Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4008 0 пікір 23 Маусым, 2009 сағат 19:40

Ескендір ТАСБОЛАТОВ. Алғашқы мұсылмандық басылымдар

Мұсылмандар еуро-палықтар жасаған ақпараттық өркениет саласына біраз кешігіңкіреп енді. Газет-журнал, радио, теледидар, ғаламтор желілері ислам мемлекеттерінде батыс әлеміне қарағанда баяу дамыды. Бұл көптеген ислам елдерінің экономикалық тұрғыда артта қалуларына байланысты еді. Ал Еуропада алғашқы бұқаралық ақпарат құралдары, яғни тұңғыш қарапайым газеттер осыдан 400 жылдай бұрын өмірге келген болатын.

Осы ақпарат құралдары арқасында батыс әлемі өз азаматтары мен өзге де елдерге ықпалын жүргізе отырып, бүкіләлемдік үстемдікке жетті. Алғашқы мұсылман газеттерінің пайда болу тарихына қарап отырып, мұндай қуатты да ағартушылық әрі саяси күші бар ресурсты игеру жағынан мұсылмандардың батыс әлемінен едәуір артта қалғанын көру қиын емес.

 

ГАЗЕТТЕРДІҢ ӨМІРГЕ КЕЛУІ

Қазіргі заманғы газеттер - еуропалықтардың ойлап шығарған құралы. Ең алғашқы газеттер қолмен жаңалықтар жазылған парақшалар түрінде ХVІ ғасырда Венецияда кеңінен тараған. Еуропаның Венеция секілді ірі қалалары әлемдік сауда орталық-тарының бірі еді, сондықтан олар саяси әрі экономикалық мәні жоғары ақпараттар орталығына да айналды.

Мұсылмандар еуро-палықтар жасаған ақпараттық өркениет саласына біраз кешігіңкіреп енді. Газет-журнал, радио, теледидар, ғаламтор желілері ислам мемлекеттерінде батыс әлеміне қарағанда баяу дамыды. Бұл көптеген ислам елдерінің экономикалық тұрғыда артта қалуларына байланысты еді. Ал Еуропада алғашқы бұқаралық ақпарат құралдары, яғни тұңғыш қарапайым газеттер осыдан 400 жылдай бұрын өмірге келген болатын.

Осы ақпарат құралдары арқасында батыс әлемі өз азаматтары мен өзге де елдерге ықпалын жүргізе отырып, бүкіләлемдік үстемдікке жетті. Алғашқы мұсылман газеттерінің пайда болу тарихына қарап отырып, мұндай қуатты да ағартушылық әрі саяси күші бар ресурсты игеру жағынан мұсылмандардың батыс әлемінен едәуір артта қалғанын көру қиын емес.

 

ГАЗЕТТЕРДІҢ ӨМІРГЕ КЕЛУІ

Қазіргі заманғы газеттер - еуропалықтардың ойлап шығарған құралы. Ең алғашқы газеттер қолмен жаңалықтар жазылған парақшалар түрінде ХVІ ғасырда Венецияда кеңінен тараған. Еуропаның Венеция секілді ірі қалалары әлемдік сауда орталық-тарының бірі еді, сондықтан олар саяси әрі экономикалық мәні жоғары ақпараттар орталығына да айналды.

Венециядағы «авизи» немесе «газете» деп аталған ақпарат парақшалары Италия мен Еуропадағы соғыстар мен саяси өмір туралы хабар таратып отырды. 1566 жылдан бастап олар апта сайын шығып, кейбіреулері тіпті Лондонға дейін жеткен. ХVІІ ғасырдың басынан бастап баспа газеттері бүкіл Еуропа аймағына тарайтын болды.

Кейін баспасөз апталықтары Базельде (1610), Франкфурт пен Венада (1615), Гамбургте (1616), Берлинде (1617) және Амстердамда (1618) пайда болды. Ал Англияда алғашқы газет 1621 жылы дүниеге келді. Франция 1631 жылдан өз газетін шығара бастады. Италияда 1639 жылдан, Испанияда - 1641 жылдан бастап өздерінің баспасөз құралдары дүниеге келді.

