Алматының Бас санитарлық дәрігері карантинге жатқызылды
Алматының Бас санитарлық дәрігері Айзат Молдақасымова коронавирус қаупіне байланысты карантинге жатқызылды. Бұл туралы ақпарат бүгін Facebook желісінде тарады.
Ол коронавирус жұқтырған алматылықпен бірге бір ұшықта болған. Яғни, Германияда бір ұшықпен ұшып келген.
Tengrinews.kz ақпаратына сүйенсек, Айзат Молдақасымова қазір өз үйінде, карантинге жатыр.
"Коронавирус жұқтырған азаматпен бір ұшақта болғанымды білген сәтте-ақ, мен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызып, оқшаулады. Кеше ғана тест нәтижелері шықты. Вирус белгілері анықталған жоқ", - депті Молдақасымова.
Оның айтуынша, Қазақстанға транзит арқылы, Германия арқылы карантинге жатпайтын басқа елден ұшып келген.
"Енді екінші тесттің нәтижелерін күту керек. Оның қорытындылары белгілі болған соң, мен жұмысқа шығамын. Ал менімен бірге ұшқандарға келсек, оларды да тексерді. Бәрі жақсы", - дейді Молдақасымова.
Алматының Бас санитарының айтуынша, ол коронавирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болмаған.
"Бұл оба емес қой. Жай ғана инфекция. Ол аса бір қауіп төндіріп тұр деп есептемеймін. Коронавируспен ауырғандар саны тқмау жұқтырғандардан көп емес. Уайымдататыны бұл жаңа вирус. Бір жағынан бған дейін де жаңа вирустар болған. Шошқа тұмауы, құс тұмауы секілді...Сондықтан ажиотаж жасаудың қажеті жоқ", - дейді Айзат Молдақасымова.
Естеріңізге сала кетейік, Алматының Бас санитарлық дәрігері Айзат Молдақасымова 10 наурыз күні Франкурттан Алматыға ұшып келген. Ал бұған дейін 9 наурызда Германиядан Алматыға ұшып келген адамнан коронавирус анықталғанын ҚР ДМС министрі Елжан Біртанов хабарлаған.
Кейін анықталғандай, ұшақ 9 наурызда ұшып шыққанымен, Алматыға 10 наурызда жеткен. Ал осы ұшақта Алматының Бас санитары Айзат Молдақасымова да болған.
Abai.kz