Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Масқара! 11190 39 пікір 19 Наурыз, 2020 сағат 11:43

Қазақты қорлау қашан тоқтайды?

Неге екені белгісіз, еліміздегі өздерін тым еркін санайтын орыс тілді порталдар көршіміз Ресейдегі бізге онша танымал емес «атақты жазушы Эдуард Лимонов дүниеден өтті» деп айдың-күннің аманында күңіреніп жатыр. Олардың айтуынша кезінде Ресей үшін ерекше еңбек сіңіріп, артында тарихтан еш уақытта өшпейтін мәңгілік шығармалар қылдырып кетіпті. Мұндай талант дүниеге тым сирек келетін көрінеді.

Және де бір қызығы, бұл порталдар әлгі жазушы дегенді мақтауға келгенде ауыздарынан су құрып, біріне-бірі асып кетуге тырыстандығын қайтерсің. Мәселен, біздегі бір танымал портал Лимоновтың жазған романдарын тізе келіп, «ол сондай-ақ саяси қайраткер ертінде де танымал еді» деп дәріптесе, екінші бір портал «Ресейдің атақты жазушысы мен саяси қайраткері Эдуард Лимонов дүниеден өтті» деп сыңсып жатыр. Ал еліміздегі тағы бір танымал портал әлгі Лимоновтың Ресейдегі демократияны дамыту жолындағы жанқиярлық еңбегін тізбелеуді азсынып, атақты Би-би-сидің тілшісі Илья Барабанов дегеннің әлгі жазушыны жер-көкке сыйғызбай мақтаған сөзін қоса басыпты.

Ал енді Лимонов деген кім? Оның қазақ еліне қандай қатысы бар? Оны осыншама дәріптейтіндей адам ба еді деген сауалдарға тоқталып көрелік. Өзгесін былай қойғанда, алдымен көпшілікке танымал Википедияға көз салалық. Сөзімізді бұрмалады демес үшін ондағы бір абцазты толық келтіре кетелік. Википедия осы жазушысынң өмірбаянын айта келіп: «Принимал участие в боевых действиях в Югославии на стороне сербов (во время Боснийской войны познакомился с Желько Ражнатовичем и Радованом Караджичем, в грузино-абхазском конфликте[ на стороне Абхазии, в молдавско-приднестровском конфликте на стороне Приднестровской Молдавской Республики. Обвинялся в том, что в 20002001 годах готовил вооружённое вторжение в Казахстане для защиты русскоязычного населения»  деген «ерліктерін» де жасырмай жазады.

Иә, шовинизмнің айықпас сырқатына шалдыққан Лимонов деген жазушының бет-бейнесі осындай. Ол кезінде «Қазақстанның терістігіндегі орыстар қоныстанған облыстарды Ресейге қосу керек» деген Солжиницынның сандырағы мен Жирниновсийдің осындай арандату идеясын одан әрі дамытып, осы жолда бел шеше күрескен «батыр». Оның 2016 жылғы сәуір айында Солжиныцинге еліктеп жазған «Идеальная Россия» мақаласында: «Казахи согласятся или нет—это их дело, но деваться им будет ососо некуда.Огромную страну казахи не удержат. Поможем имю Возьмем их излишки. Нам нужен Русский мир? Так давайте его собирать вместе», - деп арандатуышық ойын ешкімен қысылмастан, ашық білдіреді.

Ал мұны да аз десеңіз, сонау 2014 жылғы ақпанның 20-сында Тотал.kz порталындағы «Эдуард Лимонов предложил Кремлю захватить Северный Казахстан» деген мақалаға көз салыңыз. Ондағы мына бір жолдар оның кім екендігін айқын танытады. «Стоит отметить, что это не первые подобные заявления Лимонова относительно Казахстана. Еще в середине 90-х скандальный писатель при поддержке местных казаков планировал восстание в тогда еще Кокшетауской области. Однако «революционеры» были своевременно нейтрализованы казахстанскими спецслужбами. А в 2001 году Лимонов и несколько его соратников были задержаны уже российскими спецназовцами в Горном Алтае, где они планировали создать партизанскую базу для вооруженных вылазок на территорию нашей страны. По обвинению в хранении оружия и создании незаконного вооруженного формирования все они получили различные тюремные сроки.», - дегенді оқысаңыз жетіп жатыр.

Сонда дейміз-ау орыстардың ұлылығын аңсап, ондағы «Орыс әлемі» үшін жанын шүберекке түйіп, сонау Сербияға барып соғысқан, Украинаның территориясын бөлшектеудегі сепаратистерге көмектескен, тіпті кезінде елімізде қарулы көтеріліс әзірлеген адамды өз еліміздегі орыс тілді порталдар неге соншама дәріптейді? Бұлар қайда өмір сүріп отыр? Шынымен әлі де өздерін ұлы Ресейдің бір бөлшегі деп есептей ме? Біздегі порталдар «аса танымал саяи қайраткер» деп баға берген Лимонов секілді шовинист пен сепаратистің өлгеніне соншама күңіренгеніне қарағанда дәл осылай демеске лазымыз жоқ.

Қазақта: «Жаман үйді қонағы билейді» деген мақал бекер айтылмаған. Мұның өзі екінші жағынан бізде ұлттық біртұтас идеолдогияның мүлдем жоқ екендігін, билікттің орыстілді баспасөзден ығып тұратындығын, жалпы тәуелсіз деп аталатын елдің иесі - қазақтарға кім болса соның қоқаңдайтындығын айқын танытады. Әлде бұл елдің иесі бізден басқа біреулер ме екен?

Жайберген Болатов

Abai.kz

39 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1560
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3359
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6323