Бұл уақыттарда мұсылмандық Шығыс бұқаралық ақпарат құралдары дегенді білмейтін еді. Ал Еуропа құрлығында алғашқы газет пайда болғаннан кейін жиырма-отыз жыл ішінде БАҚ еуропалық саяси дамуға, демократиялық нығаюға, сауаттылықтың таралуына және қоғамдық ақпараттық кеңістіктің артуына бірден-бір себепші күшке айналды.

 

ГАЗЕТТЕРДІҢ РЕФОРМАЛАРДЫ ТУДЫРУШЫ РӨЛІ

Ислам әлемі газетпен еуропалық державалардың Шығысқа белсенді түрде әскери, экономикалық және саяси жорықтар жасаулары басталғаннан кейін танысқаны белгілі. Еуропаның бұл жаңалығын өзіне алғысы келген алғашқы мұсылман елі - сол кездегі Осман сұлтандығының провинциясы саналатын Египет еді. Еуропалық басқыншылыққа қатты ұшыраған да осы мемлекет болатын.

ХVІІІ ғасырдың соңында Египетті француз әскерлері басып алды. Шетелдіктердің жаңа режимі ел халқы арасында наразылық тудырып, Египетті партизандық соғыс шарпыды. 1801 жылы француздар ағылшын-түрік әскерінен жеңіліс тауып, Египетте белгілі бір дәрежеде Осман сұлтандығы билігі қалпына келтірілді.

1804-1805 жылдары Каирде түрік әскерлері мен мәмлүк феодалдарына қарсы халық көтерілістері бұрқ етті. 1805 жылы болған бір көтеріліс кезінде түрік әскерінің бір бөлігін басқарған албандық Мұхаммед-Әлидің қолдауымен көтерілісшілер жеңіске жетіп, сол жылы мамыр айында ол Египеттің басқарушысы болып сайланады.

Мұхаммед-Әлидің Египет басқарушысы болып сайлан-ғанынан кейін, мемлекет экономикалық және мәдени салада едәуір ілгері басты. Ол мемлекеттік аппаратты қайта құрып, еуропалық үлгідегі министрліктер ашты (әскери, қаржы, сауда, ағарту және т.б.). Жаңа мемлекеттік аппарат, әскери қызмет және даму үстіндегі өнеркәсіп үшін білімді адамдар керек еді.

Осы мақсатта бірқатар зайырлы жалпы білім беретін және арнайы мектептер ашылып, жас египеттіктерді Еуропаға оқуға аттандыру жолға қойылды. Еуропаның ғылыми және техникалық жетістіктерін Египет топырағына жеткізу басталды. Сол кездері алғашқы баспахананың негізі қаланып, кітап шығару ісі дүниеге келді. Ал 1827 жылы тұңғыш Египет газеті жарық көрді.

 

ГАЗЕТТЕРДІҢ СҰЛТАНДЫҚТЫ ҚҰЛАТУЫ

Түркияда тұңғыш мұсылман газеті ХІХ ғасырдың 30-жылдары пайда болды. Ол бар болғаны сұлтанның заңдары мен жарғыларының, сонымен қатар, сарай маңы мейрамдарының тізімі жазылатын ақпарат құралы ғана еді. Ал қазіргідей түрік газеттері тек ХІХ ғасырдың 60-жылдары Лондон қаласында, түрік эмигранттарының ұйытқы болуымен жарық көрді.

Олар Түркияда біраз жетіс-тіктерге жетіп, елдегі бірқатар жағдайлардың өзгеруіне ықпал жасады. Сол кездері «Пікір», «Уақыт», «Шындық» деп аталатын сатиралық баспа парақшалары, «Әдеби мұрағат», «Балалар оқуы», «Мектеп» атты әдеби және балалар журналдары пайда болды. ХІХ ғасырдың 70-жылдары Стамбулда барлығы 81 газет шығып тұрды.

Оның 16-сы түрік тілінде, араб, парсы, неміс, ағылшын және итальян тілдерінде бір-бірден, грек тілінде - 12, армян тілінде - 13, болгар тілінде - 4, французша - 29 және еврей-испан тілінде - 2 газет тарады. Осы баспа желісінің арқасында халық арасына жаңа саяси ағым мен пікір тарап, сұлтандық әкімшілік өз билігін әлсірете бастады.

