрған кезең екені белгілі. Әрине, бас айналдырар топтарға төтеп беріп, жеке басын қорғау үшін әрбір адамға ең алдымен діни сауаттылық керек немесе бұқара халық алдында имамдардың түсіндірме жұмыстары ауадай қажет. Олай болмаса ағым көп жерде халық қырыққа бөлінедінің кері келеді. Аллаға шүкір, осындай дерттен елді сақтау үшін Қызылорда облысының діни салаға қатысы бар орындары елдегі ауызбіршілік пен дін алауыздығына жол бермеу бағытында тиісті шараларын  жасауда.
Атап айтсақ, облыстық ішкі саясат басқармасының, облыстық әділет пен ішкі істер департаменттерінің мамандары жергілікті жамағатты рухани бірлікке баулып отырған облыстық «Ақмешіт» орталық мешітінің дін қызметкерлерімен бірлесе отырып қоғамда белең алып бара жатқан кейбір діни топтардың зияндылығын насихаттау мақсатында кез-десулер өткізіп келеді. Осының нақ айғағы, жақында қаламыздағы іргелі жоғарғы оқу орны «Болашақ» және Қызылорда гуманитарлық университеттерінде «Жастар бастамаларын дамыту» қауымдастығының аясында студенттермен жоғарыда аталып өткен сала мамандары  кездесті.  Басқосудың  негізгі  мақсаты - орталық мешітпен бірлесе отырып, бүгінгі адам баласын азғыратын заңсыз діни ұйымдар  мен ағымдардың жат әрекеттерін жастарға түсіндіру. Сондай ағымдардың ішінде «Ата жолы» деген топ жергілікті халық ішінде өзіндік жұмыстарын жасап, күш алып тұрғаны белгілі. Түсіндірме топ өкілдерінің де негізгі тақырыбына «Ата жолы» ұйымының теріс тұстары арқау болды. Кездесуде аталмыш ұйымның негізгі ұстанымдарының дұрыс еместігі айтылып, діни де, медициналық және заңдық тұрғыдан да терістігі бейне көріністер арқылы жастар назарына ұсынылды.
Орталық «Ақмешіт» мешітінің наиб имамы Н.Әбжанов: «Бүгінде мұндай заңсыз азғыратын діни ағымдардың қатары күннен-күнге көбеюде. Оның негізгі себебі тұрғындардың діни сауатының аздығынан туындап отыр. «Ата жолы», «Ақ сұңқар», «Ақ тырна» сынды секталар республикамызда да, облысымызда да толып жүр. Олардың сананы жаулау әдістері өте ықпалды»,- деп студент жастарға келелі ой тастап, абай болуға шақырды. Ал, облыстық ішкі істер департаментінің өкілі Р.Қанатбаев: «2009 жылдың 5 ақпанында Алматы қалалық соты Қазақстан Республикасының атынан «Ата жолы», «Ақ жол», «Әл-Аят» ұйымдарының қызметіне тоқтам қойды. Соған қарамастан, жыл басынан бергі 4 ай ішінде Қызылорда қаласы мен аудандарынан барлығы 5 орда анықталып, олардың 3-еуіне шара қолданып, айыппұлдар салынды»,- деді заңдық тұрғыдан. Ал, өткен жылғы деректерге сүйенсек, бір ғана Қызылорда облысында «Ата жолының» 24 ордасы бар екені анықталған.
Міне, Ислам дінінің атын жамылып, шариғат ілімін терең білместен қолдарына Құран алып, елді емдеуге шыққан «Ата жолы» аңқау халықтың қалтасын қағып, «бизнестің» сыпайы түрін жасап алған. Қалтаны қысқан қазіргі өтпелі қиыншылық кезінде бұл ұйымның қармағына жастар қатары да ілініп кетпесе екен. Елдің ертеңіне сенім артатын бүгінгі жастарымыз осылайша түрлі ағымдар мен ұйымдардың жетегіне еріп, шашпауын көтеріп жүрсе, қауіптің ең қауіпі осы емес пе?!

 

 

Қайырбек ОТЫЗБАЕВ, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы
http://muftyat.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524