Сенбі, 23 Қараша 2024
Әліпби 3449 5 пікір 21 Наурыз, 2020 сағат 12:07

Ұлт болашағы – жаңа әліпбиде

Тіл – халықтың мұрасы, асыл қазынасы. Сондықтан халық даналығы «Тіл  – халықтың жаны» дейді. Халық пен тілді бірінен-бірін ажырата алмаймыз, өйткені бұл ұғымдардың тамыры тереңде. Тіл – адамзат қоғамын құру үшін халыққа берілген маңызды құрал. Сондықтан тілдің үнемі дамуы үшін оны жетілдіріп, жаңғыртып отыру қажет.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде ақпарат алмасудың және жаңа технология тілінің басымдылығы ағылшын тілінде болып отыр.  Ал ағылшын тілінің бастауы латын алфавитінен бастау алған.  Яғни, түп төркіні латыннан басталған ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ақпарат пен технологияны алмасуда, қолдануда, дамытуда   үлесі мол.

Латын қарпіне көшуде қазақ тілінің таза дыбыс жүйесін сақтайтын, табиғатына сай жүйелі, жетілген әліпбиді жасау тілші ғалымдарымызға жүктелген аса маңызды мәселе.

Осыған орай, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік - мәдени, ғылыми - ағартушылық дамуын, халықаралық кеңістіктегі орнын, ішкі және сыртқы жағдайына байланысты Мемлекет басшысы филолог ғалымдардың алдына үлкен міндет қойды. Қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде ұлт болып латын графиксын қолдамасақ, өркениетті елдердің қатарына қосыла алмаймыз. Себебі, латын әліпбиі әлемдегі ең озық жазулардың бірі және бірегейі болып  саналады.

Тілдегі дыбыстар - өте күрделі құбылыс. Жазылым ойдың дұрыс жеткізілуіне, тілдің сан ғасырлар бойы бұзылмай келе жатқан табиғатын сақтауға, орфографияның дамуына оң әсер ететін, сауатты жазуды қамтамасыз етеді. Тілдің басқа да аса қажетті қызметтерін мойындай отырып, жазудың   ой мазмұнын таңбалап жеткізудің жолы екенін әрдайым есте ұстауымыз қажет. Халық үшін   жазу ұлттық мәдениет пен бірегейліктің негізгі элементі болып табылады.

Жазу мәдениеті адамзаттың, ел мен елдің ақпараттық байланысының, жалпы қарым-қатынас негізінде қолданылатын әліпбидің әлеуметтік маңызынан, орфографиялық және орфоэпиялық ережелердің дұрыстығынан тұрады.

Сондықтан бүгінгі таңда қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің заман талабынан туындап отырғаны ақиқат. Латын әліпбиі ұлттық рухани құндылықтарымызды әлемге танытуға жол ашады. Өркениетті елдердің мәдениеті мен білімін жан-жақты игеруге ықпал етеді. Бүгінде латын графикасын енгізу түркі тілдес халықтардың салт-дәстүрі, мәдениеті, әдебиетін  жақындастыруға, ортақ мәдениет пен ұстанымдарды қайта жандандыруға септігін тигізеді. Бұл болашақта гуманитарлық салалардың ғылыми методологиялық негізін айқындап, бірегей мәдени кеңістікті дамытуға жол ашады.

Латын графикасын  енгізу – еліміздің білімді, дарынды жастарының қатарының көбеюіне, әлем елдерінің жастарымен иық тірестіре отырып кемелденуіне себепші болады.

Сонымен қатар латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің замананауи технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне тез енуіне жол ашып, түбі бір түркі дүниесімен рухани, мәдени, әдеби, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты күшейтіп жаңа қырынан тануға, қоғамның ғаламдық коммуникацияға еркін енуіне көмектеседі.

Ұлттық тілімізді жаңғырту арқылы сан мыңдаған жылдар бойы өзге елдердің мұрағаттарында жатқан тарихи жазба нұсқасындағы жауһар жәдігерлерімізді зерттеуге мүмкіндік туып, оны сандық жүйеге өтуін қамтамасыз ете аламыз. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңмен көше отырып,  еліміздің әлемдегі кез келген мемлекетпен бәсекелестікке қабілеттілігі де артады.

Ұлт тағдырына, тіл болашағына қатысты мәселеде қателесуге болмайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан әліпби реформасына қатысты: «Бұл мәселеде асығыстыққа жол берілмейді. Жаңа әліпбиді енгізудің барлық аспектілерін мұқият тексеру,  жан-жақты талдау және пысықтау қажет» деп атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен республика көлемінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасы бойынша ашық талқылау шарасы өткені баршаға аян.  Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының  ұйымдастыруымен жаңа әліпби нұсқаларын ашық талқылау шарасы өткізілді. Шараға өңірдегі ЖОО ғалымдары мен тіл мамандары (жоғары, орта мектеп ұстаздары), тілшілер, аудармашылар, оқытушылар қатысты. Ұсынылып отырған  үш әліпбидің жобасы таныстырылып,  қазақ тіліне тән артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталып, ғалымдар  ғылыми тұрғыдан пікірлерін  білдірді.

Талқылау барысында қатысушылар әліпби құрамы мен жекелеген әріптерге қатысты өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қандай жазу түрін алсақ та, тілді өміршең ететін, тілді сақтайтын  тілдің төл дыбыстарын таңбалайтын әріптерден құралған ұлттық әліпби болғаны дұрыс.

Пайдаланылған әдебиеттер :

  1. Н. Назарбаев. Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру. Егемен Қазақстан, 2017ж. 12 сәуір, 1-2-3б.
  2. Латын әліпбиіне көшу: ғылыми- тәжірибелік негіздер : даму процесі және басты мәселелер.- Астана, 2018ж

Лайла Абилмажинова,

филология магистрі,

Ләззат Қайдарова,

Шығыс Қазақстан лингвистикалық

орталығының оқытушылары.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529