Жоламан ҚҰЖИМАНОВ, әнші: Домбыраның қоңыр үні қазақтың қанында бар
- Жоламан аға, өзіңізді теледидардан, дәстүрлі ән кештерінен көріп қалушы едік. Қазір қайда жүрсіз? Көптен көрінбей кеттіңіз ғой...
- "Сазген сазы" этнографиялық ансамблінде келісім-шартпен жұмыс істеп жүрмін.
- Демек, ел аралайсыздар...
- Гастрольдік сапарлар қазір өте аз. Өйткені концертке келуге халықтың жағдайы көтере бермейді. Арнайы шақырулар болмаса, Алматы қаласынан алысқа шықпаймыз.
- Жалақыңыз көңіл көншіте ме?
- Бұл күнде айлыққа қарап отырған әртіс жоқ. Той-томалақтың арқасында жағдайымызды түзеп отырған жайымыз бар.
- Демек, қара домбырамен нан табасыз ғой?
- Өмірбойы мені домбырам асырап келеді.
- Қазіргі жастар домбыраны заманға қарай икемдеп, жаңаша түрлендіруге құмар. Осыған қалай қарайсыз?
- Көпшілік "Дэкко" деген жанр" деп жатады. Меніңше, бұл жанр емес, синтез, яғни ескі мен бүгінгінің қосындысы. "Ұлытау" секілді шығарманы бұзбай, халыққа жеткізетін өнерпаздар болса, жаңашылдыққа қарсы емеспін.
- Әрбір әншіні шырқау көкке көтеретін ән болады. Сіздің жүрек қылыңызды шерткен қандай шығарма?

- Туған жерім - Семей облысы, Ақсуат ауылы. Әкем жұмыс бабымен Қарағанды облысындағы Қарқаралыға көшіп барып, сонда есейдім. Марқұм Қали Байжанов секілді әншілердің айтқан әндерін, әңгімелерін бойымызға сіңіріп қалуға тырыстық. Сол кезде Мәдидің әндерін тебірене айтушы едім. "Қаракесек", "Қарқаралы", "Үшқара" әндері керемет емес пе?! Қасым Аманжоловтың әндерін шырқаудан жалыққан емеспін. Үлкен сахнада орындалған Абайдың "Қараңғы түнде тау қалғып" әні ел ықыласына бөленді. Қайта-қайта сұрап жатады. Сол әнмен байқауға қатысып, лауреат атандым. Одан кейін Үкілі Ыбырайдың "Толқын", "Шалқыма" әндерін жаныма серік еттім.
- Продюсерлердің қолдан әнші жасап шығару үрдісі белең алды. Дауыс түгілі, өзіндік талғамы да жоқ әншісымақтар қаптап кетті...
- Мұндай келеңсіздік жиі кездеседі. Соңғы кезде тіпті көбейіп барады. "Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді" дейді ғой. Қазір қазақ эстрадасы десе, үлкен кісілердің төбе шашы тік тұрады. "Дос-Мұқасанды" ел осы күнге дейін сағынышпен еске алады. Олар дәстүрлі әндерді де иін қандыра орындайтын. Қазіргі кейбір орындаушыларды естімек тұрмақ, теледидарды сөндіріп тастағың келіп кетеді.
- Кейбір дүбәра әншілердің ұлттық нақышта өнер көрсететін сіздерден де дақпыртты, дабыралы болып жүргені жаныңызға батпай ма?
- Батуын батады. Халықтың сұранысымен бәрі қалпына келеді деп ойлаймын. Егер фонограммаға тыйым салынса, өтірік әншілердің бәрі далада қалар еді.
- Халық әндерінің адам психологиясына әсері туралы не айтасыз?
- Мынадай әңгіме естідім. Шетелде өзінің қазақ екендігін білмейтін жігіт ойда-жоқта домбыраның үнін естиді. Естіген сайын ойға батып, бойын сағыныш билейді. Бір жаққа кетіп қалғысы келеді. Бірақ, Отанының қайда екенінен де хабары жоқ. Демек домбыраның қоңыр үні қазақтың қанында бар. Әлгі жігітке домбыраның дыбысы қан арқылы ақпарат берген. Ұлы өнердің құдіреті қандай? Кеңес өкіметі тұсында біз қайырымдылық концерттер беріп отыратынбыз. Бірде біздің оркестрге жындыхана ішінде өнер көрсетуге тапсырма берді. Бардық. Психикалық клиниканың ауласында қаз-қатар тізілген аурулар қарсы алды. Барлығының жанарында мұң, ой бар. Тіпті сап-сау адамға ұқсайды. Концерт барысында көпшілігі ботадай боздап жылады. Оларды көріп біздің де жанымыз түршікті.
- Қазақтың «көңілді» деген әндерінің өзінің астарында мұң бар секілді...
- Қазақтың "Қара өлеңі", халық әндері, бәрі де тұнып тұрған философия.
Біздің дәстүрлі әндеріміз, мейлі ол мұңлы ән болсын, мейлі ойнақы, көңілді ән болсын, ешқашан тәлім-тәрбиелік маңызын жоғалтпайды.
- Естуімше, домбыра жасайтын шеберлігіңіз де бар екен.
- Қиялымдағы әуенді домбыра дыбысынан тапсам деймін. Белгілі сазгер Әбікен Хасеновтың әйгілі "Қоңыр" күйін радиодан естігеннен кейін "неге осындай үнді домбыра жасап алмасқа" деген ой келді. Ұсталық өнерге әуестігім осылай басталды. Қазақ жақсы көргенін "қоңырым" дейді. Бұдан халқымыздың "қоңыр" сөзіне айрықша мән бергенін аңғарамыз. Әкем ат шана, ер-тұрман, асадал және тағы басқа тұрмысқа қажетті заттарды өзі жасай беретін ұста болатын.
- Шәкірттеріңіз кімдер?
- Шәкірттен бұрын ұстаздарымды айта кетейін. Мектепте оқып жүргенімде-ақ Қайрат Байбосыновқа еліктеп жүрдім. Ауылда Найманғазы Сақпанбаев, Рахмет Ноғайбаев, Келдембай Өлмесеков, Ахат Әшіров, Тұрсынғазы Рахимов, марқұм Мәдениет Ешекеев сынды көптеген майталмандардан тәлім алдым. Шәкірттерге келсек, Тельман, Нұртай, Ерлан, Еламан, Ербол, Саят, Жасұлан деген соңымнан еріп, ізімді басқан бір шоғыр інілерім бар.
- Күй тартасыз ба?
- Күйші емеспін. Бірақ "Сазген сазы" ансамблінің құрамында күйші болып жұмыс істедім. Тәттімбеттің шертпе күйлерін жаным сүйеді. Сүгірдің "Қаратау шертпесін" жақсы көремін...
Арман ӘУБӘКІР
«Айқын» газеті 23 маусым 2009 жылы