Мұғалімдер де мектепке бармайды
Қазақстан мұғалімдері көктемгі демалыс кезінде мектепке бармайды. 16 наурыз және 5 сәуір аралығында мұғалімдерге үйде жұмыс істеу міндеттелді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«Жалпы, елімізде 7300 мектеп бар. Сол мектептерде балаларды каникулға ертерек шығардық. 16 наурыздан 5 сәуірге дейін каникул жалғасады. Каникул кезінде мұғалімдердің мәселесі бар. Мұғалімдерге үйлерінде болып, қашықтан жұмыс істеуіне болады. Біз осыны ұсынып, барлық білім беру бөлімдеріне және мектеп директорларына осы ақпаратты жеткіздік», - деді министр.
Министр Аймағамбетовтың айтуынша, бұл жағдай мұғалімдердің жалақысына әсер етпейді.
Abai.kz