Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2316 0 пікір 14 Наурыз, 2020 сағат 14:41

Пашинян да карантинде

Армения премьер-министрі Никол Пашинян әйелімен бірге коронавирусқа қатысты тексеруден өтіп жатыр. Бұл туралы Армения премьері өзінің Facebook-тағы ресми парақшасында мәлімдеді.

«Ертең біз бәрі дұрыс екенін білу үшін тест тапсырамыз», - деді ол кеше әлеуметтік желідегі жазбасында.

Пашиянянның айтуынша, оның әйелі жақында Бразилияда болып қайтқан. Онда Бразилия  президентінің әйелімен жолыққан. Ал жуырда Бразилия президенті айналасындағы адамдардан коронавирус анықталған.

Осыған байланысты Армения премьері Никол Пашинян мен оның әйелі Анна Акопян өз еріктерімен оқшауланған.

Айта ктейік, осыған дейін Бразилия президенті коронавирус жұқтыруы мүмкін деген ақпар тараған. Кейін оның тапсырған тестінен қауіпті вирус белгілері анықталмағаны хабарланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529