Түркия орыс-түрік соғысында жеңіліс тапқан соң, сұлтандықта баспасөз құралдарының шығу тәртібін қатаңдатуға бағытталған шаралар жүргізіле бастады. Өйткені, жалпы халық пікірін қалыптастырып отырған да осы газеттер еді. Мемлекет оларға қатал цензура қоюға тырысты. Алайда, олар ақпарат құралдарының даму ағымын тоқтату мүмкін еместігін, тек олардан да мықты әрі ықпалды газеттерді өмірге әкелу арқылы ғана үстемдік етуге болатынын түсінді. Алайда, соғыстан жеңіліп тұралаған сұлтандық мұндай қадам жасауға қауқарсыз еді.

 

ГАЗЕТТЕРДІҢ АҒАРТУШЫ РӨЛІ

Ресейдегі ислам дінін ұстанушы халықтар арасынан татарлар алғашқы болып газет ісіне араласты. Империядағы «Тәржіман» атты тұңғыш мұсылман газетінің бірінші саны 1883 жылы жарық көрді, содан 20 жыл бойына ол Ресейдегі жалғыз мұсылмандық ақпарат құралы болып тұрды. Редакторы - көрнекті ойшыл әрі ағартушы Исмаил Гаспринский еді.

Бұл баспасөз құралы, сонымен бірге, ұзақ жылдар бойына Ресейдегі жалғыз түркітілді газет болатын. Ол 35 жыл өмір сүріп, 1918 жылы 23 ақпанда жабылды.

«Тәржіман» газеті кішігірім көлеммен және аздаған данамен аптасына 1-2 рет жарық көргенмен, осы кішігірім қағаздың ел ішіне жүргізген ықпалы зор еді. Соның ықпалымен Ресейдің әр аймағында жаңа мектептер, қайырымдылық қорлары ашылып, әдебиет ісі жолға қойылды.

Гаспринский өте мықты сөз шебері болатын, оның жетек-шілігімен газеттің қарапайым, қысқа да нұсқа әрі айқын стилі қалыптасты. Гаспринский осы тіл арқылы бүкіл мұсылман әлемін біріктіргісі келді. Ол өзінің бұл арманының орындаларына өте қатты сенетін. Газетті Қырым, Ыстамбұл, Тәшкен, Баку мен Қазан халқы еркін оқыды.

«Тәржіман» газеті беттерінде саяси, экономикалық және мәдени саладағы ақпараттар мен мақалалар жазылды. Газетте «өз құқыңды қорғау», «Қырым татарларының Түркияға кетуі, өз отандарында олар үшін жер жоқ па» деген секілді өткір де өзекті мәселелер көтеріліп тұрды. Баспасөз бетінде әйел адамның білім беру ісіне араласуы сынды ол кездегі сирек кездесетін жағдайлар басылып отырды.

Мәселен, «Тәржіманның» 1892 жылғы бір нөмірінде Әмина Батыршинаның «Мұсылман қызының хаты» басылды. Мақаланың басына редакция: «Бұл мұсылман қызы Тәшкен гимназиясында білім алған және біздің халқымыз арасында білім нәрін таратуға деген құлшынысымен бізді аса қуантып отыр» деген пікір жазды.

«Тәржіманның» кейбір нөмір-лерінде ұлтаралық қатынастар мәселесі де айтылмай қалған жоқ. 1905 жылғы бір санында 6-12 ақпан күндері Баку қаласында болған ірі қақтығыстар туралы мақала жарияланды. Бір-біріне қоқан-лоққы көрсеткен армяндар мен мұсылмандарды (әзірбайжандарды) ымыраласуға шақырған Гаспринский қақтығыс-тың нақты себептерін білмесе де, бұл жерде имансыз адамдардың арандату әрекеттерінің болған-дығын айтып өтті.

Гаспринский өз газеті бетте-рінде ағылшын импералистерінің жаулап алу саясатын да қатты сынға алып отырды. 1887 жылдан бастап «Тәржіман» газетінде басылған «Шаттық елі» деп аталатын хат түріндегі повесінде редактор білімді саяхатшы, Тәшкендік молда Аббастың атынан сөйлейді. Кейін Парижге келген саяхатшы «Египетті жаулап алған ағылшындардың біз үшін діни де, туыстық та жақындығы жоқ. Олардың бар ойы - жаулап алу. Бұған бейжай қарауға болмайды» деп жазады.

