Халық несие мәселесіне алаңдаулы
Індетке байланысты халық несие мәселесіне қатты алаңдаулы. "Жұмыс тоқтады, несиемізді қалай төлейміз?" деп қиналып отыр.
Бұл биліктің халық жағдайын ойлайтыны рас болса, кредит мәселесі жоғары жақта талқыланып жатқан болар деп ойлаймын.
Індет болмай-ақ, бір ай, тіпті бірнеше ай кредитті төлемей қою, кешіктіріп төлеу несие алушылардың көпшілігіне тән. Алайда, бұл төтенше жағдай 1 айға ғана созыла ма, әлде ары қарай да жалғасуы мүмкін бе, жалғасқан жағдайда әлеуметтік мәселелердің шешімдері қандай болмақ, жалпы жағдайға байланысты прогноз, сараптама, болжам, жоспарлар қандай? Бұл мәселелер талқыланып жатқан шығар деп үміттенемін.
Ал несие мәселесіне алаңдаған халықтың алаңы да орынды. Бұл да көп кешіктірмей шешім қабылдайтын мәселе. Несиені төлей алмаған айларға өсімақы (пеня) қоспау, төленбеген айлардың қарызын басқа айларға бөліп тастау, қайта график (рефинансирование) жасау немесе басқа да жолдарын қарастырып, билік бұл мәселені шешуі тиіс және шешеді деп ойлаймын.
Есеп-қисап жүргізіп, шешу жолдарын қарастырып жатқан шығар, күтейік. "Жыламаған балаға емшек жоқ" демекші, халық өзі жиі бұл мәселені көтеріп, талап ете бергені дұрыс.
Бұл туралы Сіздердің пікірлеріңіз қандай?
Сәуле Әбілдаханқызының әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz