Сенбі, 23 Қараша 2024
Коронавирус 3061 5 пікір 13 Наурыз, 2020 сағат 18:00

Үшінші адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда үшінші адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

"12 наурыз күні Миланнан ұшып келген пациенттің сынамасынан да коронавирус белгілері анықталды", - деді министр.

Министр Елжан Біртановтың ақпаратына сенсек, коронавирус белгісі анықталған үшінші адам 12 наурыз күні Миланнан Нұр-Сұлтанға ұшып келген. Әйел адам. Қазір Нұр-Сұлтанда.

Бұған дейін бүгін екі қазақстандықтан коронавирус анықталғаны белгілі болған.

"Ұзақ тексеруден кейін екі қазақстандық азаматтан коронавирус табылды. Олар – Германиядан келген Алматы қаласының тұрғындары. Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен, олар карантиндік стационарға жабылды. Барлық шаралар бұрынғы бекітілген алгоритм бойынша енгізіліп жатыр. Қазіргі күнде пациенттердің жағдайы жақсы", - деген министр.

Вирус жұқтырған азаматтар туралы ақпарат жарияланбайтынан айтқан.

"Біздің заңдық талаптарға байланысты азаматтардың жеке мәліметтерін жариялай алмаймын. Олар - ер мен әйел. Бірі Германиядан (ол елді бірінші категорияға қосқанға дейін) 9 наурыз күні келді. Сол бортпен бірге келген 73 адамды енді карантинге жауып, тексереміз. Қайда екендерін білеміз. Екінші азамат 12 наурыз күні ұшып келді. Ол борттағы 85 адамның бәрі карантинге бірден жабылған", - деді Біртанов.

Еске салайық, мұның алдында бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында  келетінін айтқан болатын.

"Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері", - деген еді Бекшин.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529