 

ЖОЙЫЛҒАН ӨРКЕНДЕР

1905-1907 жылдардағы орыс төңкерісінің басталуымен татар және кавказ мерзімдік баспасөздері бірінен соң бірі көптеп пайда бола бастады. Алайда, бұған дейін-ақ, 1903 жылы Дағыстанның Чох ауылынан шыққан Мұхаммед-Мирза Мавраев Төменгі Казанище ауылының белгілі ғалымы, педагог әрі ағартушысы Әбусуфьян Ақаевтың бастамасымен «әл-Матбаа әл-Исламийа» (Ислам баспаханасы) деп аталатын баспахана ашады. Сол жерде ол Дағыстан және Солтүстік Кауказ халықтары тілдерінде, сонымен қатар араб және орыс тілдерінде кітаптар шығаруды қолға алды.

Осылайша, дағыстандық төң-керіс қайраткері Саид Габиев айтқандай, өткен замандардан бүкіл Кавказ аймағының мұсылмандық мәдениет орталығы, көптеген діни білімі бар тау халқының зиялыларын шығарған Дағыстан ХХ ғасырдың басында Солтүстік Кавказдың араб-графикалық кітап шығару орталығына айналды.

Мұнда кітаптардың көркем-дік безендірілуіне айрықша көңіл бөлінген. 1955 жылы Үндістанның Калькутта қала-сында өткен байқауда көркемдік безендірілуі жағынан 1913 жылы Мавраев баспаханасынан шыққан Құран кітабына бірінші орын берілді. Бұл жерден шыққан әрбір кітапқа танымал ғалымдар алғысөз жазып тұрды. Кейін баспахана жанынан газет редакциясы ашылып, 1913 жылы араб тіліндегі «Джаридату Дагестан» (Дағыстан газеті) деген атпен мұсылман газеті шыға бастады.

1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін әртүрлі ұлттар тіліндегі: мәселен, құмық тілінде «Мусават» («Теңдік»), авар тілінде «Аваристан», лак тілінде «Чанка цуну» («Таңғы жұлдыз») газеттері шықты. Бұл мерзімдік баспасөздердің шығарушысы мен редакторы Мұхаммед-Мирзаның өзі болды. Бұдан өзге, дағыстандық революционер Махач Дахадаевтың әйелі Нафисат Дахадаев (Шәміл имамның немересі) авар және құмық тілдерінде «Замана» газетін шығарып тұрды. Сонымен бірге, Татарстанда, Қазақстанда, Орталық Азияда көптеген ұлттық-мұсылмандық газеттер ашылып жатты.

Алғашқы мұсылман газеттерін шығару кезіндегі Гаспринский мен Мавдеевтің тәжірибелері мұсылмандардың өздерін қоршаған қоғамы туралы тиісті деңгейде білімді болғандарын, өздері кездесіп жатқан проблемаларға түсіністікпен қарағанын, сонымен қатар, мұсылмандық білім беру мен ағартушылық жұмыстарының басымдығын сезінгендігін анық аңғартады.

Олардың басып шығарған газеттері мен кітаптары ислам ілімдерін таратудың мықты құралы мен арнасына айналып, ресейлік мұсылман үмметінің бірігуіне, өздері өмірге әкелген реформаторлық бастамалардың дамуына ықпал етті. Осылайша, Ресейдің мұсылман баспасөзі алғашқы қалыптасып жатқан шағында-ақ мұсылмандар қауымын алға жетелейтін күшке айналды. Алайда, өкінішке орай, осындай даңқты бастамалар Ресейде саяси тәртіптің ауысуына байланысты тоқтатылып, енді бой көтере бастаған исламдық қоғамдық әрі саяси сана өркендері қандықол большевиктік тәртіптің құрбандығына айналды. Елде дін атаулыға тыйым салынғандықтан, барлық діни басылымдарды да шығару доғарылды.

Кеңестер Одағында мұсыл-мандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту ісі тек қайта құру жылдары ғана қолға алынды.

 

 

Ескендір ТАСБОЛАТОВ

http://muftyat.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5523