Кредиті бар xалықты басқару оңай
Шекспирдің Гамлетін “to be or not to be” сұрағы мазаласа, отбасы болғалы мені ипотека алу керек пе, әлде жоқ па сұрағы мазалайды.
Себебі меніңше ипотека "приключение" іздеп тұратын жеріңді 25 жылға қыстыртатын, бостандығың мен қалауыңды шектейтін инструмент секілді. Өйткені 25 жылға ипотека алған азамат 25 жыл бойы ай сайын тұрақты табыс табуы керек. Бір қателік жасап жұмыстан шығып кетсең немесе қуып шықса ол үлкен трагедия. 25 жыл бойы тыныштық пен тұрақтылықты тілеп, өзгерістен қорқып отырасың. Кейбір кездескен қиыншылықтар уайым мен депрессияға салып денсаулығыңа зиян келтіреді. Өзіңді толық тәуелсіз сезінбейсін.
Қарап отырсаңыздар кредиті бар xалықты басқару оңай. Сондықтан кредит беруді кейбір мемлекеттер саяси инструмент ретінде де пайдаланады. Осы ой ипотека алмай үй жалдап тәуелсіз жүре бергенің дұрыс дейді.
Жасұлан Көшебаевтың әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz