Сейсенбі, 14 Қазан 2025
2910 0 пікір 17 Наурыз, 2020 сағат 16:36

Қырғызстан шетел азаматтарының кіруіне уақытша тыйым салды

Қырғызстан үкіметі шетел азаматтарының кіруіне уақытша тыйым салды. Бұл жөнінде елдің вице-премьер-министрі Алтынай Омурбекова мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұл әлемде коронавирустың кең таралуына байланысты болып тұр. Ол бұған байланысты үкіметтің арнайы қаулысы шығатынын мәлімдеді.

Әзірге тыйым бір айға салынған. Бірақ жүк көліктері тасымалына шектеу қойылмайды.

Соңғы мәлімет бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 182 мыңға жетті. Қаза болғандар саны - 7 мың, сауыққандар - 80 мың адам.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 860
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10010