Аграрлық несие корпарациясының бұрынғы басқарма төрағасының орынбасары бес жылға шартты мерзімге сотталды
КӨКШЕТАУ, 30 қыр - Қазақстан жаңалықтары АА. Аршалы ауданының соты тарапынан, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Балташ Тарабаев бес жылға шартты мерзімге сотталды, деп хабарлайды жұма күні облыстық ЭСЖКД баспасөз қызметі.
Ақмола облыстық Қаржы полициясының қызметкерлері тарапынан, 2008 жылдың сәуір айында пара талап еткен деген күдікпен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Балташ Тарабаев қолға түскен.
Тергеудің нәтижесі бойынша, шенеунік «Астана өндіріс белбеуі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 101 миллион теңге көлемінде заңсыз несие алуына көмек көрсеткені үшін, «Аршалы Ет» СКК төрағасы Дінжұмановтан құны 20 миллион теңге тұратын жылжымайтын мүлікті алған.
Тарабаевқа қатысты ҚР ҚК 311 баптың 3 тармағы «жемқорлық» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Соттың санкциясымен ол қамауға алынған.
newskaz.kz