Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4952 0 пікір 30 Қыркүйек, 2011 сағат 10:16

Қазақ ұлтының мәселесі қоқыста қарала бере ме?

2011 жылдың 2 қазанында, жексенбі күні сағат 11-де, қалалық әкімшіліктің арнайы рұқсатымен, Алматы қаласындағы «Сарыарқа» кинотеатрының маңындағы алаңда «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы өтеді. Ал, кинотеатрдың арты... саяси қоқыстардың қоныс тепкен орыны. Бұл қоқыста түркі халықтарының бірлігіне түрен салып, заманасын бір уыс еткен, «езілген құл-құтанды» құтыртып, қазақтың мойнына бодандық қамытын мықтап ілген Лениннің қоқырайған қорқынышты  ескертікіші тұр (суреттерді қараңыз).  Сондықтан біз оны «саяси қоқыс алаңы» деп атағанды жөн санаймыз. Қазақстан билігі әлгі ескерткішті ескі үкімет үйінің алдынан (Алматы қаласындағы бұрынғы Министрлер кабинеті орналасқан сарайдан) күреп апарып күресінге тастағанымен,  «Күн көсемнің» тұсынан басталған қазақты мазақ ету ойынынан бас тарта алмай келеді. Соның бірі мысалы - осы: 3-4 жылдан бергі мемлекеттік тілді қолдау акциясы көп көзінен тасада, қаға беріс қалтарыста өтуде.  Ал, мәдени не елдік мазмұны жоқ жын-ойнақтардың жиыны ше?

2011 жылдың 2 қазанында, жексенбі күні сағат 11-де, қалалық әкімшіліктің арнайы рұқсатымен, Алматы қаласындағы «Сарыарқа» кинотеатрының маңындағы алаңда «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы өтеді. Ал, кинотеатрдың арты... саяси қоқыстардың қоныс тепкен орыны. Бұл қоқыста түркі халықтарының бірлігіне түрен салып, заманасын бір уыс еткен, «езілген құл-құтанды» құтыртып, қазақтың мойнына бодандық қамытын мықтап ілген Лениннің қоқырайған қорқынышты  ескертікіші тұр (суреттерді қараңыз).  Сондықтан біз оны «саяси қоқыс алаңы» деп атағанды жөн санаймыз. Қазақстан билігі әлгі ескерткішті ескі үкімет үйінің алдынан (Алматы қаласындағы бұрынғы Министрлер кабинеті орналасқан сарайдан) күреп апарып күресінге тастағанымен,  «Күн көсемнің» тұсынан басталған қазақты мазақ ету ойынынан бас тарта алмай келеді. Соның бірі мысалы - осы: 3-4 жылдан бергі мемлекеттік тілді қолдау акциясы көп көзінен тасада, қаға беріс қалтарыста өтуде.  Ал, мәдени не елдік мазмұны жоқ жын-ойнақтардың жиыны ше? Ол тура орталық алаңда, қазақ жастарының қаны төгілген қасиетті алаңда, Тәуелсіздік монументінің  түбінде өтеді.  24 сағат Ресейдің эстардалық әндері мен поп жұлдыздарын  насихаттаудан жалықпайтын коммерциялық радиолардың туған күні дейсіз бе,   кейінгі кезде «Алматы менің іңкәрім» деген атқа ие болған (орысшасы «Алма-Ата моя первая любовь») ырбақайлардың ыржың шоуы дейсіз бе бәрі сол «Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі» (Н. Назарбаев) Алматыдағы  Тәуелсіздік монументі тұғырын тапқан Республика алаңын алажоңқа жасайды. Ал, «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына бұйырған орын «саяси қоқыс алаңы»  болып тұр. Болсада қайтеміз енді... «барамыз» десіп жатыр жұрт.  Бірақ, қазақ ұлтының мәселесі  қашанғы қоқыстың маңында  қарала бермек?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963