Қазақстан дәрігерлерге 50%-ға дейін үстемеақы төлейді...
Қазақстанда дәрігерлерге еңбек өтілі үшін 50%-ға дейін, ал психологтарға жүктеме үшін 300%-ға дейін үстемеақы төленеді...
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) ұйымдарындағы медицина қызметкерлері мен психологтарға жаңа үстемеақылар енгізіледі. Үкімет қосымша төлемдердің мөлшерін нақтылады.
Дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне үздіксіз жұмыс өтілі үшін келесі мөлшерде үстемеақы төленеді:
-
Екі жылдан асса — лауазымдық жалақының 20%-ы.
-
Үш жылдан асса — 30%-ы.
-
Бес жылдан асса — 50%-ы.
Үстемеақылар учаскелік терапевтерге, педиатрларға, жалпы практика дәрігерлеріне, медбикелерге, фельдшерлер мен акушерлерге қарастырылған.
Психологтарға базалық лауазымдық жалақының 300%-ы, ал әлеуметтік қызметкерлерге 200%-ы мөлшерінде қосымша ақы беріледі. Бұл төлемдер психоэмоционалдық және физикалық жүктеме үшін тағайындалады.
Үкімет жаңа төлемдер білікті мамандарды тұрақтандыруға, кадр тапшылығын азайтуға және медицина қызметкерлеріне түсетін жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік береді деп күтуде.
Abai.kz